Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2017 жылға арналған квотаны белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 898 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 67, 456-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 479 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 898 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2017 жылға арналған квота
Р/с № | Экономикалық қызмет түрі | жұмыс күшіне шаққанда % |
1 | Құрылыс | 0,2819% |
2 | Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру | 0,0452% |
3 | Өңдеу өнеркәсібі | 0,0390% |
4 | Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау | 0,0020% |
5 | Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау | 0,0011% |
6 | Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 0,0324% |
7 | Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдарды жөндеу | 0,0263% |
8 | Көлік және қоймаға жинау | 0,0085% |
9 | Тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер | 0,0155% |
10 | Ақпарат және байланыс | 0,0043% |
11 | Қаржы және сақтандыру қызметі | 0,0037% |
12 | Жылжымайтын мүлікпен орындалатын операциялар | 0,0011% |
13 | Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 0,0271% |
14 | Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 0,0581% |
15 | Білім беру | 0,0065% |
16 | Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер | 0,0041% |
17 | Өнер, ойын-сауық және демалыс | 0,0018% |
18 | Өзге де қызмет түрлерін ұсыну | 0,0440% |
19 | Эксаумақтық ұйымдардың және органдардың қызметі | 0,0023% |
Жиыны | 0,6% |