Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2017 жылға арналған квотаны белгілеу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 898 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2017 жылға арналған квота жұмыс күшінің санына шаққанда пайыздық қатынаста мынадай:

      1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлері бойынша;

      2) еңбекші иммигранттарды тартуға 4,2 % мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев




  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2016 жылғы 29 желтоқсандағы
  № 898 қаулысына
  қосымша

Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2017 жылға арналған квота

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 10.08.2017 № 479 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

Р/с №

Экономикалық қызмет түрі

жұмыс күшіне шаққанда %


1

Құрылыс

0,2819%

2

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру

0,0452%

3

Өңдеу өнеркәсібі

0,0390%

4

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау

0,0020%

5

Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау

0,0011%

6

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

0,0324%

7

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдарды жөндеу

0,0263%

8

Көлік және қоймаға жинау

0,0085%

9

Тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер

0,0155%

10

Ақпарат және байланыс

0,0043%

11

Қаржы және сақтандыру қызметі

0,0037%

12

Жылжымайтын мүлікпен орындалатын операциялар

0,0011%

13

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

0,0271%

14

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

0,0581%

15

Білім беру

0,0065%

16

Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

0,0041%

17

Өнер, ойын-сауық және демалыс

0,0018%

18

Өзге де қызмет түрлерін ұсыну

0,0440%

19

Эксаумақтық ұйымдардың және органдардың қызметі

0,0023%


Жиыны

0,6%


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады