1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Valsera Holdings B.V." компаниясына "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы "ПетроКазахстан Ойл Продактс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тартатын кредит желісі бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге "ПетроКазахстан Ойл Продактс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі 99,43 % қатысу үлесіне үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу жөніндегі мәмілені жасауға рұқсат берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |