"Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 508 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

"Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 418-құжат; 2007 ж., № 24, 267-құжат; № 42, 476-құжат; 2008 ж., № 42, 464-құжат; 2009 ж., № 33, 307-құжат; 2010 ж., № 39, 335-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат; 2014 ж., № 4, 29-құжат; № 32, 282-құжат; № 75, 666-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының тауар өндірушілері мен экспорттаушылар одағы" республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы" (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының тауар өндірушілері мен экспорттаушылар одағы" республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті" (келісім бойынша)";

      "Қазақстан тағам және қайта өңдеу өнеркәсібінің тауар өндірушілер одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстанның тағам кәсіпорындары одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)";

      "Тұтынушылардың ұлттық лигасы" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан құс шаруашылығы одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

      "Қазақстанның картоп өсірушілері мен көкөніс өсірушілері қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс өткізу және лауреат атағын беру ережелері осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсын өткізу және дипломант атағын беру ережелері осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай мазмұндағы 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7) әлеуетті қатысушылар үшін конкурстар өлшемшарттары бойынша оқыту семинарларын және вебинарларын өткізу арқылы оқытуды ұйымдастыру;

      8) сарапшылар тізілімін жүргізу;

      9) конкурстарды ақпараттық сүйемелдеу, әлеуметтік желілерде сапа идеясын дәріптеу, ақпаратты жылжыту.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Конкурстардың жеңімпаздарына конкурстардың эмблемаларын және дипломдарын беру салтанатты жағдайда жүзеге асырылады. Конкурс жеңімпаздарына конкурстардың эмблемаларын және дипломдарын тапсыру күні және орны Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша айқындалады.

      Конкурстық материалдарда қамтылған және жергілікті жерлерде сараптама барысында алынған ақпарат құпия болып табылады және оны жазбаша келісімсіз, конкурсқа қатысушыны бағалаудан басқа, өзге де мақсаттарда пайдаланылмайды.".

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.

      3. Осы Жарлық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

      Астана, Ақорда, 2017 жыл №

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы
№ Жарлығына
1-қосымша
 
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы 9 қазандағы
№ 194 Жарлығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс өткiзу және лауреат атағын беру ережесi

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығы (бұдан әрi – сыйлық) ұйымның өнiмнiң және/немесе көрсетілетін қызметтердiң сапасы, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында елеулі нәтижелерге қол жеткiзгенi үшiн, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың тиiмдiлiгi жоғары әдiстерiн енгiзгенi үшiн конкурстық негiзде жыл сайын берiледi.

      Сыйлық лауреат атағына ие болған конкурстқа қатысушыларға сыйлықты, конкурстың эмблемасын, лауреаттар дипломдарын және ақшалай сыйақыны берудi көздейді.

      Ақшалай сыйақы мөлшері 450 (төрт жүз елу) айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) осы Ережелердің 5-тармағында көзделген төрт номинациядағы үш санат бойынша жыл сайын сыйлықтар береді.

      Сыйлық лауреаты атағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурстың (бұдан әрi – конкурс) жеңiмпаздарына Комиссия шешiмiнiң негiзiнде берiледi.

      3. Сыйлық алуға арналған конкурсты ұйымдастыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат есебiнен және оның шегiнде жүзеге асырылады.

      4. Сыйлық алуға Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда), қызметтер көрсетумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (бұдан әрі – конкурсқа қатысушылар) үміткер бола алады.

      Мемлекеттің қатысу үлесі 50 %-дан асатын ұйымдар, сондай-ақ өздеріне қатысты белгіленген тәртіппен оңалту және банкроттық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рәсімдерді жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

      Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құқық бұзушылықтары бар ұйымдарға Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы лауреаты атағын беруге жол берілмейді.

      5. Конкурсқа қатысушылар Комиссияға кемiнде үш жыл iшiнде шығарылатын өнiмнiң немесе көрсетiлетiн қызметтiң жоғары сапасын растауға тиiс.

      Ұйымдар конкурсқа мынадай:

      1) "Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын";

      2) "Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын";

      3) "Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын";

      4) "Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін үздік кәсіпорын" номинациялары бойынша қатысады.

      Әр номинация бойынша мынадай:

      1) шағын кәсіпкерлік субъектісі;

      2) орта кәсіпкерлік субъектісі;

      3) ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша үш сыйлық беріледі.

      Конкурста "Үздік индустриялық жоба", "Үздік инновациялық жоба" арнайы сыйлықтары тағайындалады.

      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сыйлық алуға арналған конкурсты ұйымдастырушы (бұдан әрi – конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады.

      7. Сыйлықты алуға оны белгілі бір номинацияда алғаннан кейін төрт жыл бойы қайта ұсынуға жол берілмейді.

      8. Конкурсты ұйымдастырушы жыл сайын ағымдағы жылдың ақпан айында осы конкурсты өткiзу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлайды.

      9. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген конкурсқа қатысушылар Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелерiне сәйкес материалдарды ресiмдейдi және конкурсты ұйымдастырушыға бередi.

      10. Конкурс төрт кезеңмен өткізіледі:

      1) бірінші кезеңде конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтініштер қабылдау және материалдарды алдын ала бағалауды жүзеге асырады;

      2) екінші кезеңде конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысушылардың материалдарын және осы материалдарға алдын ала қорытындыны Комиссияның қарауына ұсынады. Комиссия конкурстың үшінші кезеңіне қатысуы үшін конкурс финалистерін (әр номинацияда үштен артық емес) анықтайды;

      3) үшінші кезеңде кәсіпорындарға барып финалистерді бағалау жүргізіледі;

      4) төртінші кезеңде конкурсты ұйымдастырушы әр номинацияда үш финалистен жергілікті жерде өткізілген материалдарды сарапшылық бағалау және сараптама нәтижелерімен бірге конкурс финалистерінің материалдарын Комиссияның қарауына ұсынады.

      Комиссия ұсынылған материалдардың негiзiнде конкурсқа қатысушыларға сыйлық лауреаттары атақтарын беру туралы шешiм қабылдайды.

      11. Сыйлық лауреаты атағына ие болған конкурсқа қатысушыларға тиістi диплом, конкурстың эмблемасы және ақшалай сыйақы табыс етіледі.

      12. Конкурс жеңiмпаздарын марапаттау рәсiмi жыл сайын салтанатты түрде өткiзiледi. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу күні мен орны Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша анықталады.

      13. Сыйлық лауреаты атағына ие болған конкурсқа қатысушылардың тiзiмi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      14. Сыйлық лауреаты атағына ие болған конкурсқа қатысушылар сыйлық берілгеннен кейін төрт жыл бойы сыйлық эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.

  Қазақстан Республикасы
  Президентінің
  2017 жылғы
№ Жарлығына
2-қосымша
 
  Қазақстан Республикасы
  Президентінің
  2006 жылғы 9 қазандағы
  № 194 Жарлығымен
  бекітілген

"Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсын өткізу және дипломант атағын беру ережелері

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсын (бұдан әрі – конкурс) ұйымдастырушы (бұдан әрі – конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың кәсіпкерлер палаталары "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік көрме-конкурстарын ұйымдастырушылар (бұдан әрі – өңірлік конкурстарды ұйымдастырушылар) болып табылады. Конкурсты ұйымдастыру тиiстi қаржы жылына республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат есебiнен және оның шегiнде жүзеге асырылады. "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік көрме-конкурстарды ұйымдастыру облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астана әкімдіктерінің жергілікті бюджеттері қаражаттары есебінен және шегінде жүзеге асырылады.

      2. Конкурстың негізгі мақсаттары:

      1) жеке және заңды тұлғалардың отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған қызметін жандандыру;

      2) Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесу;

      3) отандық және халықаралық стандарттар негізінде сапаны басқару мен қамтамасыз етудің заманауи әдістерін кеңінен енгізуге алғышарттар жасау және оған жәрдемдесу;

      4) сапа проблемаларын шешу қажеттілігіне өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару;

      5) халық арасында сапа идеясын дәріптеу болып табылады.

      3. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы аумағында өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларын және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді өндіруді жүзеге асыратын;

      2) өнім сапасының тұрақты жоғары деңгейін және оны жүйелі түрде жақсартуды қамтамасыз ету жөнінде конкурсты ұйымдастырушы растаған оң нәтижелері бар дара кәсіпкер немесе заңды тұлға конкурсқа қатысушы бола алады.

      4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген заңды тұлға немесе дара кәсіпкер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережелеріне сәйкес материалдарды ресімдейді және конкурсты ұйымдастырушыға береді.

      5. Конкурс мынадай үш номинация бойынша жүргізіледі:

      1) "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар";

      2) "Халық тұтынатын үздік тауарлар";

      3) "Үздік азық-түлік тауарлары".

      Әр номинацияда үш жеңімпаз айқындалады.

      6. Конкурс Комиссия шешімімен бекітілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізіледі және төрт кезеңмен жүзеге асырылады:

      1) бірінші кезеңде конкурсқа қатысуға өтініштер қабылдау, материалдар мен өнімдерді сараптамалық бағалау жүзеге асырылады және 9 жеңімпаз айқындалады;

      Өңірлік конкурстарды ұйымдастырушылар конкурсты ұйымдастырушыға өңірлік конкурс жеңімпаздарының қажетті құжаттарын жібереді.

      Өңірлік конкурстардың жеңімпаздары республикалық конкурсқа қатысады.

      2) екінші кезеңде материалдар мен өнімдерді сараптамалық бағалау республикалық деңгейде жүзеге асырылады және үш номинация бойынша
27 финалист анықталады;

      3) үшінші кезеңде 27 финалист онлайн дауыс беруге қатысады.

      4) төртінші кезеңде конкурсты ұйымдастырушы алдын ала қорытындылары және онлайн дауыс беру нәтижелерімен бірге 27 финалстің материалдарын Комиссияның қарауына ұсынады (әр номинацияда үш финалистен).

      Комиссия ұсынылған материалдар негізінде 9 конкурсқа қатысушыға "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы дипломанты атағын беру туралы шешім қабылдайды (бұдан әрі – конкурс дипломанттары).

      Алдын ала сараптаманың қорытындысы бойынша балдар тепе-тең түскен жағдайда, жеңімпаз онлайн дауыс беру арқылы анықталады.

      7. Конкурс дипломанттары "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының эмблемасы және дипломдарымен марапатталады.

      8. Конкурс дипломанттарының тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      9. Конкурс дипломанттары конкурстың эмблемасын жарнамалық мақсатта төрт жыл бойы пайдалану құқығына ие болады.

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 9 октября 2006 года № 194 "О конкурсе на соискание премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и республиканском конкурсе-выставке "Лучший товар Казахстана"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 августа 2017 года № 508

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 9 октября 2006 года № 194 "О конкурсе на соискание премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и республиканском конкурсе-выставке "Лучший товар Казахстана".

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента
Республики Казахстан от 9 октября 2006 года № 194 "О конкурсе на соискание премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа"
и республиканском конкурсе-выставке "Лучший товар Казахстана"

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 9 октября 2006 года № 194 "О конкурсе на соискание премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и республиканском конкурсе-выставке "Лучший товар Казахстана" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 38, ст. 418; 2007 г., № 24, ст. 267; № 42, ст. 476; 2008 г., № 42, ст. 464; 2009 г., № 33, ст. 307; 2010 г., № 39, ст. 335; 2012 г., № 10, ст. 189; № 36, ст. 476; 2013 г., № 22, ст. 351; 2014 г., № 4, ст. 29; № 32, ст. 282; № 75, ст. 666) следующие изменения и дополнения:

      в составе Комиссии по присуждению званий лауреатов премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и званий дипломантов республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана", образованной вышеназванным Указом:

      строку "председатель республиканского объединения юридических лиц "Союз товаропроизводителей и экспортеров Республики Казахстан" (по согласованию)" изложить в следующей редакции:

      "вице-президент республиканского объединения юридических лиц "Союз товаропроизводителей и экспортеров Казахстана" (по согласованию)";

      строку "президент объединения юридических лиц "Союз товаропроизводителей пищевой и перерабатывающей промышленности Казахстана" (по согласованию)" изложить в следующей редакции:

      "президент объединения юридических лиц "Союз пищевых предприятий Казахстана" (по согласованию)";

      после строки "президент Республиканского общественного объединения "Национальная лига потребителей" (по согласованию) дополнить строками следующего содержания:

      "президент объединения юридических лиц "Союз птицеводов Казахстана" (по согласованию)

      председатель объединения юридических лиц "Ассоциация картофелеводов и овощеводов Казахстана" (по согласованию)";

      Правила проведения конкурса на соискание премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и присуждения званий лауреатов, утвержденные вышеназванным Указом, изложить в новой редакции согласно приложению 1 к настоящему Указу;

      Правила проведения республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана" и присуждения званий дипломантов, утвержденные вышеназванным Указом, изложить в новой редакции согласно приложению 2 к настоящему Указу;

      в Положении о Комиссии по присуждению званий лауреатов премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и званий дипломантов республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана", утвержденном вышеназванным Указом:

      пункт 8 дополнить подпунктами 7), 8) и 9) следующего содержания:

      "7) организация обучения по критериям конкурсов для потенциальных участников путем проведения обучающих семинаров и вебинаров;

      8) ведение реестра экспертов;

      9) информационное сопровождение конкурсов, популяризация идеи качества, продвижение информации о конкурсах в социальных сетях.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Вручение эмблем конкурсов и дипломов победителям конкурсов осуществляется в торжественной обстановке. Дата и место вручения эмблем конкурсов и дипломов победителям конкурсов определяются по согласованию с Администрацией Президента Республики Казахстан.

      Информация, содержащаяся в конкурсных материалах и полученная в ходе экспертизы на местах, является конфиденциальной и не может быть использована в иных целях, кроме оценки конкурсанта, без его письменного согласия.".

      2. Правительству Республики Казахстан принять меры по реализации настоящего Указа.

      3. Настоящий Указ вводится в действие с 1 января 2018 года и подлежит официальному опубликованию.

      Президент
Республики Казахстан
Н.Назарбаев

  Приложение 1
к Указу Президента
Республики Казахстан
от " " 2017 года №
  Утверждены
Указом Президента
Республики Казахстан
от 9 октября 2006 года № 194

Правила проведения конкурса на соискание премии
Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и присуждения званий лауреатов

      1. Премия Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" (далее – премия) присуждается ежегодно на конкурсной основе за достижение организацией значительных результатов в области качества продукции и/или услуг, обеспечения их безопасности, а также за внедрение организацией высокоэффективных методов управления качеством.

      Премия предусматривает вручение участникам конкурса, удостоенным званий лауреатов премии, эмблемы конкурса, дипломов лауреатов и денежного вознаграждения.

      Размер денежного вознаграждения составляет 450 (четыреста пятьдесят) месячных расчетных показателей.

      2. Комиссией по присуждению званий лауреатов премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и званий дипломантов республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана" (далее – Комиссия) ежегодно присуждаются премии по трем категориям в четырех номинациях, предусмотренных пунктом 5 настоящих Правил.

      Звание лауреата премии присуждается победителям конкурса на соискание премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" (далее – конкурс) на основании решения Комиссии.

      3. Организация конкурса на соискание премии осуществляется за счет и в пределах средств, предусмотренных на эти цели в республиканском бюджете на соответствующий финансовый год.

      4. На соискание премии могут претендовать индивидуальные предприниматели и юридические лица, занимающиеся производством товаров, оказанием услуг (за исключением производства вооружений и военной техники) на территории Республики Казахстан (далее – участники конкурса).

      Не допускаются к участию в конкурсе организации, в которых доля участия государства составляет более 50 %, а также организации, в отношении которых в установленном порядке приняты решения об осуществлении процедур, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о реабилитации и банкротстве.

      Не допускается присуждение званий лауреатов премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" организациям, имеющим правонарушения, предусмотренные законодательством Республики Казахстан об административных правонарушениях.

      5. Участники конкурса должны подтвердить Комиссии высокое качество выпускаемой продукции или оказываемой услуги за период не менее трех лет.

      Организации участвуют в конкурсе по следующим номинациям:

      1) "Лучшее предприятие производственного назначения";

      2) "Лучшее предприятие, выпускающее товары для населения";

      3) "Лучшее предприятие, оказывающее услуги";

      4) "Лучшее предприятие, выпускающее продовольственные товары и/или сельскохозяйственную продукцию".

      По каждой номинации вручаются три премии по следующим категориям:

      1) субъект малого предпринимательства;

      2) субъект среднего предпринимательства;

      3) субъект крупного предпринимательства.

      В конкурсе учреждаются специальные премии "Лучший индустриальный проект", "Лучший инновационный проект".

      6. Организатором конкурса на соискание премии является Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан (далее – организатор конкурса).

      7. Не допускается повторное выдвижение на соискание премии в течение четырех лет после ее получения в определенной номинации.

      8. Организатор конкурса ежегодно в феврале месяце текущего года объявляет в средствах массовой информации о проведении данного конкурса.

      9. Участники конкурса, желающие участвовать в конкурсе, оформляют и подают материалы организатору конкурса в соответствии с Правилами оформления, представления и предварительной оценки материалов участников конкурса на соискание премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа", утверждаемыми Правительством Республики Казахстан.

      10. Конкурс проводится в четыре этапа:

      1) на первом этапе организатором конкурса осуществляются прием заявок на участие в конкурсе и предварительная оценка материалов;

      2) на втором этапе организатор конкурса представляет на рассмотрение Комиссии материалы участников конкурса и предварительное заключение по этим материалам. Комиссия определяет финалистов конкурса для участия в третьем этапе конкурса (не более трех в каждой номинации);

      3) на третьем этапе проводится оценка финалистов с выездом на предприятия;

      4) на четвертом этапе организатор конкурса представляет на рассмотрение Комиссии материалы финалистов конкурса с результатами экспертной оценки материалов и экспертизы на местах по три финалиста в каждой номинации.

      Комиссия на основании представленных материалов принимает решение о присуждении участникам конкурса званий лауреатов премии.

      11. Участникам конкурса, удостоенным званий лауреатов премии, вручаются соответствующий диплом, эмблема конкурса и денежное вознаграждение.

      12. Церемония награждения победителей конкурса проводится ежегодно в торжественной обстановке. Дата и место проведения церемонии награждения победителей конкурса определяются по согласованию с Администрацией Президента Республики Казахстан.

      13. Список участников конкурса, удостоенных званий лауреатов премии, публикуется в средствах массовой информации.

      14. Участники конкурса, удостоенные званий лауреатов премии, получают право использования эмблемы премии в рекламных целях в течение четырех лет после присуждения премии.

  Приложение 2
к Указу Президента
Республики Казахстан
от " " 2017 года №
  Утверждены
Указом Президента
Республики Казахстан
от 9 октября 2006 года № 194

Правила проведения республиканского конкурса–выставки
"Лучший товар Казахстана" и присуждения званий дипломантов

      1. Организатором республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана" (далее – конкурс) является Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан (далее – организатор конкурса), организаторами региональных конкурсов-выставок "Лучший товар Казахстана" являются палаты предпринимателей областей, города республиканского значения и столицы (далее – организаторы региональных конкурсов). Организация конкурса осуществляется за счет и в пределах средств, предусмотренных на эти цели в республиканском бюджете на соответствующий финансовый год. Организация региональных конкурсов-выставок "Лучший товар Казахстана" осуществляется за счет и в пределах средств местных бюджетов акиматов областей, города республиканского значения и столицы.

      2. Основными целями конкурса являются:

      1) активизация деятельности физических и юридических лиц, направленной на повышение качества отечественной продукции;

      2) содействие насыщению рынка Казахстана высококачественной и конкурентоспособной продукцией;

      3) создание предпосылок и содействие широкому внедрению современных методов управления и обеспечения качества на основе отечественных и международных стандартов;

      4) привлечение внимания промышленных, коммерческих и общественных организаций к необходимости решения проблем качества;

      5) популяризация идеи качества среди населения.

      3. Участником конкурса может быть индивидуальный предприниматель или юридическое лицо, которые:

      1) осуществляют производство на территории Республики Казахстан промышленных, продовольственных товаров и продукции производственно-технического назначения;

      2) имеют положительные результаты по обеспечению стабильного высокого уровня качества продукции и систематического его улучшения, подтвержденные организатором конкурса.

      4. Юридическое лицо или индивидуальный предприниматель, желающие участвовать в конкурсе, оформляют и подают материалы организатору конкурса в соответствии с Правилами оформления, представления и предварительной экспертной оценки материалов и продукции, представляемых на региональный и республиканский конкурсы-выставки "Лучший товар Казахстана", утверждаемыми Правительством Республики Казахстан.

      5. Конкурс проводится по трем номинациям:

      1) "Лучшие товары производственного назначения";

      2) "Лучшие товары для населения";

      3) "Лучшие продовольственные товары".

      В каждой номинации определяются по три победителя.

      6. Конкурс проводится в соответствии с планом мероприятий, утверждаемым решением Комиссии, и осуществляется в четыре этапа:

      1) на первом этапе, на региональном уровне осуществляются прием заявок на участие в конкурсе, экспертная оценка материалов и продукции и определяются 9 победителей;

      Организаторы региональных конкурсов направляют организатору конкурса необходимые документы победителей региональных конкурсов.

      Победители региональных конкурсов участвуют в республиканском конкурсе.

      2) на втором этапе экспертная оценка материалов и продукции осуществляется на республиканском уровне и определяются 27 финалистов по трем номинациям;

      3) на третьем этапе 27 финалистов участвуют в онлайн-голосовании;

      4) на четвертом этапе организатор конкурса представляет на рассмотрение Комиссии материалы 27 финалистов с предварительными заключениями и результатами онлайн-голосования (по три финалиста в каждой номинации).

      Комиссия на основании представленных материалов принимает решение о присуждении 9 участникам конкурса званий дипломантов республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана" (далее – дипломанты конкурса).

      В случае равенства баллов по итогам предварительного заключения, победитель определяется по итогам онлайн-голосования.

      7. Дипломанты конкурса награждаются эмблемой и дипломами республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана".

      8. Список дипломантов конкурса публикуется в средствах массовой информации.

      9. Дипломанты конкурса получают право в течение четырех лет использовать эмблему конкурса в рекламных целях.