Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b)) № 2 түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы келісім-хатқа қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b)) № 2 түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы келісім-хатқа қол қою туралы
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b)) № 2 түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы келісім-хаттың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b)) № 2 түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы келісім-хатқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы № Жарлығымен МАҚҰЛДАНҒАН |
|
Жоба |
Қаржы министрі
Сұлтанов Бақыт мырзаға
Қаржы министрлігі
Астана
Қазақстан
Құрметті Сұлтанов мырза:
Қазақстан Республикасы
"Оңтүстік-Батыс" автомобиль жолдарын дамыту жобасы:
"Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізі
(ОАӨЭЫ 1b және 6b)
Қарыз № 7681-KZ
Қарыз туралы келісімге № 2 түзетуге қатысты
Біз жоғарыда аталған 2009 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы (бұдан әрі – Қарыз алушы) мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (бұдан әрі – Банк) арасындағы Қарыз туралы енгізілген түзетулері бар келісімге (бұдан әрі – Қарыз туралы келісім) сілтеме жасаймыз. Біз Қарыз алушының Қаржы министрлігінің 2017 жылғы 10 ақпандағы Жобаны қайта құрылымдау сұранысы және ұсынылатын қайта құрылымдаумен байланысты Қарыз туралы келісімге белгілі бір түзетулер енгізу туралы хатына да сілтеме жасаймыз.
Тиісінше қарағаннан кейін Қарыз туралы келісімге Банк мынадай түзетулер енгізуді ұсынатынын Сізге хабарлауға қуаныштымыз:
1. Қарыз туралы келісімнің 1-қосымшасының 5-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5-бөлік: Құрылыс жұмыстарын қадағалау
Жобаның 1-бөлігі, 2-бөлігі және 6-бөлігі бойынша құрылыс жұмыстарын қадағалау жөніндегі консультациялық қызметтерді ұсыну."
2. Қарыз туралы келісімнің 1-қосымшасына жаңа 6-бөлік қосылды:
"6-бөлік: Алматы облысының шегінде жол учаскелерін жаңғырту мен реконструкциялау
Қолдау көрсету үшін жасалатын жұмыстар:
(i) Алматы облысының шегінде жол учаскелерін,оның ішінде: (а) Күрті – Тоғыз учаскесін; (b) Ұзынағаш – Отар учаскесін жаңғырту мен реконструкциялау;
(ii) (а) жол қауіпсіздігін; (b) жолбойы сервисін; және (с) жолдарды күтіп ұстау мен пайдалануды жақсарту."
3. Қарыз туралы келісімнің 2-қосымшасының І.А.1 параграфы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қарыз алушы ИДМ арқылы ЖБК көмегімен Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқауда, ЖБСҚІ бойынша іс-шаралар жоспарында, Қоныс аудару саясаты негізінде, ҚОӘБ және ҚОӘСӘБ жазылған талаптарға, өлшемшарттарға, ұйымдастырушылық тетіктерге және операциялық рәсімдерге сәйкес Жобаны іске асырады, сондай-ақ Банктің алдын ала мақұлдауынсыз Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқаудың, ЖБСҚІ бойынша іс-шаралар жоспарының, Қоныс аудару саясаты негіздерінің, ҚОӘБ және ҚОӘСӘБ функцияларын орындауды тапсырмайтын, өзгерістер енгізбейтін, күшін жоймайтын немесе оларды іске асыру талаптарынан бас тартпайтын болады."
4. Қарыз туралы келісімнің 2-қосымшасының І.А.3 параграфы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қарыз алушы ИДМ арқылы:
(а) Жоба бойынша кез келген жұмыс басталғанға дейін ҚОӘБ және ҚОӘСӘБ сәйкес Банк үшін қанағаттанарлық Қоршаған ортаны басқару жоспарларын дайындайды;
(b) Қоршаған ортаны басқарудың тиісті жоспарларына сәйкес Жобаны іске асырады;
(с) Жобаны іске асыру барысында материалдық мәдени ресурстар табылған жағдайларда, Кездейсоқ олжа рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Қарыз алушы Кездейсоқ олжа рәсімдері ережелерінің құрылыс жұмыстарына арналған келісімшарттарға енгізілуін және осы ережелердің жобаны іске асыру барысында қолданылуында қамтамасыз етеді; және
(d) Банктің алдын ала мақұлдауынсыз Қоршаған ортаны басқарудың тиісті жоспарларының қандай да болмасын ережелеріне түзетулер енгізбейтін, тоқтата тұрмайтын немесе күшін жоймайтын болады."
5. Қарыз туралы келісімнің 2-қосымшасы ІV.А.2 параграфының кестесі мынадай редакцияда жазылсын:
| Қарыз қаражатының бөлінген сомасы (АҚШ долларында) | Қаржыландырылатын шығыстардың пайызы (салықтарды қоса алғанда) |
(1) Жобаның 1-бөлігі бойынша жұмыстар | 1,085,300,000 | 85% |
(2) Жобаның 2-бөлігі бойынша жұмыстар | 700,000,000 | 85% |
(3) Жобаның 3-бөлігі бойынша консультанттар көрсететін қызметтер | 8,200,000 | 85% |
(4) Жобаның 4-бөлігі бойынша консультанттар көрсететін қызметтер | 3,000,000 | 85% |
(5) Жобаның 5-бөлігі бойынша консультанттар көрсететін қызметтер | 55,500,000 | 85% |
(6) Жобаның 4-бөлігі бойынша тауарлар | 1,000,000 | 85% |
(7) Бөлінбеген шығыстар | 0 | |
(8) Жобаның 6-бөлігі бойынша жұмыстар | 272,000,000 | 85% |
ЖАЛПЫ СОМАСЫ | ,125,000,000 |
6. Қарыз туралы келісімнің 2-қосымшасының IV.В.2 параграфы мынадай редакцияда жазылсын (өзгерістер курсивпен бөліп көрсетілген):
"2. Жобаның жабылу күні - 2021 жылғы 31 желтоқсан".
7. Қарыз туралы келісімнің Қосымшасына I.3 және I.6 екі жаңа параграф қосылды және тиісінше келесі тармақтар қайта нөмірленді:
"3. "Кездейсоқ олжа рәсімдері" жобаны іске асыру барысында материалдық мәдени ресурстар табылған жағдайларда сақталуға тиіс, учаскедегі қызметтерді уақытша тоқтата тұруды және мәдени құндылықтарға жауапты мемлекеттік органға есептілік ұсынуды қоса алғанда, Қарыз алушының қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тиісті шараларды қабылдауын талап ететін рәсімдерді білдіреді."
"6. "Қоршаған ортаға және әлеуметтік салаға әсерді бағалау" немесе "ҚОӘСӘБ" Қарыз алушы 2017 жылғы 31 наурызда дайындаған және ашып көрсеткен және Банк үшін қанағаттанарлық қоршаған ортаға және әлеуметтік салаға әсерді бағалау жөніндегі қорытынды есептерді білдіреді, онда одан басқа: (і) Жобаның 6-бөлігі бойынша іс-шаралар жүргізілетін объектілердің егжей-тегжейлі сипаттамасы, (іі) жоғарыдағы (і) тармақта көрсетілген іс-шаралардың ықтимал және нақты келеңсіз экологиялық салдарлары; және (ііі) Жобаның келеңсіз экологиялық салдарларын жеңілдету, жою немесе өзгедей түрде өтеу мақсатында Жобаны іске асыру және пайдалану барысында қабылданатын нақты объектілер бойынша ӘЭБЖ шараларын айқындау қамтылады."
8. Қарыз туралы келісім Қосымшасының I.8 параграфы (бұрынғы I.6 параграф) мынадай редакцияда жазылсын:
"8. "Әлеуметтік-экологиялық басқару жоспарлары" немесе "ӘЭБЖ" Жоба бойынша Қарыз алушы орындайтын жұмыстарға қатысты ҚОӘСӘБ-ға және осы Келісімнің 2-қосымшасының І.А бөлімінің 3-тармағына сәйкес Қарыз алушы қабылдаған және Банк үшін қанағаттанарлық нақты объектілер бойынша құжаттарды білдіреді, оларда атап айтқанда: Қарыз алушының заңнамасына сәйкес әзірленген (i) тиісінше орындалуын және олардың сақталуы жөнінде жүйелі ақпараттың түсуін қамтамасыз етуге қабілетті, баламалы институционалдық тетіктермен, мониторинг және есептілік тетіктерімен қатар, ықтимал экологиялық тәуекелдерді басқару жөніндегі толық шаралар және Жобаның іс-шараларын іске асыруға байланысты көрсетілген, қоршаған ортаға теріс әсерді жеңілдету, төмендету және/немесе өтеу бойынша шаралар; (ii) табиғи мекендеу ортасына ықтималәсерлер және Жоба бойынша жұмыстар кезінде мердігерлер үшін зардаптарды жеңілдету бойынша тиісті шаралар; (iii) материалдық мәдени ресурстар және басқару жоспарлары айқындалған, олар Банктің алдын-ала жазбаша келісімімен кезең-кезеңмен түзетілуі және толықтырылуы мүмкін; және "ӘЭБЖ" ұғымы осы сияқты құжаттардың біріне жатады."
"Қоршаған ортаны басқару жоспарлары" және "ҚОБЖ" анықтамалары "Әлеуметтік-экологиялық басқару жоспарлары" және "ӘЭБЖ"-ға ауыстырылуы тиіс және "Қоршаған ортаны басқару жоспарларына","ҚОБЖ"-ға барлық сілтемелер "Әлеуметтік-экологиялық басқару жоспарларына" және "ӘЭБЖ"-ға сілтемелер болып саналады.
9. Қарыз туралы келісім Қосымшасының I.11 параграфы (бұрынғы I.9 параграф) мынадай редакцияда жазылсын және Келісімдегі ККМ немесе Көлік және коммуникация министрлігіне барлық сілтемелер ИДМ-ге сілтемелер деп саналады:
"11. "ИДМ" Қарыз алушының Инвестициялар және даму министрлігін немесе оның құқық мирасқорын білдіреді."
10. Қарыз туралы келісім Қосымшасының I.17 параграфы (бұрынғы I.15 параграф) мынадай редакцияда жазылсын:
"17. "Қоныс аудару саясатының негізі" Қарыз алушы 2008 жылғы 1 мамырда дайындаған, бекіткен және жариялаған, Қарыз алушы (i) 2009 жылғы 18 наурызда жаңартқан және 2009 жылғы 25 наурызда және (іі) 2015 жылғы 25 маусымда және 2015 жылғы 17 қарашада Банктің Infoshop арқылы жариялаған, тиісінше нақты объектілер бойынша құнын бағалауды жүргізу тәртібін қоса алғанда, Қоныс аудару жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу кезінде қолданылатын қоныс аудару тәртібін, институционалдық тетіктерді, біліктілік өлшемшарттарын, құқықтар мен өтемақыларды, қоғамдық консультация беру және тұрғындардың қатысуы, мониторинг пен бағалау, ақпаратты ашу өлшемшарттары және Жобаның теріс әлеуметтік әсерін жеңілдету үшін барлық қажетті міндеттерді белгілейтін құжатты білдіреді."
Өздеріне қатысты осында түзетулер көзделмеген, Қарыз туралы келісімнің басқа ережелерінің барлығы өзгеріссіз қалады және толық заңды күшінде болады.
Мархабат етіңіз, осы хаттың қоса берілген көшірмесіне қол қою, күнін көрсету және бізге қайтару арқылы Қарыз алушының атынан жоғарыда көрсетілген өзгерістермен Өзіңіздің келісетініңізді растаңыз. Түзету Банк Қарыз алушының атынан осы түзетуің орындалуы мен берілуі қажетті барлық мемлекеттік рәсімдермен тиісінше шешілгенін немесе ратификацияланғанын білдіретін хабарламаны алғаннан кейін күшіне енеді.
Ізгі ниетпен,
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ
Қолы ______________________________
Лилия Бурунчук
Өңірлік директор
Орталық Азия
КЕЛІСІЛДІ:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Қолы:_________________________
Уәкілетті өкіл
Лауазымы: ____________________
Күні: ________________________
Іліспе құжат