Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 478 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұловқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің атынан қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |