2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы "Талдықорған орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекеме) жалпы алаңы 7,88 гектар жер учаскелерi су электр станциясын салу үшін орман қоры жері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер санатына ауыстырылсын.
2. "Коринская ГЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығынын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алынған сүректі көрсетілген мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөніндегі шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі |
|
№ 570 қаулысына қосымша |
Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы |
Жалпы алаңы, | оның ішінде: | ||
орман | жайылымдар | басқа жерлер | ||
"Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 7,88 | 3,38 | - | 4,5 |
Барлығы: | 7,88 | 3,38 | - | 4,5 |