Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 570 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы "Талдықорған орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекеме) жалпы алаңы 7,88 гектар жер учаскелерi су электр станциясын салу үшін орман қоры жері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер санатына ауыстырылсын.

      2. "Коринская ГЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығынын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алынған сүректі көрсетілген мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөніндегі шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 15 қыркүйектегі
  № 570 қаулысына
қосымша

Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы алаңы,
гектар

оның ішінде:

орман
көмкерген

жайылымдар

басқа жерлер

"Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

7,88

3,38

-

4,5

Барлығы:

7,88

3,38

-

4,5



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады