Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарықтарын реттеу жөніндегі шолу" жобасын іске асыру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменовке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарықтарын реттеу жөніндегі шолу" жобасын іске асыру туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы |
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарықтарын реттеу бойынша шолу" жобасын іске асыру туралы келісім
Осы жерде және бұдан әрі жеке-жеке алғанда "Тарап" немесе бірге "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы төмендегілер туралы келісті:
1-бап. Келісімнiң нысанасы
1. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы"Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарықтарын реттеу бойынша шолу" жобасын (бұдан әрі – жоба) жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жоба шеңберінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы орындайтын жұмысты қаржыландыруға келіседі.
3. Жобаның ұзақтығы– осы Келісім күшіне енген күннен бастап 12 ай.
2-бап. Бюджет және қаржыландыру тетіктері
1. Қазақстан Республикасының ҮкіметіЭкономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына жобаны іске асыруға байланысты шығыстарды өтеуге200000 (екі жүз мың) евро беруге міндеттенеді.
2. Жарна екі кезеңмен төленеді. 100000 (бір жүз мың) евро мөлшеріндегі бірінші жарна осы Келісімге қол қойылғаннан және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымынан тиісті шот-фактура алынғаннан кейін толық көлемде және 100000 (бір жүз мың) евро мөлшеріндегі екінші жарна Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымынан тиісті шот-фактураны алған кезде 2018 жылғы маусымға дейін төленеді.
3. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы бұл жарнаны қазіргі кезде жарнаның жалпы сомасынан 6,3% әкімшілік шығындар өтемін төлеуді көздейтін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының қаржылық ережелеріне және басқа тиісті қағидаларына, саясаттары мен рәсімдеріне сәйкес әкімшілендіреді. Жалпы қабылданған бухгалтерлік есеп қағидаттарына сәйкес шығыс Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының шоттарында көрсетіледі және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандартты аудит қағидаларына сәйкес аудит кезінде тексерілуі мүмкін.
3-бап. Жұмыстар мен есептіліктіңсипаттамасы
1. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы осы Келісімге қосымшада сипатталғандай, оның ажырамас бөлігі болып табылатын жобаны жүзеге асыруға жауапты болады.
2. Жобаның бірінші жылы аяқталғаннан кейін үш ай ішінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жобаның іске асырылу барысы туралы аралық есепті ұсынады.
3. Жоба аяқталғаннан кейін алты ай ішінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстан Республикасының Үкіметіне қорытынды есепті ұсынады.
4. Жобаның бірінші жылы аяқталғаннан кейін үш ай ішінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстан Республикасының Үкіметіне шығыстар туралы ақпараты бар жылдық есепті ұсынады.
5. Жоба аяқталғаннан кейін алты ай ішінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстан Республикасының Үкіметіне шығыстар бойынша түпкілікті қаржылық есепті ұсынады.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы есептілігінің стандартты форматына сәйкес шығындар туралы есепте қаржылық есептілікке қойылатын талаптар сақталатынымен келіседі.
4-бап. Ақпарат алмасу
Тараптар бір-біріне жобаны жүзеге асыру үшін қажетті көмек пен ақпаратты ұсынады.
Тараптар арасындағы кез келген ақпарат алмасу мына мекенжайларға жіберіледі:
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін: Мариям Майконова ханым, 010000, Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Министрліктер үйі, тел.: + 7 (7172) 74-30-74. E-mail: m.maikonova@economy.gov.kz;
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы үшін: Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Экономика департаменті, Алан Де Сэррес мырза, 75775, Франция, Париж Cedex 16, 2, rue Andre-Pascal. E-mail: Alain.DESERRES@oecd.org
5-бап. Жобаның нәтижелерін пайдалану
1. Жобаның кез келген нысандағы нәтижелері Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының айрықша меншігі болып қалады.
Құжаттардың жіктелуіне және жіктемеден алып тасталуына қатысты үшінші тараптардың құқықтары, сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымның қағидалары мен саясаты сақталған кезде, егер қолданылатын болса, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстан Республикасының Үкіметіне (і) коммерциялық емес мақсаттар үшін құжаттарды пайдалану, көшірмесін жасау және тарату құқығын, осы жарналармен қаржыландырылатын іс-шаралар шеңберінде дайындалған қорытынды есептің қағаз көшірмесін және (іі) өзінің веб-сайтында есептің оқуға ғана арналған нұсқасын орналастыру және тарату құқығын береді.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі орынды болған кезде үнемі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының авторлық құқығын тиісті түрде мойындайды.
3. Қорытынды есеп Қазақстан Республикасы Үкіметінің жобаға қосқан үлесін мойындауды қамтитын болады.
4. Жоба барысында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына ұсынылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып табылатын кез келген деректер немесе ақпарат Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып қалады. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымыжобаны жүзеге асыру үшін өз есебін дайындау мақсатында көрсетілген деректер мен ақпаратты пайдалануға және/немесе қосып алуға құқылы.
6-бап. Дауларды реттеу
Осы Келісімнің болуын, жарамдылығын немесе бұзылуын қоса алғанда, оны түсіндіруден, қолданудан немесе орындаудан немесе осыларға қатысты туындайтын, келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмайтын кез келген дау, келіспеушілік немесе наразылық халықаралық ұйымдар мен аралық соттың тұрақты палатасының мемлекеттері үшін осы Келісімді жасасу күніне қолданыстағы төрелік соттың факультативтік қағидаларына сәйкес міндетті күші бар соңғы төрелік талқылаумен шешіледі. Судьялар саны – біреу. Судья Тараптар арасындағы уағдаластық арқылы таңдалады. Егер төрелік талап етілгеннен кейін үш айдың ішінде мұндай уағдаластыққа қол жеткізілмесе, судья Тараптардың бірінің талабы бойынша жоғарыда көрсетілген қағидаларға сәйкес тағайындалады. Төрелік сот Парижде, Францияда өтеді және барлық іс жүргізу мен ұсынылатын түсініктемелер ағылшын тілінде болуы тиіс.
7-бап. Артықшылықтар мен иммунитеттер
Осы Келісімде ешнәрсе халықаралық ұйым ретінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымның иммунитеттері мен артықшылықтарынан бас тарту ретінде түсіндірілмеуі тиіс.
8-бап. Өзгерістер мен толықтырулар
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге жекелеген Хаттамалармен ресімделетін және оның ажырамас бөліктері болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
9-бап. Күшіне ену
Осы Келісім оған екі Тарап қол қойған күннен бастапкүшіне енеді. Ол екі Тарап та одан туындайтын барлық міндеттемелерді орындағанға дейін қолданыста болады.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтіндердің арасында сәйкессіздік болған жағдайда, ағылшын тіліндегі нұсқасы жалғыз төлнұсқа болып табылады.
Қазақстан Республикасының |
Экономикалық ынтымақтастық және Үкіметі тарапынан даму ұйымы тарапынан |
Тимур Сүлейменов |
Кристиан Кастроп |
Қазақстан Республикасының |
Саяси зерттеулер секторыЭкономика департаменті |
Қолы:_____________________ |
Қолы:______________________Күні:_______________________ |
Омар Бэйг |
|
Уақытша атқарушы директор |
|
Қолы:_____________________ |
|
Күні: _____________________ |
Қазақстан Республикасының |
Тауарлар мен қызметтер нарықтарын реттеу жөніндегі шолу
Жобаның мақсаты
1. Осы жобаның мақсаты Қазақстанның экономикасы үшін өнімділігі төмен салаларды және соған байланысты құрылымдық саяси проблемаларды анықтау үшін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының "Өсуге ұмтылу" тұжырымдамасын қолдану болып табылады. Өнімділік салалары мен саясатты қамту ішінара экономикалық индикаторлардың тиісті аспектілеріне қолжетімділік пен сенімділікке қарай анықталатын болады,
сондай-ақ тауар нарығы мен еңбек нарығын реттеу, салық салу және жұмысқа материалдық ынталандыру, білім және инновациялар, трансшекаралық сауда және инвестициялар, сондай-ақ институционалдық ерекшеліктер (мысалы, құқықтың үстемдігі, жалақы туралы келіссөздер жүргізу тетіктері) салаларындағы саяси индикаторлар көрсеткіштерінің негізінде болады.
Техникалық тапсырма
Алғышарт
2. Кірістердің нақты деңгейі мен олардың өсуін арттыру саясатының басымдықтары 2005 жылдан бастап Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде, ал соңғы кездері Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше емес елдер үшін, оның ішінде БРИКС елдері үшін, сондай-ақ қосылу процесіндегі елдер үшін "Өсуге ұмтылу" тұжырымдамасы арқылы айқындалды. Әрбір мемлекет үшін еңбек өнімділігінемесе жұмыспен қамтуды арттыру есебінен өмір сүрудің ұзақ мерзімді материалдық деңгейін арттыру қабілеттеріне негізделген стратегиялық басымдықтардың бес бағыты айқындалды және зерделенді. Басымдықтар, сондай-ақ олардың өнімділігі мен осал жақтары тұрғысынан алғандағы таңдауларын негіздеу шолубаяндамасында айтылған (ол "Өсуге ұмтылу" тұжырымдамасы жарияланымының бір бөлігі болып табылады). "Өсуге ұмтылу"тұжырымдамасында әрбір ел үшін айқындалған саясат басымдықтары жеке елдік шолуларда қысқаша сипатталған, онда қолданыстағы саяси бағытқа байланысты анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты ұсынымдар жасалған. Бірқатар елдер үшін ортақ болып табылатын басым сала ел үшін ерекше факторлар мен саяси бағыт ерекшеліктеріне байланысты бір-біріне ұқсамайтын ұсынымдар әзірлеуге алып келуі мүмкін.
Жобалау жұмысы
3. Осы техникалық тапсырма мыналарды қамтиды:
i) басымдықтарды нысаналы жүзеге асыру үшін қажеттідерекқор жасау;
ii) экономикалық өсуді ынталандыру үшін құрылымдық реформалар қажет болатынсалалардыанықтау;
iii) құрылымдық саяси проблемаларды шешу үшін нақты ұсынымдар қалыптастырумен бірге бес барынша өзекті басымдықты айқындау.
ii) тармақ басым салаларды айқындау үшін ашық талдамалық құрылымға негізделетін деректердің көптеген санын өңдеуді білдіреді.
iii) тармақтаңдалған басымдықтар реформалардың келісілген стратегияларының негізін қалыптастыратынын растау үшін экономикалық жағдайлар туралы ауқымды ақпаратты ескеретін нақты елге бағдарланған талдау жасауды білдіреді және тиісті ұсынымдардың күші барынша жоғары болады. Жұмыстың барынша түбегейлі сипаттамасы:
Қазақстан бойынша барлық қолда бар деректерді (соңғы жылды қоса алғанда) сыни талдау және жеңіл қол жеткізілетінстратегиялық ауыспалылар үшін әлеуетті ақпарат көздерін айқындау.Деректерді салыстыру үшін, ең алдымен, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының дереккөздері пайдаланылады, неғұрлым толық қамту үшін сыртқы көздер де қаралатын болады.
Бұл жұмыс қазірдің өзінде жүргізілуде.Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жақын арада мемлекеттік органдарға тауар нарығын реттеу сияқты әртүрлі салаларда қажетті ақпарат беру туралы сұраусалулар жібереді. Мемлекеттік органдар өткен жылы ішінара толтырылған сауалнаманы толтырулары тиіс. Толтырылған сауалнаманы алғаннан кейін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы сәйкестік пен нақтылықты бағалау үшін сауалнамадағы жауаптарды мұқият зерттейді және басқа елдерде қолданылатын әдіснаманы пайдалана отырып, бәсекелестікке кедергі жасайтын реттеушілік кедергілер индикаторларының жиынтығын қалыптастырады.
Әлеуетті сәйкессіздік пен деректердің дұрыс еместігін табу үшін өнімділік пен саяси индикаторлардыңтиімділігіне графикалық зерттеужүргізілетін болады.
Қабылданған "Өсуге ұмтылу" тұжырымдамасының "жоғарыдан төмен" қағидатын ұстана отырып, Қазақстандағы экономикалық өсу индикаторларына шолу жасау.Жан басына шаққандағы ЖІӨ соңғы үрдістерін ескере отырып, шолуда еңбек өнімділігі және жұмыспен қамту, сондай-ақ одан әрі жеке капиталға, адами капиталға инвестициялар сияқты аралық факторлар (дағды және білім) және инновациялық капитал (инновациялар) ретінде тікелей факторлардан болатын үлестер қаралады. Сондай-ақ халықаралық сауда және тікелей шетелдік инвестициялар үшін ашықтық деңгейі, қаржылық даму деңгейі және ішкі нарықтағы бәсекелестік деңгейі сияқты осы инвестициялардан болатын қайтарымдарға негізделетін факторлар да қаралатын болады.
Тиімділіктің нақты аспектілері қаралғаннан кейін саясаттың тиісті параметрлерінің үлесі белгіленетін болады.
Әрбір тиімділік индикаторы тиісті саяси индикаторлармен салыстырылады, онда өнімділік пен саяси осалдықтардың байланысы қандай екенін анықтау үшін жасалған эмпирикалық зерттеулер өнімділікпен тығыз байланысты екенін көрсетті. Саяси индикаторлар мынадай салаларды: тауар нарығы мен еңбек нарығын реттеуді, білім беру мен кадрлар даярлауды, салық салуды, әлеуметтік қорғауды, сауда және инвестициялық қағидаларды, сондай-ақ инновациялық саясатты қамтиды.
Мысалы, еңбек өнімділігін арттырған жағдайда көп факторлы өнімділіктің өсуі (тиімділік индикаторы) стартаптар кезіндегі әкімшілік кедергілер немесе сауда не кәсіби көрсетілетін қызметтер нарығына (саяси индикаторлар) шығу үшін болатын кедергілер сияқты тауар нарықтарын реттеудің нақты бағыттарымен салыстырылады. Жұмыспен қамтудың тиімділігі жағдайында жиынтық жұмыспен қамту (тиімділік индикаторы) мысалы, зейнетақы аударымдарының деңгейімен (саяси индикаторлар) салыстырылады.
Әрбір жағдайда әлеуетті осалдықты анықтаудың басты нүктесі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде байқалатын орташа балл болады. Саясаттың тиімді, күшті және осал жақтарын неғұрлым толық бағалау үшін, сондай-ақ барынша кең перспективаға әртүрлі дамып келе жатқан бірқатар елдермен, негізінен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше емес елдермен салыстыру жүргізілетін болады.
Мысалы, жұмыспен қамтудың кіші топтары немесе өнеркәсіп секторы жағдайында ақпараттардынақтылау деңгейлерімен қамту - көбінесе қолда бар деректердің болуымен, сондай-ақ кіріс деңгейі орташа елдер үшін барынша өзекті деп саналатын деректермен айқындалатын болады.
Жұмысбизнестің жұмыс істеуіне мемлекеттің қатысуын шолуды(бағаларды бақылау, командалық басқару) және мемлекеттік меншік мәселелерін (мемлекеттік бақылау ауқымы, экономиканың негізгі секторларына мемлекеттің қатысу деңгейі, жеке кәсіпкерлікті тікелей бақылау деңгейі, мемлекеттік кәсіпорындарды басқару тәсілдері), сондай-ақ жеке кәсіпкерлік саласындағы (реттеушілік рәсімдердің күрделілігі, бизнесті ашу кезіндегі әкімшілік шектеулер) және сауда мен инвестициялар салаларындағы кедергілерді қамтитын болады.
Бес стратегиялық басымдық пен негізгі ұсынымдар елдік шолуда сипатталатын болады, мұнда "Өсуге ұмтылу" тұжырымдамасының форматы мен мазмұны қолданылады.
Шолу барынша тұрақты және инновациялық өсу үшін жағдай жасауда негізгі тежегіш факторлар мен жақсартулардың негізгі салаларын сипаттау мақсатында соңғы бірнеше жыл ішінде Қазақстандағы экономикалық өсуге барынша түбегейлі және жан-жақты жасалған шолумен толықтырылатын болады.
Жақын арада болған жаңа және тереңдетілген ақпаратпен толықтырылатын Қазақстанның кешенді елдік шолуы барынша кең шолуға негіз болады.
Барынша кең шолу өнімділіктегі, жұмыспен қамтудағы және "Өсуге ұмтылу" тұжырымдамасының шеңберінде ұсынылған реформаларды іске асыру нәтижесінде өндіріс көлеміндегі әлеуеттік орта мерзімді және ұзақ мерзімді пайданы бағалауды да қамтиды.
Тұжырымдар
4. Осы техникалық тапсырманың негізгі нәтижесі 20-30 беттік есеп болады, ол саясаттың бес басымдығы мен ұсынымдарды жинақтайтын елдік шолумен толықтырылады. Бұдан басқа, тұжырымдарда нақты салалардағы (мысалы, нарықты реттеу және бәсекелестік) нәтижелер және тиімділік индикаторлары мен саясаттың кеңейтілген дерекқорыжан-жақты баяндалатын қосымшалардықамтиды. Сондай-ақмемлекеттік органдарға тауар нарығын реттеудегі нақты реформалардың Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бәсекелестік кезіндегі реттеушілік кедергінің ортақ индикаторына ықпалын бағалауға мүмкіндік беретін веб-модельдеу құралы ұсынылатын болады.
"Тауарлар мен қызметтер нарықтарын реттеу жөніндегі шолу" үшін сметалық бюджеттік ұсыныс
Болжамды шығыстар |
Евро |
Персоналға жұмсалатын шығындар |
160 424 |
Бір адамға арналған қайтарымды төлемі |
17 976 |
Миссия шығасылары |
7 000 |
Әртүрлі (мысалы, басып шығару, ксерокөшірмелер, жарияланымдар) |
2 000 |
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының әкімшілік шығындары |
12 600 |
Жиыны |
200 000 |
Ескертпе: Бюджеттің бір бабындағы кез келген артық шығыс жалпы бюджет шеңберінен шықпағанша, басқа бюджеттік бап бойыншаақша қаражаты есебінен өтелуі мүмкін.