РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" 2016 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 775 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 27-қосымшада:
реттік нөмірі 78-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
78 | Мемлекет басшысының қатысуы мен өтетін іс-шаралар | Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ұлттық мерекелеріне арналған мерекелік іс-шараларды және салтанатты концерттерді, "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберіндегі іс-шараларды, халықаралық конкурстар мен фестивальдерді өткізу, Мемлекет басшысының шетел делегацияларымен ресми кездесулері шеңберінде концерттік бағдарламалар ұйымдастыру, шығармашылық ұжымдардың және орындаушылардың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, ТҮРКСОЙ, Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының іс-шараларына қатысуын қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі | "Қазақәуендері" АҚ | 033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" 105 "Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар өткізу" | 5828159 |
".
2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |