"Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қолдануына байланысты қызметіне ақы төлеу мөлшерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 1053 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 21 қазандағы № 666 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 шiлдедегi № 560 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қолдануына байланысты қызметіне ақы төлеу мөлшерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 1053 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 527-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қолдануына байланысты қызметіне ақы төлеу бір атқарушылық іс жүргізуге 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 декабря 2015 года № 1053 "Об установлении размера оплаты деятельности частного судебного исполнителя, связанной с принятием принудительных мер по исполнительным документам о взыскании алиментов и заработной платы"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 октября 2017 года № 666. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 июля 2023 года № 560

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 13.07.2023 № 560 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 декабря 2015 года № 1053 "Об установлении размера оплаты деятельности частного судебного исполнителя, связанной с принятием принудительных мер по исполнительным документам о взыскании алиментов и заработной платы" (САПП Республики Казахстан, 2015 г., № 70-71, ст. 527) следующее изменение:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Установить оплату деятельности частного судебного исполнителя, связанной с принятием принудительных мер по исполнительным документам о взыскании алиментов и заработной платы, в размере 15 месячных расчетных показателей на одно исполнительное производство.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев