Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттамаға қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 қарашадағы № 706 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері
төмендегілер туралы келісті:
Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесіне (бұдан әрі – Ереже) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1. Ереженің 9-бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"9-бөлім. Еркін сауда режимін ұсынбау үшін негіздер
9.1 Әкелуші елдің кеден органы тауарларды шығару кезінде мынадай жағдайларда:
осы Ереженің 5.1-тармағының талаптары орындалмаса;
осы Ереженің 6.1-тармағының үшінші абзацында, сондай-ақ
6.2-тармағының үшінші абзацында көзделген жағдайларда кеден органының талабы бойынша СТ-1 нысанындағы сертификаттың түпнұсқасы берілмесе;
СТ-1 нысанындағы берілген сертификат осы Ереженің 7, 8-бөлімдерінің талаптары бұзыла отырып толтырылса;
тауардың шығарылуы туралы декларацияның мәтіні осы Ереженің ажырамас бөлігі болып табылатын 5-қосымшада жазылған мәтінге сәйкес келмесе;
тауардың шығарылуы туралы берілген құжатта мәліметтердің дұрыстығына әсер ететін өшірулер және/немесе түзетулер болса;
СТ-1 нысанындағы берілген сертификатта осы Ережеге сәйкес куәландырылмаған түзетулер немесе толықтырулар болса;
СТ-1 нысанындағы сертификатта қойылған мөрлердің бедері және/немесе уәкілетті тұлғалардың қолтаңбалары, және/немесе уәкілетті органның мекенжайы, және/немесе СТ-нысанындағы берілген сертификаттың бланкісі Келісімге қатысушы мемлекет әкелуші елдің кеден органдарына жеткізген ақпаратқа және/немесе үлгілерге сәйкес келмесе;
тауардың шығарылуы туралы құжатта көрсетілген тауарлар туралы мәліметтер кедендік декларациялау кезінде берілгендерге қатысты тауарды біржола бірдейлендіруді жүргізуге мүмкіндік бермесе немесе оларға сәйкес келмесе, еркін сауда режимін ұсынбайды.
9.2 Әкелуші елдің кеден органы тауарларды шығарғаннан кейін мынадай жағдайларда:
осы Ереженің 9.1-тармағында көзделген негіздер болса;
осы Ереженің 9-1-бөлімінде көзделген қайтадан сұрау салу күнінен бастап 3 ай ішінде жауап алынбаса немесе алынған ақпарат сұратылғанға сәйкес келмесе және тауардың шығарылуы туралы құжаттың төлнұсқалығын анықтауға және/немесе тауарлардың шығарылған елін айқындау өлшемшарттарын орындауға мүмкіндік бермесе;
әкелуші елдің кеден органдарында әкетуші елдің уәкілетті немесе тексеруші (верификациялаушы) органынан СТ-1 нысанындағы сертификат берілмегендігі (қолдан жасалғаны) немесе жарамсыз (жалған) құжаттардың және/немесе дұрыс емес мәліметтердің негізінде берілгендігі туралы расталған мәліметтер болса;
әкелуші елдің кеден органдарында әкетуші елдің тексеруші (верификациялаушы) органдарынан тауардың шығарылуы туралы декларацияда мәлімделген тауардың шығарылуы туралы мәліметтердің дұрыс болып табылмауы немесе тауарды өндірушілер осы Ережеде көзделген тауар шығарылған елді айқындау өлшемшарттарын орындамағаны туралы расталған мәліметтер болса;
әкелуші елдің кеден органдары жүзеге асырған зерттеулер нәтижелері бойынша және әкетуші елдің және/немесе тауар шығарылған елдің уәкілетті немесе тексеруші (верификациялаушы) органдарына жіберілген сұрау салулар бойынша алынған ақпараттың негізінде СТ-1 нысанындағы сертификат осы Ережеде белгіленген талаптарды бұза отырып берілгені анықталса, еркін сауда режимін ұсынбайды.
9.3 СТ-1 нысанындағы сертификатты толтыру кезінде жол берілген осындай сертификатта қамтылған мәліметтердің дұрыстығына әсер етпейтін қателердің (жаңсақ жазудың) болуы еркін сауда режимін беруден бас тарту үшін негіз болып табылмауы тиіс.
9.4 Егер әкетуші елдің уәкілетті органы жарамсыз құжаттардың және/немесе дұрыс емес мәліметтердің негізінде СТ-1 нысанындағы сертификаттың заңсыз берілу фактісін анықтаса, онда мұндай уәкілетті орган аталған сертификаттың күшін жоюға және бұл туралы аталған сертификатта көрсетілген әкелуші елдің орталық кеден органын дереу хабардар етуге міндетті.".
2. Ереже мынадай мазмұндағы 9-2-бөліммен толықтырылсын:
"9-2-бөлім. Еркін сауда режимін қалпына келтіру
9-2.1 Келісімге қатысушы мемлекеттің кеден аумағына тауарларды әкелу кезінде ұсынылмаған еркін сауда режимі мынадай шарттар сақталған:
а) осы Ереженің 5.1-тармағында көзделген шарттар орындалған;
б) әкелуші елдің кедендік декларацияны тіркеу күнінен бастап 12 ай өтпеген;
в) 9-1-бөлімнің талаптары орындалған кезде (уәкілетті немесе тексеруші (верификациялаушы) органға сұрау салуды жіберген жағдайда) қолданылады (қалпына келтіріледі).
9-2.2 Еркін сауда режимін қалпына келтіру мақсатында СТ-1 нысанындағы сертификатты берген уәкілетті органның тарапынан сертификатта көрсетілген барлық қажетті мәліметтерді нақтылай отырып, қосымша растау-хат немесе осы Ережеде көзделген тәртіппен әкелуші елдің кеден органдары мойындамаған сертификаттың орнына берілген сертификат берілуі мүмкін.
9-2.3. Еркін сауда режимін қолдану (қалпына келтіру) осы Ережеде белгіленген шарттарды орындау кезінде және тауарды әкелуші елдің кеден заңнамасында айқындалған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
9-2.4. Тауардың шығарылуы туралы құжатты толтыру кезінде жол берілген осындай құжатта қамтылған мәліметтердің дұрыстығына әсер етпейтін қателердің (жаңсақ жазудың) болуы еркін сауда режимін қалпына келтіруден бас тарту үшін негіз болып табылмауға тиіс.
9-2.5. Еркін сауда режимі осы Ереженің 9-2.1-тармағына сәйкес тауардың шығарылуы туралы құжаттың жалғандығының анықталуына байланысты осындай режимді беруден бас тартқан жағдайда қалпына келтірілмейді.".
3. Ереженің 5.3-тармағы алып тасталсын.
Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап 60 күннен кейін уақытша қолданылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы депозитарий үшінші хабарламаны алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Хаттама депозитарий тиісті құжаттарды алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
2017 жылғы "__"____________ ____________қаласында бір төлнұсқа данада орыс тілінде жасалды. Төлнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді.
Әзербайжан Республикасының |
Ресей Федерациясының |
Армения Республикасының |
Тәжікстан Республикасының |
Беларусь Республикасының |
Түрікменстан |
Қазақстан Республикасының |
Өзбекстан Республикасының |
Қырғыз Республикасының |
Украина |
Молдова Республикасының |