Тәжікстан Республикасына ізгілік көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне Тәжікстан Республикасына iзгiлiк көмек көрсету үшін 986,534 (тоғыз жүз сексен алты тонна бес жүз отыз төрт килограмм) тонна көлемінде мазут сатып алуға 2017 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен 101015634,8 (бір жүз бір миллион он бес мың алты жүз отыз төрт теңге сексен тиын) теңге мөлшерінде ақшалай қаражат бөлінсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.12.2017 № 857 қаулысымен2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi ресми iзгiлiк көмектi алушыны айқындасын және оны көрсету жөнiндегi шараларды үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі ізгілік жүкті Тәжікстан Республикасындағы межелі пунктке дейін тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |