Тәжікстан Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 қарашадағы № 721 қаулысы.

      Тәжікстан Республикасына ізгілік көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне Тәжікстан Республикасына iзгiлiк көмек көрсету үшін 986,534 (тоғыз жүз сексен алты тонна бес жүз отыз төрт килограмм) тонна көлемінде мазут сатып алуға 2017 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен 101015634,8 (бір жүз бір миллион он бес мың алты жүз отыз төрт теңге сексен тиын) теңге мөлшерінде ақшалай қаражат бөлінсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.12.2017 № 857 қаулысымен

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi ресми iзгiлiк көмектi алушыны айқындасын және оны көрсету жөнiндегi шараларды үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі ізгілік жүкті Тәжікстан Республикасындағы межелі пунктке дейін тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады