"Мұнай және газ, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету салаларындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды айқындау және "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 1684 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 489 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 754 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мұнай және газ, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету салаларындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды айқындау және "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 1684 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 489 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 36, 257-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес:

      1) мұнай және газ саласында – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;

      2) жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету саласында – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып айқындалсын.";

      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2017 жылғы 17 қарашадағы
№ 754 қаулысына
қосымша
 
  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 489 қаулысына
қосымша

Бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар)


Р/с №

Лицензияның және жүзеге асыру үшін лицензияның болуы талап етілетін қызмет түрінің атауы

Жүзеге асыру үшін лицензияның болуы талап етілетін қызметтің кіші түрінің атауы


1

2

3

Мұнай және газ саласындағы қызметті лицензиялау

1

Мұнай және газ саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутек шикізаты), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия

1) мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру;
2) көмірсутекті шикізат кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу (кәсіпшілік зерттеулер, сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар);
3) мұнай; газ; газ конденсаты; айдама ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;
4) құрлықтағы; теңіздегі; iшкi су айдындарындағы көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды бұрғылау;
5) кен орындарында ұңғымаларды жерасты жөндеу (ағымдағы; күрделі);
6) көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру; сынаудан өткізу;
7) көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою;
8) мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту;
9) құрлықтағы; теңіздегі көмірсутекті шикізат кен орындарында мұнайдың төгiлуiн болдырмау және жою жөнiндегi жұмыстар;
10) мұнай-химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану;
11) көмірсутекті шикізат кен орындарына арналған жобалардың жобалық құжаттарын; технологиялық регламенттерін; техникалық-экономикалық негiздемесiн жасау;
12) магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану.

Жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету саласындағы қызметті лицензиялау

2

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге арналған лицензия

1) шаруашылық және өзге де қызметтің
I санаты үшін табиғат қорғауға қатысты жобалау, нормалау;
2) шаруашылық және өзге де қызметтің
I санаты үшін экологиялық аудит.


О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 июня 2015 года № 489 "Об определении лицензиара по осуществлению лицензирования деятельности в сферах нефти и газа, обслуживания физических и юридических лиц и внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 декабря 2012 года № 1684 "О некоторых вопросах лицензирования деятельности по выполнению работ и оказанию услуг в области охраны окружающей среды"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 ноября 2017 года № 754.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 июня 2015 года № 489 "Об определении лицензиара по осуществлению лицензирования деятельности в сферах нефти и газа, обслуживания физических и юридических лиц и внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 декабря 2012 года № 1684 "О некоторых вопросах лицензирования деятельности по выполнению работ и оказанию услуг в области охраны окружающей среды" (САПП Республики Казахстан, 2015 г., № 36, ст. 257) следующие изменения:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Определить лицензиарами по осуществлению лицензирования деятельности согласно приложению к настоящему постановлению:

      1) в сфере нефти и газа – Министерство энергетики Республики Казахстан;

      2) в сфере обслуживания физических и юридических лиц – Комитет экологического регулирования и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан.";

      приложение к указанному постановлению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 17 ноября 2017 года № 754
  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 29 июня 2015 года № 489

Разрешения первой категории (лицензии)

№ п/п Наименование лицензии и вида деятельности, для осуществления которой требуется наличие лицензии Наименование подвида деятельности, для осуществления которой требуется наличие лицензии


1

2

3

Лицензирование деятельности в сфере нефти и газа

1

Лицензия на проектирование (технологическое) и (или) эксплуатацию горных производств (углеводородное сырье), нефтехимических производств, эксплуатацию магистральных газопроводов, нефтепроводов, нефтепродуктопроводов в сфере нефти и газа

1) добыча нефти, газа, нефтегазоконденсата;
2) ведение технологических работ (промысловые исследования; сейсморазведочные работы; геофизические работы) на месторождениях углеводородного сырья;
3) прострелочно-взрывные работы в нефтяных; газовых; газоконденсатных; нагнетательных скважинах;
4) бурение скважин на месторождениях углеводородного сырья на суше; на море; на внутренних водоемах;
5) подземный ремонт (текущий; капитальный) скважин на месторождениях;
6) цементация; испытания; освоение, опробование скважин на месторождениях углеводородного сырья;
7) консервация; ликвидация скважин на месторождениях углеводородного сырья;
8) повышение нефтеотдачи нефтяных пластов и увеличение производительности скважин;
9) работы по предотвращению и ликвидации разливов на месторождениях углеводородного сырья на суше; на море;
10) проектирование (технологическое) и (или) эксплуатация нефтехимических производств;
11) составление проектных документов; технологических регламентов; технико-экономического обоснования проектов для месторождений углеводородного сырья;
12) эксплуатация магистральных газопроводов, нефтепроводов, нефтепродуктопроводов.

Лицензирование деятельности в сфере обслуживания физических и юридических лиц

2

Лицензия на выполнение работ и оказание услуг в области охраны окружающей среды

1) природоохранное проектирование, нормирование для I категории хозяйственной и иной деятельности;
2) экологический аудит для I категории хозяйственной и иной деятельности.