Көмірсутектер, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету салаларындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды айқындау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 489 қаулысы.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 12.02.2019 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес:

      1) Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі – көмірсутектер саласындағы;

      2) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті – жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.02.2022 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.04.2016 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К.Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 489 қаулысына
қосымша

Бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар)

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.02.2022 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Лицензияның және жүзеге асыру үшін лицензияның болуы талап етілетін қызмет түрінің атауы

Жүзеге асыру үшін лицензияның болуы талап етілетін қызметтің кіші түрінің атауы

1

2

3

Көмірсутектер саласындағы қызметті лицензиялау

1.

Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия

1. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі кәсіпшілік зерттеулер.
2. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі сейсмикалық барлау жұмыстары.
3. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі геофизикалық жұмыстар.
4. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымалардағы атқылау-жару жұмыстары.
5. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде құрлықта, теңізде және ішкі су айдындарында ұңғымаларды бұрғылау.
6. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды жер астында жөндеу, сынау, игеру, сынамалау, консервациялау, жою.
7. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды цементтеу.
8. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту.
9. Теңіздегі көмірсутектер кен орындарында төгілуді болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар.
10. Мұнай-газ-химия өндірістерін пайдалану.
11. Көмірсутектер кен орындарына арналған базалық жобалау құжаттарын жасау және көмірсутектер кен орындарын игеруді талдау.
12. Көмірсутектер кен орындарына арналған техникалық жобалау құжаттарын жасау.
13. Магистральдық құбыржолдарды пайдалану.

Жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету саласындағы қызметті лицензиялау

2.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге арналған лицензия

1. I санаттағы объектілер үшін табиғат қорғауға қатысты жобалау, нормалау.
2. Қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою.

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады