Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін мыналарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы берілсін:
"Эстрада" номинациясы бойынша
Ибрагимов | - | эстрада әншісі, музыкант, композитор |
Жүгүнісов | - | эстрада әншісі |
"Классикалық музыка" номинациясы бойынша | ||
Мұсахан | - |
"Young Eurasian Soloists" камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі және солисі |
Мудряк | - |
"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының опера труппасының солисі |
"Халық шығармашылығы" номинациясы бойынша | ||
Әуезхан | - | айтыскер, ақын |
Сартай | - | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің оқытушысы |
"Әдебиет" номинациясы бойынша | ||
Мәлікова | - | ақын |
Тоқтарбай | - | жазушы, әдебиет зерттеушісі |
"Театр және кино" номинациясы бойынша | ||
Абдуллина | - | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының әртісі |
Адамжан | - |
"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының балет трупасының жетекші солисі |
"Спорт" номинациясы бойынша | ||
Тен | - | қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2013 және 2015 жылдардағы мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, VII қысқы Азия ойындарының чемпионы, 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиада чемпионы |
Сәдуақасова | - | әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер, шахматтан әлемнің төрт дүркін чемпионы, әйелдер арасында шахматтан 2015 және 2017 жылдардағы Азияның екі дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасының спорт шебері |
"Дизайн және бейнелеу өнері" номинациясы бойынша | ||
Асқар | - | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің студенті |
Халиев | - | Жамбыл облысының әкімдігі Білім басқармасының "Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының оқытушысы |
"Журналистика" номинациясы бойынша | ||
Әбділов | - | "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамының "Қазақ радиолары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жаңалықтар қызметінің редакторы, жүргізушісі |
Мұхамеджан | - | журналист, тележүргізуші, талдамашы, "Atameken Business Channel" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Басты тақырып" бағдарламасының жүргізушісі |
"Қоғамдық қызмет" номинациясы бойынша | ||
Кәрібек | - | "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" жастар қанаты хатшылығының жетекшісі |
Қонысбаев | - | Атырау облысы бойынша "Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысы" қоғамдық бірлестігінің өңірлік үйлестірушісі |
"Ғылым" номинациясы бойынша | ||
Ақылбеков | - | инженер, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші маманы |
Корольков | - | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының инженерлік бейіндегі зертхананың кіші ғылыми қызметкері |
Шлимас | - | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының докторанты |
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының 2017 жылға арналған мөлшері әр номинация бойынша 200000 (екі жүз мың) теңге сомасында белгіленсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |