2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 288 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес көлемде Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне 2016 жылы мемлекеттік материалдық резервтен броньнан шығарылған материалдық құндылықтардың құнын өтеу үшін 2017 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен 662689013,92 (алты жүз алпыс екі миллион алты жүз сексен тоғыз мың он үш теңге тоқсан екі тиын) теңге мөлшерінде:
1) Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін 276790000 (екі жүз жетпіс алты миллион жеті жүз тоқсан мың) теңге сомасында;
2) Қырғыз Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін 200281141,92 (екі жүз миллион екі жүз сексен бір мың бір жүз қырық бір теңге тоқсан екі тиын) теңге сомасында;
3) Сирия Араб Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін 185617872 (бір жүз сексен бес миллион алты жүз он жеті мың сегіз жүз жетпіс екі) теңге сомасында ақша қаражаты бөлінсін.";
2) "Тәжікстан Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 қарашадағы № 721 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне Тәжікстан Республикасына iзгiлiк көмек көрсету үшін 986,534 (тоғыз жүз сексен алты тонна бес жүз отыз төрт килограмм) тонна көлемінде мазут сатып алуға 2017 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен 101015634,8 (бір жүз бір миллион он бес мың алты жүз отыз төрт теңге сексен тиын) теңге мөлшерінде ақшалай қаражат бөлінсін.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |