2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Демалыс күндері:
2018 жылғы 3 наурыз сенбіден 2018 жылғы 9 наурыз жұмаға;
2018 жылғы 28 сәуір сенбіден 2018 жылғы 30 сәуір дүйсенбіге;
2018 жылғы 5 мамыр сенбіден 2018 жылғы 8 мамыр сейсенбіге;
2018 жылғы 25 тамыз сенбіден 2018 жылғы 31 тамыз жұмаға;
2018 жылғы 29 желтоқсан сенбіден 2018 жылғы 31 желтоқсан дүйсенбіге ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |