2018 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 23 желтоқсандағы № 864 қаулысы.

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Демалыс күндері:

      2018 жылғы 3 наурыз сенбіден 2018 жылғы 9 наурыз жұмаға;

      2018 жылғы 28 сәуір сенбіден 2018 жылғы 30 сәуір дүйсенбіге;

      2018 жылғы 5 мамыр сенбіден 2018 жылғы 8 мамыр сейсенбіге;

      2018 жылғы 25 тамыз сенбіден 2018 жылғы 31 тамыз жұмаға;

      2018 жылғы 29 желтоқсан сенбіден 2018 жылғы 31 желтоқсан дүйсенбіге ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады