"Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес бағдарламалық-нысаналы қаржыландырылуы конкурстық рәсімдерден тыс республикалық бюджеттен жүзеге асырылатын 2017 – 2019 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламалар белгіленсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 912 қаулысына қосымша |
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырылуы конкурстық рәсімдерден тыс республикалық бюджеттен жүзеге асырылатын 2017 – 2019 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламалар
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі:
"Бірқатар маңызды ауруларды симптомға дейінгі диагностикалаудың және емдеу әдістерінің жаңа молекулярлық-генетикалық тәсілдері";
"Қазақстан Республикасының экологиялық қолайсыз аумақтарындағы халықтың экологиялық жүктемесін азайту, медициналық қамтамасыз ету, халықты әлеуметтік қорғау мен сауықтырудың ғылыми-әдіснамалық негіздерін әзірлеу";
"Функцияларын ауыр түрде жоғалту және күрделі асқынулармен жарақаттар салдары мен созылмалы ауруларды емдеу нәтижелерін жақсартуға арналған жаңа медициналық технологиялар";
"Қоғамдық денсаулық сақтау мақсатында профилактикалық ортаны қалыптастырудың ғылыми негіздерін әзірлеу";
"Регенеративтік медицинада дің (мезенхимальдық) жасушаларын транспланттау".