2017 – 2019 жылдарға арналған конкурстық рәсімдерден тыс бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 912 қаулысы.

      Баспасөз релизі


      "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға  қосымшаға сәйкес бағдарламалық-нысаналы қаржыландырылуы конкурстық рәсімдерден тыс республикалық бюджеттен жүзеге асырылатын 2017 – 2019 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламалар белгіленсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 912 қаулысына
қосымша

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырылуы конкурстық рәсімдерден тыс республикалық бюджеттен жүзеге асырылатын 2017 – 2019 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламалар

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі:

      "Бірқатар маңызды ауруларды симптомға дейінгі диагностикалаудың және емдеу әдістерінің жаңа молекулярлық-генетикалық тәсілдері";

      "Қазақстан Республикасының экологиялық қолайсыз аумақтарындағы халықтың экологиялық жүктемесін азайту, медициналық қамтамасыз ету, халықты әлеуметтік қорғау мен сауықтырудың ғылыми-әдіснамалық негіздерін әзірлеу";

      "Функцияларын ауыр түрде жоғалту және күрделі асқынулармен жарақаттар салдары мен созылмалы ауруларды емдеу нәтижелерін жақсартуға арналған жаңа медициналық технологиялар";

      "Қоғамдық денсаулық сақтау мақсатында профилактикалық ортаны қалыптастырудың ғылыми негіздерін әзірлеу";

      "Регенеративтік медицинада дің (мезенхимальдық) жасушаларын транспланттау".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады