1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "МұнайТас" Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы" акционерлік қоғамына стратегиялық объектіге ("ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамына Кеңқияқ – Атырау магистральді мұнай құбырының талшықты-оптикалық кабелінде орналасқан төрт бір модты оптикалық талшықты жалға беру бойынша) ауыртпалық салу жөнінде мәміле жасауға рұқсат берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |