2015 жылғы 14 қыркүйекте Душанбеде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы ақпаратты техникалық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Келісім бойынша уәкілетті орган болып;
2) Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Келісім бойынша үйлестіруші орган болып айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тәжікстан Республикасын қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |