Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы ақпаратты техникалық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасынан уәкілетті және үйлестіруші органдарды айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 938 қаулысы

      2015 жылғы 14 қыркүйекте Душанбеде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы ақпаратты техникалық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Келісім бойынша уәкілетті орган болып;

      2) Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Келісім бойынша үйлестіруші орган болып айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тәжікстан Республикасын қабылданған шешім туралы хабардар етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады