Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 24 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және "Хамза Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен қосылу және қайта құру жолымен байқау кеңесін енгізе отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің "Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының атауы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын болып өзгертілсін.

      3. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі осы қаулының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган болып;

      2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізілуін;

      2) осы қаулының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және қайта тіркелуін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 6, 41-құжат);

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

      "1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімде:

      6-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 26 және 27-тармақтармен толықтырылсын:

      "26. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы

      27. Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы";

      ведомстволардың қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тiзбесiнде:

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары" деген 5-бөлімде:

      1, 2, 3-тармақтар алып тасталсын;

      2-қосымшада:

      қайта аталатын мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесінде:

      "1. Мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімде:

      6-тармақ алып тасталсын;

      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

О некоторых вопросах Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 января 2018 года № 24.

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Реорганизовать в установленном законодательством порядке республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Национальный центр проблем формирования здорового образа жизни" Министерства здравоохранения Республики Казахстан, республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Научно-практический центр санитарно-эпидемиологической экспертизы и мониторинга" и республиканское государственное казенное предприятие "Научный центр гигиены и эпидемиологии имени Хамзы Жуматова" Комитета охраны общественного здоровья Министерства здравоохранения Республики Казахстан путем слияния и преобразования в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Национальный центр общественного здравоохранения" Министерства здравоохранения Республики Казахстан (далее – предприятие) с введением наблюдательного совета.

      2. Переименовать республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Казахский научный центр карантинных и зоонозных инфекций имени Масгута Айкимбаева" Комитета охраны общественного здоровья Министерства здравоохранения Республики Казахстан в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Казахский научный центр карантинных и зоонозных инфекций имени Масгута Айкимбаева" Министерства здравоохранения Республики Казахстан.

      3. Определить:

      1) уполномоченным органом по руководству соответствующей отраслью (сферой) государственного управления в отношении предприятий, указанных в пунктах 1 и 2 настоящего постановления, Министерство здравоохранения Республики Казахстан;

      2) основным предметом деятельности предприятия осуществление деятельности в области здравоохранения.

      4. Министерству здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) внесение на утверждение в Комитет государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан уставов предприятий, указанных в пунктах 1 и 2 настоящего постановления;

      2) государственную регистрацию и перерегистрацию предприятий, указанных в пунктах 1 и 2 настоящего постановления, в органах юстиции;

      3) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.

      5.Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения и дополнения:

      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2017 года № 71 "О некоторых вопросах министерств здравоохранения и национальной экономики Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2017 г., № 6, ст. 41.):

      в Положении о Министерстве здравоохранения Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в перечне организаций, находящихся в ведении Министерства здравоохранения Республики Казахстан и его ведомств:

      в разделе "1. Государственные предприятия на праве хозяйственного ведения":

      пункт 6 исключить;

      дополнить пунктами 26 и 27 следующего содержания:

      "26. Национальный центр общественного здравоохранения

      27. Казахский научный центр карантинных и зоонозных инфекций им. Масгута Айкимбаева";

      в перечне территориальных подразделений, находящихся в ведении ведомств:

      в разделе "5. Республиканские государственные предприятия Комитета охраны общественного здоровья Министерства здравоохранения Республики Казахстан":

      пункты 1, 2, 3 исключить;

      в приложении 2:

      в перечне переименовываемых государственных юридических лиц:

      в разделе "1. Государственные предприятия":

      пункт 6 исключить;

      2) Утратил силу постановлением Правительства РК от 03.06.2022 № 361 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      Сноска пункт 5 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 03.06.2022 № 361 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев