2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 162-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 510967321707 (бес жүз он миллиард тоғыз жүз алпыс жеті миллион үш жүз жиырма бір мың жеті жүз жеті) теңге көлеміндегі "Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (ҮАААЖ)" автомобиль жолын салу және пайдалану" концессия жобасы (бұдан әрі – жоба) бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелері қабылдансын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.04.2021 № 205 қаулысымен.2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жоба бойынша концессия шартын жасауға өкілеттік берілсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі концессия шарты бойынша мемлекеттің қаржы міндеттемелерін қабылдау және орындау есебін жүзеге асырсын.
4. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 41 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қабылданған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің жылдар бойынша көлемі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.08.2024 № 710 қаулысымен.
Қолжетімділік үшін төлемақы төлемдерінің графигі
Концессия шартының талаптарында көзделген валюталық өтеуді, сондай-ақ қолжетімділік үшін төлемақыны түзетуді есепке алмағанда, қолжетімділік үшін болжамды төлемақының жалпы базалық сомасы 510 967 322 (бес жүз он миллиард тоғыз жүз алпыс жеті миллион үш жүз жиырма екі мың) теңгені (оның ішінде инвестициялық шығындарды өтеу (ИШӨ) – 176 724 305 мың теңге, пайдалану шығындарын өтеу (ПШӨ) – 28 031 259 мың теңге, басқару сыйақысы (БС) – 306 211 758 мың теңге) құрайды, оның ішінде жылдар бойынша:
2023 жыл | 15 855 584 мың теңге (оның ішінде ИШӨ – 6 497 217 мың теңге, ПШӨ – 347 796 мың теңге, БС – 9 010 571 мың теңге) |
2024 жыл |
41 789 077 мың теңге |
2025 жыл |
38 053 400 мың теңге |
2026 жыл |
38 053 400 мың теңге |
2027 жыл |
38 053 400 мың теңге |
2028 жыл |
38 053 400 мың теңге |
2029 жыл |
38 053 400 мың теңге |
2030 жыл |
38 053 400 мың теңге |
2031 жыл |
38 053 400 мың теңге |
2032 жыл |
38 053 400 мың теңге |
2033 жыл |
38 053 400 мың теңге |
2034 жыл |
28 035 700 мың теңге |
2035 жыл |
29 791 520 мың теңге |
2036 жыл |
17 671 614 мың теңге |
2037 жыл |
17 671 614 мың теңге |
2038 жыл |
17 671 613 мың теңге |