2018 жылғы 2 наурызда Атырау облысында өрттің салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тергеп-тексеру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Атырау облысындағы "PSI Stroy Industriya" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жатақханасында орын алған өрттің салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тергеп-тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Комиссия дереу жұмысқа кірісіп, өрт себептерін жан-жақты тергеп-тексеруді қамтамасыз етсін, қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету шараларын қабылдасын.
3. Комиссия басшысы Н.Б. Әлтаев өрт салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тергеп-тексеру нәтижесі мен қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б.Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 наурыздағы №108 қаулысына қосымша |
Атырау облысындағы "PSI Stroy Industriya" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жатақханасында орын алған өрттің салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тергеп-тексеру жөніндегі үкіметтік комнссияның құрамы
Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы | - | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, басшы |
---|---|---|
Оспанқұлов Төлеген Қапарұлы | - | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары - Министрліктің бас мемлекеттік еңбек инспекторы, басшының орынбасары |
Нұрмағамбетов Талғат Қайырбекұлы | - | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары |
Лұқпанов | - | Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары |
Әубәкіров | - | Атырау облысының мемлекеттік еңбек инспекция басқармасының басшысы |
Біләлов | - | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Атырау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары |
Аймурзиева | - | Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы |
Сейсенов Ернұр Төлеуғазыұлы | - | "PSI Stroy Industriya" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры |
Сүлейменов | - | "PSI Stroy Industriya" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіподақ комитетінің өкілі |