Атырау облысындағы өрттің салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тергеп-тексеру жөнінде үкіметтік коммисия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 наурыздағы № 108 қаулысы



      2018 жылғы 2 наурызда Атырау облысында өрттің салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тергеп-тексеру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Атырау облысындағы "PSI Stroy Industriya" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жатақханасында орын алған өрттің салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тергеп-тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      2. Комиссия дереу жұмысқа кірісіп, өрт себептерін жан-жақты тергеп-тексеруді қамтамасыз етсін, қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету шараларын қабылдасын.

      3. Комиссия басшысы Н.Б. Әлтаев өрт салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тергеп-тексеру нәтижесі мен қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б.Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 3 наурыздағы
№108 қаулысына
қосымша

Атырау облысындағы "PSI Stroy Industriya" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жатақханасында орын алған өрттің салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тергеп-тексеру жөніндегі үкіметтік комнссияның құрамы

Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы

-

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, басшы

Оспанқұлов Төлеген Қапарұлы

-

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары - Министрліктің бас мемлекеттік еңбек инспекторы, басшының орынбасары

Нұрмағамбетов Талғат Қайырбекұлы
 

-

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары

Лұқпанов
Сағындық Есенғалиұлы
 

-

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары

Әубәкіров
Игілік Айдарұлы

-

Атырау облысының мемлекеттік еңбек инспекция басқармасының басшысы

Біләлов
Рашид Бекетұлы
 

-

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Атырау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары

Аймурзиева
Мәншүк Құдайбергенқызы

-

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Сейсенов Ернұр Төлеуғазыұлы

-

"PSI Stroy Industriya" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры

Сүлейменов
Бейбіт Әкімұлы

-

"PSI Stroy Industriya" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіподақ комитетінің өкілі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады