Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
1. Мыналардың:
1) "Жалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері жөнінде" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 1 нормативтік қаулысының;
2) "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 7 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысының 1-тармағы 1) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқықтың құрамына енгізіледі, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы |
Ж. Асанов |
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, жалпы отырыстың хатшысы |
Г. Әлмағамбетова |