Возрождение аралының қазақстандық бөлігінде және Арал теңізіне іргелес құрлық (жағалау) аумағында эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету және мониторинг жүргізу жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 187 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Возрождение аралының қазақстандық бөлігінде және Арал теңізіне іргелес құрлық (жағалау) аумағында эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету және мониторинг жүргізу жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      2. Жоспардың орындалуына жауапты орталық мемлекеттік органдар және Ақтөбе мен Қызылорда облыстарының әкімдіктері:

      1) Жоспарды іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;

      2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі 5 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне Жоспардың іс-шараларының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі есепті жылдан кейінгі 20 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іс-шараларының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      4. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 13 сәуірдегі
№ 187 қаулысымен
бекітілген

Возрождение аралының қазақстандық бөлігінде және Арал теңізінің құрлық (жағалау) аумағында эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету және мониторинг жүргізу жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Р/с №

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

1. Іс-шаралардың дайындық және негізгі кезеңдері

1

Возрождение аралының аумағында инженерлік-техникалық қамтамасыз ету іс-шараларын айқындау үшін Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік шекарасы учаскесіне барлаушылық зерттеу жүргізу, сондай-ақ Возрождение аралына адамдарды және тауарлық-материалдық құндылықтарды жеткізу үшін болжанатын маршрутты зерделеу

хаттама

ҰҚК (келісім бойынша), ДСМ, БҒМ, ІІМ, АШМ, СІМ, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері

2018 жылдың 1 жартыжылдығы

РБ-да және ЖБ-да көзделген қаражат шегінде

2

Мемлекеттік шекараның Қазақстан-Өзбек учаскесін шегендеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жұмысты жандандыру
 

Возрождение аралының ауданындағы шегендеу жұмыстары жоспар-кестесі

СІМ, АШМ

2018 жылғы желтоқсан

РБ*

3

Мемлекеттік шекарада инженерлік қоршаулар тұрғызу үшін жеке құрамды және тауарлық-материалдық құндылықтарды штаттық авиациямен жеткізуді қамтамасыз ету

шарт

ҰҚК (келісім бойынша), ІІМ, ІІМ "Қазавиақұтқару" АҚ

2019 – 2020 жылдар

РБ*

4

Возрождение аралының аумағын зерттеу, патогендер қолданылған, сынақ жүргізілген орындар, көму орындары (қорымдар), биологиялық ластануға ұшыраған аумақтар бойынша ақпарат алуға бағытталған шет елдермен өзара іс-қимылды және консультацияларды қамтамасыз ету

дипломатиялық нота

СІМ

2018 жылғы 2-тоқсан

талап етілмейді

5

Эпидемиологиялық мониторинг жүргізу көлемі мен аумағын айқындау үшін Возрождение аралында жоспарланатын өнеркәсіптік, геологиялық барлау, ауыл шаруашылығы және өзге де іс-шаралардың орындылығы мен көлемін айқындау

хаттама

ИДМ, ЭМ, АШМ, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері

2018 жылғы 2-3-тоқсандар

талап етілмейді

6

Аралды шаруашылық игеру үшін Возрождение аралы аумағының биологиялық қауіптілігін азайту жөніндегі іс-шаралардың ғылыми-негізделген кешенін әзірлеу

ғылыми-техникалық бағдарлама

БҒМ, ДСМ, АШМ, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері

2018 жылғы 3-тоқсан

талап етілмейді

7

Персоналды жеткізу, понтон көпірін салу, көлікпен қамтамасыз ету, шатырлы қалашықты орналастыру, құру, суды, реагенттерді, тамақ өнімдерін бастапқы тіршілік жиынтығын жеткізу, базалық инфрақұрылымды құру мәселелерін қоса алғанда, Возрождение аралында мобильді зерттеу топтарының ұзақ болуын қамтамасыз ету бойынша шараларды пысықтау және қабылдау

әкімнің өкімі
 

Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері, ДСМ, АШМ, ИДМ, ЭМ, БҒМ

2018 – 2020 жылдар

РБ*, ЖБ-да көзделген қаражат
шегінде

8

Возрождение аралындағы бұрынғы полигон аумағына іргелес Арал маңы аудандарында болып жатқан өзгерістерді анықтау, әртүрлі нозологиялық нысандардағы эпизоотиялық процестердің экстенсивтілігі мен қарқындылығы серпініндегі үрдістерді анықтау үшін олардағы аса қауіпті және зооноздық инфекциялардың табиғи ошақтарының серпініне мониторинг жүргізу

есеп

ДСМ, АШМ, ДСМ "ҚКЗИҒО" ШЖҚ РМК, ДСМ Ақтөбе, Арал теңізі және Қызылорда ОҚКС

2018 жыл

РБ*

9

Патогенді микрофлораның арал аумағынан құрлық жағалауына таралуының әлеуетті қаупін бағалау, оның диссеминациясының неғұрлым ықтимал жолдарын және сыртқы орта объектілерінің, жануарлар мен адамдардың кейіннен жұқтыру қаупінің деңгейін анықтау

есеп

ДСМ, ДСМ "ҚКЗИҒО" ШЖҚ РМК, ДСМ Ақтөбе, Арал теңізі және Қызылорда ОҚКС

2018 – 2020 жылдар

РБ*

10

Возрождение аралының қазақстандық бөлігінде аса қауіпті инфекциялардың болуына эпидемиологиялық мониторингті, оның ішінде патогенді флораның және әлеуетті таратушылар мен тасымалдаушылар популяциясы жай-күйінің мониторингін қамтамасыз ету

есеп

ДСМ, ДСМ "ҚКЗИҒО" ШЖҚ РМК, ДСМ Ақтөбе, Арал теңізі және Қызылорда ОҚКС

2019 – 2020 жылдар

РБ*

11

Тұрғындар тұратын Возрождение аралының қазақстандық бөлігінде және іргелес аумақта жануарлар арасында аса қауіпті инфекциялардың болуына эпизоотологиялық мониторингті қамтамасыз ету

эпизоотологиялық зерттеу актісі

АШМ, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері

2019 – 2020 жылдар

РБ*

12

Жүргізілген мониторинг және зерттеулердің нәтижелері бойынша Возрождение аралының қазақстандық бөлігінде шаруашылықты игеруді есепке ала отырып, оның санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу

талдамалық анықтама

ДСМ, ДСМ "ҚКЗИҒО" ШЖҚ РМК, БҒМ

2020 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

13

Возрождение аралына іргелес аумақтағы және Арал теңізінің құрлық (жағалау) бөлігіндегі қоршаған орта жағдайын мониторингілеу

есеп

ЭМ

2020 жылғы желтоқсан

РБ-да көзделген қаражат шегінде

14

Возрождение аралы аумағының пайдаланылатын жерінің ауданын және құрамын белгілеу үшін жерді түгендеуді жүргізу

жерді түгендеу актісі

АШМ, АКМ, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері

2019 жылғы желтоқсан

РБ*, ЖБ-да көзделген қаражат шегінде

15

Возрождение аралы аумағының жерлерін шаруашылық айналымға қосу үшін олардың жарамдығын анықтау мақсатында эпидемиологиялық мониторинг аяқталғаннан кейін және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң нәтижесін алғаннан кейін топырақтық зерттеулер жүргізу

сараптама актісі (сынақ хаттамасы)

АШМ, АКМ, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері

2020 жылғы желтоқсан

РБ*, ЖБ-да көзделген қаражат шегінде

2. Мемлекеттік шекараны инженерлік-техникалық жарақтандыру және қолжетімділік жүйелері

16

Жағалау аумағы аудандарында бақылауды қамтамасыз ету, Возрождение аралына адамдардың рұқсатсыз кіріп-шығуының алдын алу

әкімнің өкімі

Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері, ІІМ

тұрақты

ЖБ-да көзделген қаражат шегінде

17

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес қауіпті учаскелердің (олар анықталған жағдайда) жайғастырылуын бақылауды қамтамасыз ету

әкімнің өкімі

Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері, АШМ

2019 жылғы 4- тоқсан

талап етілмейді

18

Возрождение аралында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды қамтамасыз ету

бұйрық

ҰҚК (келісім бойынша)

2018 – 2020 жылдар

РБ-да көзделген қаражат шегінде

19

Возрождение аралы шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында белгіленген режимдердің сақталуы бойынша шаралар қабылдау

ведомствоның өкімі

ҰҚК (келісім бойынша)

2018 – 2020 жылдар

РБ-да көзделген қаражат шегінде

20

Қауіпті учаскелер анықталған жағдайларда олардың географиялық координаттарын белгілей отырып, аралдың картасын әзірлеу

карта (карталар)

АШМ "Қазгеодезия" РМҚК, Қызылорда облысының әкімдігі

2019 жылғы 3-тоқсан

РБ*

21

2006 – 2009 жылдар кезеңінде жүргізілген Возрождение аралы аумағы мониторингінің және зерттеулерінің архивтік деректерін ұсыну

ДСМ-ге, ІІМ-ге, ҰҚК-ке ақпарат

БҒМ

2018 жылдың 1 жартыжылдығы

талап етілмейді

22

Возрождение аралы аумағына жүргізілген мониторингтер мен зерттеулер нәтижелерін ескере отырып, азаматтық тұрғындардың оның аумағына қолжетімдігі жүйесін әзірлеу

әкімнің өкімі

Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері, ІІМ, ДСМ, АШМ, БҒМ

2019 жылғы 2-тоқсан

талап етілмейді

23

Белгіленген қағидаларға сәйкес Аралдың аралдық бөлігіндегі Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік шекараны инженерлік-техникалық жабдықтау бойынша ұсыныстар енгізу

жоспар

ҰҚК (келісім бойынша)

2018 жылдың 2 жартыжылдығы

талап етілмейді

24

Белгіленген қағидаларға сәйкес Возрождение аралының қазақстандық бөлігіндегі Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік шекараны инженерлік-техникалық жабдықтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру

ведомствоның өкімі

ҰҚК (келісім бойынша), СІМ

2019 – 2020 жылдар

РБ*

3. Жұмысты жергілікті деңгейде ұйымдастыру

25

Адамдарда этиологиясы белгісіз инфекциялық аурулар пайда болған жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсету үшін дезинфекциялау құралдары және қажетті дәрі-дәрмектер қорын ұстау

әкімнің өкімі

Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері

2018 – 2020 жылдар

ЖБ-да көзделген қаражат шегінде

26

Аса қауіпті инфекциялық аурулардың профилактикасы мәселелері бойынша халықпен санитариялық сауаттандыру жұмысын жүргізу

дәрістер, әңгімелесулер, санитариялық бюллетеньдер

Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері, ДСМ

2018 – 2020 жылдар

РБ*, ЖБ-да көзделген қаражат шегінде

27

Возрождение аралының аумағында және Арал теңізіне іргелес құрлық аумағында топырақ қазумен байланысты жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін мониторингілеу

әкімнің өкімі

Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері

2018 – 2020 жылдар

ЖБ-да көзделген қаражат шегінде

28

Бұрынғы полигонның инфрақұрылымын және металл құрылғыларының қалдықтарын бөлшектеу мен шығарудың орындылығын зерделеу, арал аумағына бөгде адамдардың баруын бақылауды ұйымдастыру

ДСМ-ге ақпарат

Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері, ІІМ

2018 жылдың 2-тоқсан

талап етілмейді

29

Техникалық қорымды құру орындылығын зерделеу және көму орнын кейіннен дезактивациялау арқылы металл сынықтарын көмуді жүргізу

ДСМ-ге ақпарат

Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері

2018 жылғы 2-тоқсан

талап етілмейді

30

Бұрынғы полигонның қолданыстағы көму орындарын қоршауды қамтамасыз ету, оларды қауіптіліктің тану белгілерімен жабдықтау

әкімнің өкімі

Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері

2018 жыл

ЖБ-да көзделген қаражат шегінде

31

Қауіпті учаскелерді күтіп-ұстауға жауапты шаруашылық субъектілерін (теңгерім ұстаушылар) айқындау

әкімнің өкімі

Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері

2019 жылғы 3-тоқсан

талап етілмейді


4. Іс-шаралар жоспарын қаржылық қамтамасыз ету

32

Осы Жоспарды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемдерін айқындау және белгіленген тәртіппен республикалық бюджетті нақтылау және қалыптастыру кезінде бюджеттік өтінімді енгізу

Қаржыминіне мемлекеттік органдардың бюджеттік өтінімдері

ДСМ, АШМ, ИДМ, АКМ, ҰҚК (келісім бойынша), ІІМ

2018 – 2020 жылдар

талап етілмейді

33

Осы Жоспарды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету туралы ақпарат ұсыну

ДСМ-ге ақпарат

ДСМ, АШМ, БҒМ, ИДМ, АКМ, СІМ, ЭМ, ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша), Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері

2018 – 2020 жылдарғы желтоқсан

талап етілмейді

34

ҚКЗИҒО базасында обаға қарсы вакцинаны, диагностикалық препараттарды өндіру бойынша жаңа кешен құрылысы туралы мәселені қарау

ҰЭМ-ге және Қаржыминіне инвестициялық ұсыныс

ДСМ

2018 жыл

талап етілмейді

      Ескертпе: *Қаржы құралдары тиісті кезеңдерге арналған бюджетті нақтылау және қалыптастыру кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен қаралатын болады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      "Қазавиақұтқару" АҚ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің "Қазавиақұтқару" акционерлік қоғамы

      АКМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      ЖБ – жергілікті бюджет

      ИДМ – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      ДСМ "ҚКЗИҒО" ШЖҚ РМК – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      АШМ "Қазгеодезия" РМҚК – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Қазгеодезия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

      ДСМ ОҚКС – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің обаға қарсы күрес станциялары

      РБ – республикалық бюджет

      СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

Об утверждении Плана мероприятий по обеспечению эпидемиологического благополучия и проведению мониторинга в казахстанской части острова Возрождения и прилегающей к Аральскому морю материковой (прибрежной) территории на 2018 - 2020 годы

Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 апреля 2018 года № 187

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый План мероприятий по обеспечению эпидемиологического благополучия и проведению мониторинга в казахстанской части острова Возрождения и прилегающей к Аральскому морю материковой (прибрежной) территории на 2018 - 2020 годы (далее - План).

      2. Центральным государственным органам и акиматам Актюбинской и Кызылординской областей, ответственным за исполнение Плана:

      1) принять необходимые меры по реализации Плана;

      2) один раз в год, не позднее 5 января, следующего за отчетным годом, представлять информацию о ходе реализации мероприятий Плана в Министерство здравоохранения Республики Казахстан.

      3. Министерству здравоохранения Республики Казахстан не позднее 20 января, следующего за отчетным годом, представлять в Правительство Республики Казахстан сводную информацию о ходе реализации мероприятий Плана.

      4. Контроль за реализацией настоящего постановления возложить на Министерство здравоохранения Республики Казахстан.

      5 Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 13 апреля 2018 года № 187

План
мероприятий по обеспечению эпидемиологического благополучия и проведению мониторинга в казахстанской части острова Возрождения и прилегающей к Аральскому морю материковой (прибрежной) территории на 2018 - 2020 годы

№ пп

Мероприятия

Форма завершения

Ответственные исполнители

Срок исполнения

Источники финансирования

1

2

3

4

5

6

1. Подготовительный и основные этапы мероприятий

1

Проведение рекогносцировочного обследования участка государственной границы Республики Казахстан с Республикой Узбекистан для определения мероприятий инженерно-технического обеспечения на территории острова Возрождения, а также изучение предполагаемого маршрута для доставки людей и товарно-материальных ценностей на остров Возрождения

протокол

КНБ (по согласованию), М3, МОН, МВД, МСХ, МИД, акиматы Кызыпординской и Актюбинской областей

1 полугодие 2018 года

в пределах предусмотренных средств РБ и МБ

2

Активизация работы по завершению демаркационных работ казахстанско-узбекского участка государственной границы

план-график демаркационных работ в районе острова Возрождения

МИД, МСХ

декабрь 2018 года

РБ*

3

Обеспечение доставки личного состава и товарно-материальных ценностей штатной авиацией для возведения инженерных заграждений на государственной границе

договор

КНБ (по согласованию), МВД, АО "Казавиаспас" МВД

2019 - 2020 годы

РБ*

4

Обеспечение взаимодействия и консультаций с зарубежными странами, направленных на получение информации по обследованию территории острова Возрождения, применявшихся патогенах, местах проведения испытаний, захоронениях, (могильниках), территориях, подвергшихся биологическому загрязнению

дипломатическая нота

МИД

2 квартал 2018 года

не требуются

5

Определение целесообразности и объема планируемых промышленных, геологоразведочных, сельскохозяйственных и иных мероприятий на острове Возрождения для определения объема и территории проведения эпидемиологического мониторинга

протокол

МИР, МЭ, МСХ, акиматы Кызылординской и Актюбинской областей

2 - 3 квартал 2018 года

не требуются

6

Разработка научно-обоснованного комплекса мероприятий по снижению биологической опасности территории острова Возрождения для хозяйственного освоения острова

научно-техническая программа

МОН, М3, МСХ, акиматы Кызылординской и Актюбинской областей

3 квартал 2018 года

не требуются

7

Проработка и принятие мер по обеспечению длительного пребывания мобильных исследовательских групп на острове Возрождения, включая вопросы доставки персонала, строительства понтонного моста, обеспечения транспортом, размещения, создания палаточного городка, доставки воды, реагентов, продуктов питания, наборов первичного выживания, создания базовой инфраструктуры

распоряжение акима

акиматы Кызылординской и Актюбинской областей, М3, МСХ, МИР, МЭ, МОН

2018-2020 годы

РБ*, в пределах предусмотренных средств МБ

8

Проведение мониторинга динамики природных очагов особо опасных и зоонозных инфекций в районах Приаралья, примыкающих к территории бывшего полигона на острове Возрождения, для выяснения происходящих в них изменений, определения существующих тенденций в динамике экстенсивности и интенсивности эпизоотических процессов разных нозологических форм

отчет

М3, МСХ, РГП на ПХВ "КНЦКЗИ" М3, Актюбинская, Араломорская и Кызылординская ПЧС М3

2018 год

РБ*

9

Оценка потенциальной опасности распространения патогенной микрофлоры с территории острова на материковый берег, определение наиболее вероятных путей ее диссеминации и уровня угрозы последующего заражения объектов внешней среды, животных и людей

отчет

М3, РГП на ПХВ "КНЦКЗИ" М3, Актюбинская, Араломорская и Кызылординская ПЧС М3

2018-2020 годы

РБ*

10

Обеспечение эпидемиологического мониторинга казахстанской части острова Возрождения на наличие особо опасных инфекций, в том числе мониторинга патогенной флоры и состояния популяции потенциальных носителей и переносчиков

отчет

М3, РГП на ПХВ "КНЦКЗИ" М3, Актюбинская, Араломорская и Кызылординская ПЧС М3

2019-2020 годы

РБ*

11

Обеспечение эпизоотологического мониторинга казахстанской части острова Возрождения и прилегающей территории, где имеется население, на наличие особо опасных инфекций среди животных

Акт эпизоотологического обследования

МСХ, акиматы Кызылординской и Актюбинской областей

2019-2020 годы

РБ*

12

По результатам проведенных мониторинга и исследований разработка предложений по обеспечению санитарно- эпидемиологического благополучия на казахстанской части острова Возрождения, с учетом его хозяйственного освоения

Аналитическая справка

М3, РГП на ПХВ "КНЦКЗИ" М3, МОН

декабрь 2020 года

не требуются

13

Мониторинг состояния окружающей среды на территории, прилегающей к острову Возрождения и материковой (прибрежной) части Аральского моря

отчет

МЭ

декабрь 2020 года

в пределах предусмотренных средств РБ

14

Проведение инвентаризации земель для установления площади и состава угодий территории острова Возрождения

акт инвентаризации земель

МСХ, МИК, акиматы Кызылординской и Актюбинской областей

декабрь 2019 года

РБ*, в пределах предусмотренных средств МБ

15

Проведение почвенных обследований земель территории острова Возрождения с целью установления их пригодности для вовлечения в хозяйственный оборот после завершения эпидемиологического мониторинга и получения положительного заключения государственной экологической экспертизы

акт экспертизы (протокол испытания)

МСХ, МИК, акиматы Кызылординской и Актюбинской областей

декабрь 2020 года

РБ*, в пределах предусмотренных средств МБ

2. Инженерно-техническое обустройство государственной границы и системы доступа

16

Обеспечение контроля в районах прибрежной территории, предупреждение несанкционированного проникновения людей на остров Возрождения и обратно

распоряжение акима

акиматы Кызылординской и Актюбинской областей, МВД

постоянно

в пределах предусмотренных средств МБ

17

Обеспечение контроля за проведением обустройства опасных участков (в случае их выявления) в соответствии с установленными требованиями законодательства Республики Казахстан

распоряжение акима

акиматы Кызылординской и Актюбинской областей, МСХ

4 квартал 2019 года

не требуются

18

Обеспечение охраны Государственной границы Республики Казахстан на острове Возрождения

приказ

КНБ (по согласованию)

2018-2020 годы

в пределах предусмотренных средств РБ

19

Принятие мер по соблюдению установленных режимов на Государственной границе Республики Казахстан в пределах острова Возрождения

распоряжение ведомства

КНБ (по согласованию)

2018-2020 годы

в пределах предусмотренных средств РБ

20

Разработка карт острова с обозначением географических координат опасных участков в случае их обнаружения

карта (карты)

РГКП "Казгеодезия" МСХ, акимат Кызылординской области

3 квартал 2019 года

РБ*

21

Представление архивных данных мониторинга и исследований территории острова Возрождения, проведенных в период 2006 - 2009 годов

информация в М3, МВД, КНБ

МОН

1 полугодие 2018 года

не требуются

22

С учетом результатов проведенных мониторингов и исследований территории острова Возрождения разработка систем доступа гражданского населения на его территорию

распоряжение акима

акиматы Кызылординской и Актюбинской областей, МВД, М3, МСХ, МОН

2 квартал 2019 года

не требуются

23

Внесение предложений по инженерно-техническому оборудованию государственной границы с Республикой Узбекистан на островной части Арала в соответствии с установленными правилами

план

КНБ (по согласованию)

2 полугодие 2018 года

не требуется

24

Осуществление мероприятий по инженерно-техническому оборудованию государственной границы с Республикой Узбекистан на казахстанской части острова Возрождения в соответствии с установленными правилами

распоряжение ведомства

КНБ (по согласованию), МИД

2019-2020 годы

РБ*

3. Организация работы на местном уровне

25

поддержание резерва дезинфекционных средств и необходимых медикаментов для оказания экстренной медицинской помощи в случае появления инфекционных заболеваний людей неясной этиологии

распоряжение акима

акиматы Кызылординской и Актюбинской областей

2018-2020 годы

в пределах предусмотренных средств МБ

26

Проведение санитарно-просветительской работы с населением по вопросам профилактики особо опасных инфекционных заболеваний

лекции, беседы, санитарные бюллетени

акиматы Кызылординской и Актюбинской областей, М3

2018-2020 годы

РБ*, в пределах предусмотренных средств МБ

27

Мониторинг деятельности организаций, осуществляющих работы, связанные с выемкой грунта на территории острова Возрождения и прилежащей к Аральскому морю материковой территории

распоряжение акима

акиматы Кызылординской и Актюбинской областей

2018 -2020 годы

в пределах предусмотренных средств МБ

28

Изучение целесообразности демонтажа и вывоза останков металлических конструкций и инфраструктуры бывшего полигона, организации контроля за посещением территории острова посторонними лицами

информация в М3

акиматы Кызылординской и Актюбинской областей, МВД

2 квартал 2018 года

не требуются

29

Изучение целесообразности создания технического могильника и произведение захоронения металлолома с последующей дезактивацией места захоронения

информация в М3

акиматы Кызылординской и Актюбинской областей

2 квартал 2018

не требуются

30

Обеспечение ограждения существующих мест захоронения бывшего полигона, оборудования их опознавательными знаками опасности

распоряжение акима

акиматы Кызылординской и Актюбинской областей

2018 год

в пределах предусмотренных средств МБ

31

Определение хозяйствующих субъектов (балансодержателей), ответственных за содержание опасных участков

распоряжение акима

акиматы Кызылординской и Актюбинской областей

3 квартал 2019 года

не требуются

4 Финансовое обеспечение Плана мероприятий

32

Определение объемов финансирования мероприятий по реализации настоящего Плана и внесение в установленном порядке бюджетной заявки при уточнении и формировании республиканского бюджета

бюджетные заявки государственных органов в МФ

М3, МСХ, МИР, МИК, КНБ (по согласованию), МВД

2018-2020 годы

не требуются

33

Представление информации о финансовом обеспечении мероприятий по реализации настоящего Плана

информация в М3

М3, МСХ, МОН, МИР, МИК, МИД, МЭ, МВД, КНБ (по согласованию), акиматы Кызылординской и Актюбинской областей

декабрь 2018- 2020 годов

не требуются

34

Рассмотрение вопроса о строительстве нового комплекса по производству противочумной вакцины, диагностических препаратов на базе КНЦКЗИ

инвестиционное предложение в МНЭ и МФ

М3

2018 год

не требуются

      Примечание: * Финансовые средства будут рассмотрены в установленном законодательством порядке при уточнении и формировании бюджета на соответствующие периоды.

      Расшифровка аббревиатур:

      АО "Казавиаспас" МВД - акционерное общество "Казавиаспас" Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан

      МИК - Министерство информации и коммуникаций Республики Казахстан

      МСХ - Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан

      МОН - Министерство образования и науки Республики Казахстан

      М3 - Министерство здравоохранения Республики Казахстан

      МБ - местный бюджет

      МИР - Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан

      МВД - Министерство внутренних дел Республики Казахстан

      РГП на ПХВ "КНЦКЗИ" М3 - республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Казахский научный центр карантинных и зоонозных инфекций имени Масгута Айкимбаева" Министерства здравоохранения Республики Казахстан

      МФ - Министерство финансов Республики Казахстан

      РГКП "Казгеодезия" МСХ - республиканское государственное казенное предприятие "Казгеодезия" Комитета по управлению земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

      ПЧС М3 - противочумные станции Комитета охраны общественного здоровья Министерства здравоохранения Республики Казахстан

      РБ - республиканский бюджет

      МИД - Министерство иностранных дел Республики Казахстан

      КНБ - Комитет национальной безопасности Республики Казахстан

      МЭ - Министерство энергетики Республики Казахстан