Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Возрождение аралының қазақстандық бөлігінде және Арал теңізіне іргелес құрлық (жағалау) аумағында эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету және мониторинг жүргізу жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Жоспардың орындалуына жауапты орталық мемлекеттік органдар және Ақтөбе мен Қызылорда облыстарының әкімдіктері:
1) Жоспарды іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;
2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі 5 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне Жоспардың іс-шараларының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі есепті жылдан кейінгі 20 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іс-шараларының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 187 қаулысымен бекітілген |
Возрождение аралының қазақстандық бөлігінде және Арал теңізінің құрлық (жағалау) аумағында эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету және мониторинг жүргізу жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шаралар | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындалу мерзімі | Қаржыландыру көздері | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
1. Іс-шаралардың дайындық және негізгі кезеңдері | ||||||
1 | Возрождение аралының аумағында инженерлік-техникалық қамтамасыз ету іс-шараларын айқындау үшін Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік шекарасы учаскесіне барлаушылық зерттеу жүргізу, сондай-ақ Возрождение аралына адамдарды және тауарлық-материалдық құндылықтарды жеткізу үшін болжанатын маршрутты зерделеу | хаттама | ҰҚК (келісім бойынша), ДСМ, БҒМ, ІІМ, АШМ, СІМ, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері | 2018 жылдың 1 жартыжылдығы | РБ-да және ЖБ-да көзделген қаражат шегінде | |
2 |
Мемлекеттік шекараның Қазақстан-Өзбек учаскесін шегендеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жұмысты жандандыру | Возрождение аралының ауданындағы шегендеу жұмыстары жоспар-кестесі | СІМ, АШМ | 2018 жылғы желтоқсан | РБ* | |
3 | Мемлекеттік шекарада инженерлік қоршаулар тұрғызу үшін жеке құрамды және тауарлық-материалдық құндылықтарды штаттық авиациямен жеткізуді қамтамасыз ету | шарт | ҰҚК (келісім бойынша), ІІМ, ІІМ "Қазавиақұтқару" АҚ | 2019 – 2020 жылдар | РБ* | |
4 | Возрождение аралының аумағын зерттеу, патогендер қолданылған, сынақ жүргізілген орындар, көму орындары (қорымдар), биологиялық ластануға ұшыраған аумақтар бойынша ақпарат алуға бағытталған шет елдермен өзара іс-қимылды және консультацияларды қамтамасыз ету | дипломатиялық нота | СІМ | 2018 жылғы 2-тоқсан | талап етілмейді | |
5 | Эпидемиологиялық мониторинг жүргізу көлемі мен аумағын айқындау үшін Возрождение аралында жоспарланатын өнеркәсіптік, геологиялық барлау, ауыл шаруашылығы және өзге де іс-шаралардың орындылығы мен көлемін айқындау | хаттама | ИДМ, ЭМ, АШМ, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері | 2018 жылғы 2-3-тоқсандар | талап етілмейді | |
6 | Аралды шаруашылық игеру үшін Возрождение аралы аумағының биологиялық қауіптілігін азайту жөніндегі іс-шаралардың ғылыми-негізделген кешенін әзірлеу | ғылыми-техникалық бағдарлама | БҒМ, ДСМ, АШМ, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері | 2018 жылғы 3-тоқсан | талап етілмейді | |
7 | Персоналды жеткізу, понтон көпірін салу, көлікпен қамтамасыз ету, шатырлы қалашықты орналастыру, құру, суды, реагенттерді, тамақ өнімдерін бастапқы тіршілік жиынтығын жеткізу, базалық инфрақұрылымды құру мәселелерін қоса алғанда, Возрождение аралында мобильді зерттеу топтарының ұзақ болуын қамтамасыз ету бойынша шараларды пысықтау және қабылдау |
әкімнің өкімі | Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері, ДСМ, АШМ, ИДМ, ЭМ, БҒМ | 2018 – 2020 жылдар |
РБ*, ЖБ-да көзделген қаражат | |
8 | Возрождение аралындағы бұрынғы полигон аумағына іргелес Арал маңы аудандарында болып жатқан өзгерістерді анықтау, әртүрлі нозологиялық нысандардағы эпизоотиялық процестердің экстенсивтілігі мен қарқындылығы серпініндегі үрдістерді анықтау үшін олардағы аса қауіпті және зооноздық инфекциялардың табиғи ошақтарының серпініне мониторинг жүргізу | есеп | ДСМ, АШМ, ДСМ "ҚКЗИҒО" ШЖҚ РМК, ДСМ Ақтөбе, Арал теңізі және Қызылорда ОҚКС | 2018 жыл | РБ* | |
9 | Патогенді микрофлораның арал аумағынан құрлық жағалауына таралуының әлеуетті қаупін бағалау, оның диссеминациясының неғұрлым ықтимал жолдарын және сыртқы орта объектілерінің, жануарлар мен адамдардың кейіннен жұқтыру қаупінің деңгейін анықтау | есеп | ДСМ, ДСМ "ҚКЗИҒО" ШЖҚ РМК, ДСМ Ақтөбе, Арал теңізі және Қызылорда ОҚКС | 2018 – 2020 жылдар | РБ* | |
10 | Возрождение аралының қазақстандық бөлігінде аса қауіпті инфекциялардың болуына эпидемиологиялық мониторингті, оның ішінде патогенді флораның және әлеуетті таратушылар мен тасымалдаушылар популяциясы жай-күйінің мониторингін қамтамасыз ету | есеп | ДСМ, ДСМ "ҚКЗИҒО" ШЖҚ РМК, ДСМ Ақтөбе, Арал теңізі және Қызылорда ОҚКС | 2019 – 2020 жылдар | РБ* | |
11 | Тұрғындар тұратын Возрождение аралының қазақстандық бөлігінде және іргелес аумақта жануарлар арасында аса қауіпті инфекциялардың болуына эпизоотологиялық мониторингті қамтамасыз ету | эпизоотологиялық зерттеу актісі | АШМ, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері | 2019 – 2020 жылдар | РБ* | |
12 | Жүргізілген мониторинг және зерттеулердің нәтижелері бойынша Возрождение аралының қазақстандық бөлігінде шаруашылықты игеруді есепке ала отырып, оның санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу | талдамалық анықтама | ДСМ, ДСМ "ҚКЗИҒО" ШЖҚ РМК, БҒМ | 2020 жылғы желтоқсан | талап етілмейді | |
13 | Возрождение аралына іргелес аумақтағы және Арал теңізінің құрлық (жағалау) бөлігіндегі қоршаған орта жағдайын мониторингілеу | есеп | ЭМ | 2020 жылғы желтоқсан | РБ-да көзделген қаражат шегінде | |
14 | Возрождение аралы аумағының пайдаланылатын жерінің ауданын және құрамын белгілеу үшін жерді түгендеуді жүргізу | жерді түгендеу актісі | АШМ, АКМ, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері | 2019 жылғы желтоқсан | РБ*, ЖБ-да көзделген қаражат шегінде | |
15 | Возрождение аралы аумағының жерлерін шаруашылық айналымға қосу үшін олардың жарамдығын анықтау мақсатында эпидемиологиялық мониторинг аяқталғаннан кейін және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң нәтижесін алғаннан кейін топырақтық зерттеулер жүргізу | сараптама актісі (сынақ хаттамасы) | АШМ, АКМ, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері | 2020 жылғы желтоқсан | РБ*, ЖБ-да көзделген қаражат шегінде | |
2. Мемлекеттік шекараны инженерлік-техникалық жарақтандыру және қолжетімділік жүйелері | ||||||
16 | Жағалау аумағы аудандарында бақылауды қамтамасыз ету, Возрождение аралына адамдардың рұқсатсыз кіріп-шығуының алдын алу | әкімнің өкімі | Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері, ІІМ | тұрақты | ЖБ-да көзделген қаражат шегінде | |
17 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес қауіпті учаскелердің (олар анықталған жағдайда) жайғастырылуын бақылауды қамтамасыз ету | әкімнің өкімі | Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері, АШМ | 2019 жылғы 4- тоқсан | талап етілмейді | |
18 | Возрождение аралында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды қамтамасыз ету | бұйрық | ҰҚК (келісім бойынша) | 2018 – 2020 жылдар | РБ-да көзделген қаражат шегінде | |
19 | Возрождение аралы шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында белгіленген режимдердің сақталуы бойынша шаралар қабылдау | ведомствоның өкімі | ҰҚК (келісім бойынша) | 2018 – 2020 жылдар | РБ-да көзделген қаражат шегінде | |
20 | Қауіпті учаскелер анықталған жағдайларда олардың географиялық координаттарын белгілей отырып, аралдың картасын әзірлеу | карта (карталар) | АШМ "Қазгеодезия" РМҚК, Қызылорда облысының әкімдігі | 2019 жылғы 3-тоқсан | РБ* | |
21 | 2006 – 2009 жылдар кезеңінде жүргізілген Возрождение аралы аумағы мониторингінің және зерттеулерінің архивтік деректерін ұсыну | ДСМ-ге, ІІМ-ге, ҰҚК-ке ақпарат | БҒМ | 2018 жылдың 1 жартыжылдығы | талап етілмейді | |
22 | Возрождение аралы аумағына жүргізілген мониторингтер мен зерттеулер нәтижелерін ескере отырып, азаматтық тұрғындардың оның аумағына қолжетімдігі жүйесін әзірлеу | әкімнің өкімі | Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері, ІІМ, ДСМ, АШМ, БҒМ | 2019 жылғы 2-тоқсан | талап етілмейді | |
23 | Белгіленген қағидаларға сәйкес Аралдың аралдық бөлігіндегі Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік шекараны инженерлік-техникалық жабдықтау бойынша ұсыныстар енгізу | жоспар | ҰҚК (келісім бойынша) | 2018 жылдың 2 жартыжылдығы | талап етілмейді | |
24 | Белгіленген қағидаларға сәйкес Возрождение аралының қазақстандық бөлігіндегі Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік шекараны инженерлік-техникалық жабдықтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру | ведомствоның өкімі | ҰҚК (келісім бойынша), СІМ | 2019 – 2020 жылдар | РБ* | |
3. Жұмысты жергілікті деңгейде ұйымдастыру | ||||||
25 | Адамдарда этиологиясы белгісіз инфекциялық аурулар пайда болған жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсету үшін дезинфекциялау құралдары және қажетті дәрі-дәрмектер қорын ұстау | әкімнің өкімі | Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері | 2018 – 2020 жылдар | ЖБ-да көзделген қаражат шегінде | |
26 | Аса қауіпті инфекциялық аурулардың профилактикасы мәселелері бойынша халықпен санитариялық сауаттандыру жұмысын жүргізу | дәрістер, әңгімелесулер, санитариялық бюллетеньдер | Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері, ДСМ | 2018 – 2020 жылдар | РБ*, ЖБ-да көзделген қаражат шегінде | |
27 | Возрождение аралының аумағында және Арал теңізіне іргелес құрлық аумағында топырақ қазумен байланысты жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін мониторингілеу | әкімнің өкімі | Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері | 2018 – 2020 жылдар | ЖБ-да көзделген қаражат шегінде | |
28 | Бұрынғы полигонның инфрақұрылымын және металл құрылғыларының қалдықтарын бөлшектеу мен шығарудың орындылығын зерделеу, арал аумағына бөгде адамдардың баруын бақылауды ұйымдастыру | ДСМ-ге ақпарат | Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері, ІІМ | 2018 жылдың 2-тоқсан | талап етілмейді | |
29 | Техникалық қорымды құру орындылығын зерделеу және көму орнын кейіннен дезактивациялау арқылы металл сынықтарын көмуді жүргізу | ДСМ-ге ақпарат | Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері | 2018 жылғы 2-тоқсан | талап етілмейді | |
30 | Бұрынғы полигонның қолданыстағы көму орындарын қоршауды қамтамасыз ету, оларды қауіптіліктің тану белгілерімен жабдықтау | әкімнің өкімі | Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері | 2018 жыл | ЖБ-да көзделген қаражат шегінде | |
31 | Қауіпті учаскелерді күтіп-ұстауға жауапты шаруашылық субъектілерін (теңгерім ұстаушылар) айқындау | әкімнің өкімі | Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері | 2019 жылғы 3-тоқсан | талап етілмейді | |
4. Іс-шаралар жоспарын қаржылық қамтамасыз ету | ||||||
32 | Осы Жоспарды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемдерін айқындау және белгіленген тәртіппен республикалық бюджетті нақтылау және қалыптастыру кезінде бюджеттік өтінімді енгізу | Қаржыминіне мемлекеттік органдардың бюджеттік өтінімдері | ДСМ, АШМ, ИДМ, АКМ, ҰҚК (келісім бойынша), ІІМ | 2018 – 2020 жылдар | талап етілмейді | |
33 | Осы Жоспарды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету туралы ақпарат ұсыну | ДСМ-ге ақпарат | ДСМ, АШМ, БҒМ, ИДМ, АКМ, СІМ, ЭМ, ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша), Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері | 2018 – 2020 жылдарғы желтоқсан | талап етілмейді | |
34 | ҚКЗИҒО базасында обаға қарсы вакцинаны, диагностикалық препараттарды өндіру бойынша жаңа кешен құрылысы туралы мәселені қарау | ҰЭМ-ге және Қаржыминіне инвестициялық ұсыныс | ДСМ | 2018 жыл | талап етілмейді |
Ескертпе: *Қаржы құралдары тиісті кезеңдерге арналған бюджетті нақтылау және қалыптастыру кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен қаралатын болады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
"Қазавиақұтқару" АҚ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің "Қазавиақұтқару" акционерлік қоғамы
АКМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
ЖБ – жергілікті бюджет
ИДМ – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
ДСМ "ҚКЗИҒО" ШЖҚ РМК – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
АШМ "Қазгеодезия" РМҚК – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Қазгеодезия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
ДСМ ОҚКС – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің обаға қарсы күрес станциялары
РБ – республикалық бюджет
СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі