"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Амантайұлы Біртановтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың директорлар кеңесінің және байқау кеңестерінің құрамдарына сайлануын қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 228 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Акционерлік қоғам:
1. "Астана медицина университеті".
Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар:
1. "С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті".
2. "Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы".
3. "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті".
4. "Қарағанды мемлекеттік медицина университеті".
5. "Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті"