Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2018 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 68-69-70, 421-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2018 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірі 4-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-1-жолмен толықтырылсын:
"
16-1 | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | МСМ | Ақпан | Қыркүйек | Қараша | С.Ж. Мұсайбеков |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |