"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2018 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 894 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 272 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2018 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 68-69-70, 421-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2018 жылға арналған жоспарында:

      реттік нөмірі 4-жол алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-1-жолмен толықтырылсын:

      "

16-1

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

МСМ

Ақпан

Қыркүйек

Қараша

С.Ж. Мұсайбеков

                                                                              ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады