Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.10.2024 № 826 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 33, 405-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамына:
Дәулет - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Еділұлы Ерғожин комитеті Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
енгізілсін;
мына:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары";
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі";
"Батырбеков - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Ерлан Ғадлетұлы технологиялар министрлігінің "Қазақстан Республикасы
Ұлттық ядролық орталығы" республикалық мемлекеттік
кәсіпорнының бас директоры (келісім бойынша)";
"Шәукенова - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Зарема Қаукенқызы министрлігі Ғылым комитетінің "Философия, саясаттану
және дінтану институты" республикалық мемлекеттік
қазынашылық кәсіпорнының директоры (келісім
бойынша)";
"Қайдарова - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Диляра Радикқызы және әлеуметтік даму министрлігі "Қазақ онкология
және радиология ғылыми-зерттеу институты"
шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорнының директоры"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары";
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі";
"Батырбеков - Қазақстан Республикасы Энергетика
Ерлан Ғадлетұлы министрлігінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық
ядролық орталығы" республикалық мемлекеттік
кәсіпорнының бас директоры";
"Шәукенова - Қазақстан Республикасы Президентінің
Зарема Қаукенқызы жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер
институтының директоры (келісім бойынша)";
"Қайдарова - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Диляра Радикқызы министрлігінің "Қазақ онкология және радиология
ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорнының директоры";
"Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамының басқарма басшысы (келісім бойынша)";
көрсетілген құрамнан А.Б. Есенжолов, А.Қ. Жұмағалиев, Ә.Ж. Ыбыраев шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б.Сағынтаев |