"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы"2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2017 жылғы 3 қарашада Ташкентте жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерде тауарлардың кедендік құнын айқындау және бақылау үшін қажетті ақпарат алмасу туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Келісімді іске асыру үшін жауапты Қазақстан Республикасының уәкілетті органы болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 371 қаулысымен бекітілген |
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерде тауарлардың кедендік құнын айқындау және бақылау үшін қажетті ақпарат алмасу туралы КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері
1994 жылғы 15 сәуірдегі Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісім ережелеріне негізделе отырып,
кедендік төлемдерді төлеуден жалтаруға қарсы іс-қимыл мақсатында ТМД қатысушы мемлекеттердің кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын тиімді бақылауды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,
тауарлардың кедендік құнын бақылауды жетілдіруге ықпал ететін ақпаратпен және мәліметтермен уақтылы алмасудың қажеттігін мойындай отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын дұрыс декларациялауды қамтамасыз ету үшін Тараптар арасындағы ынтымақтастық, жәрдем және өзара көмек осы Келісімнің мақсаттары болып табылады.
2-бап
Осы Келісімде мынадай терминдер пайдаланылады:
Тараптардың уәкілетті органдары – Тараптар айқындаған, осы Келісімді іске асыруға жауапты органдар;
ақпарат алмасудың техникалық шарттары – Тараптардың уәкілетті органдары алмасатын мәліметтердің құрылымын, форматын және құрамын, алмасу регламентін, алмасу мерзімдері мен тәсілдерін, сондай-ақ ақпаратты дайындау, беру және алу үшін жауапты тұлғаларды айқындайтын құжат;
осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің кедендік шекаралары – осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің кедендік аумақтарының шегі, ал Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумақтарының шегі.
3-бап
Осы Келісімді іске асыру мақсатында әрбір Тарап уәкілетті органды айқындайды, ол туралы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындау туралы хабарламамен депозитарийді бір мезгілде хабардар етеді.
Уәкілетті органның атауы өзгерген жағдайда тиісті Тарап 30 күн ішінде бұл туралы депозитарийді жазбаша хабардар етеді.
Депозитарий Келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтерін белгіленген тәртіппен Тараптардың уәкілетті органдары туралы хабардар етеді.
4-бап
Тараптар ұлттық заңнамаларына және өз мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес екіжақты негізде Тараптардың уәкілетті органдары арқылы тауарлардың кедендік құнын айқындау және бақылау үшін қажетті ақпаратпен алмасады.
5-бап
Осы Келісімнің шеңберінде Тараптардың уәкілетті органдары осы Келісімге қосымшаны басшылыққа ала отырып, басқа мемлекеттің кедендік аумағына тауарларды әкету кезінде рәсімделген экспорттық декларациялардың электрондық көшірмелерінің деректер базаларынан осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес мемлекеттік құпиялылықты/құпияны құрайтын мәліметтерге жататын, сондай-ақ дербес деректерге жататын ақпаратты қоспағанда, тұрақты негізде бір-біріне ақпарат ұсынады. Ақпарат алмасу осы Келісім күшіне енгеннен кейін осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің кеден органдары тіркеген экспорттық декларацияларға қатысты жүзеге асырылады.
Ақпарат алмасу өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
6-бап
Осы Келісімнің ережелерін іске асыру үшін Тараптардың уәкілетті органдары екіжақты негізде осы Келісімге қосымшаны басшылыққа ала отырып, Ақпарат алмасудың техникалық шарттарын бекітеді.
Бұл ретте осы Келісімге қосымшада көрсетілген тауарлардың кедендік құнын айқындау және бақылау үшін қажетті ақпарат алмасу үшін мәліметтер құрамы Тараптардың уәкілетті органдарының өзара келісімі бойынша толықтырылуы немесе қысқартылуы мүмкін.
Электрондық түрде ақпарат алмасу Тараптардың уәкілетті органдары арасында олардың техникалық дайындығын қамтамасыз етуден және бұл туралы бір-бірін жазбаша хабардар еткеннен кейін жүзеге асырылады.
7-бап
Тараптардың уәкілетті органдары өз мемлекеттерінің заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілері туралы ақпаратпен, сондай-ақ экспорттық декларацияны толтыру кезінде пайдаланылатын анықтамалықтармен және сыныптауыштармен және тауарлардың кедендік құнын айқындауға және бақылауға қатысты өзге де құжаттармен және мәліметтермен алмасады.
Осы Келісімнің ережелерін іске асыру кезінде Тараптардың уәкілетті органдары тауарлардың кедендік құнын айқындау және бақылау практикасын зерделеу мақсатында ынтымақтастықты жүзеге асырады.
8-бап
Осы Келісімге сәйкес Тараптардың уәкілетті органдары алған ақпарат құпия сипатқа ие, тек кедендік мақсаттарда ғана пайдаланылады. Басқа мақсаттар үшін ақпарат осы ақпаратты ұсынған Тараптың уәкілетті органының алдын ала жазбаша келісімімен ғана қолданылуы мүмкін.
Тараптардың уәкілетті органдары осы Келісімнің негізінде алынған ақпаратты соттық және әкімшілік талқылау барысында дәлелдеме ретінде пайдалана алады. Мұндай ақпаратты сот органдарында дәлелдеме ретінде қолдану және олардың дәлелдеу күші осы Келісімге қатысушы мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес айқындалады.
Осы Келісімнің шеңберінде берілетін ақпаратты алушы Тарап өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес оны қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.
9-бап
Осы Келісімнің ережелерін іске асыру мәселелері бойынша хат алмасу орыс тілінде жүргізіледі.
10-бап
Осы Келісім өзінің мемлекеті қатысушысы болып табылатын ол үшін басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
11-бап
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын, тиісті хаттамамен рәсімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.
12-бап
Осы Келісімнің ережелерін қолданумен немесе түсіндірумен байланысты даулар мен келіспеушіліктер мүдделі Тараптардың уәкілетті органдары арасындағы консультациялар және келіссөздер жолымен шешіледі.
13-бап
Осы Келісім оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауы туралы үшінші жазбаша хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Келісім депозитарий тиісті хабарламаларды алған күннен бастап 30 күн өткеннен кейін күшіне енеді.
14-бап
Осы Келісім күшіне енгеннен кейін депозитарийге қосылу туралы құжатты жіберу арқылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы кез келген мемлекеттің қосылуы үшін ашық.
Қосылушы мемлекет үшін осы Келісім депозитарий қосылу туралы құжатты алған күннен бастап 30 күн өткеннен кейін күшіне енеді.
15-бап
Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады. Тараптардың әрқайсысы өзінің одан шығу ниеті туралы шыққанға дейін 6 айдан кешіктірмей депозитарийге жазбаша хабарлама жолдау арқылы осы Келісімнен шығуға құқылы.
2017 жылғы 3 қарашада Ташкент қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа данасы ТМД Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Келісімге қол қойған әр мемлекетке расталған көшірмесін жібереді.
Әзербайжан Республикасының |
Ресей Федерациясының |
|
Тәжікстан Республикасының |
|
Түрікменстан |
|
Өзбекстан Республикасының |
| Украина Үкіметі үшін |
2017 жылғы 3 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерде тауарлардың кедендік құнын айқындау және бақылау үшін қажетті ақпарат алмасу туралы келісімге қосымша |
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерде тауарлардың кедендік құнын айқындау және бақылау үшін қажетті ақпарат алмасу үшін мәліметтердің үлгілік құрамы
Экспорттық декларацияның тіркеу нөмірі;
тауарлардың жалпы саны;
декларацияланатын тауарларға сәйкес келетін және көліктік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген жүк орындарының жалпы саны;
мәлімделген кедендік рәсімнің (режимнің) коды;
алдыңғы кедендік рәсімнің (режимнің) коды;
жөнелтуші елдің коды;
шығарылған елдің коды;
межелі елдің коды;
сатушы елдің коды;
шекарадағы және ел ішіндегі көлік құралы түрінің (болған жағдайда) коды;
шекарадағы және ел ішіндегі көлік құралының нөмірі (болған жағдайда);
сәйкестендіру және жөнелту кезінде көлік құралы тіркелген ел (болған жағдайда);
контейнерлік тасымалдау белгісі;
шарт бағасы валютасының коды;
шарт бағасы валютасының бағамы;
шарт валютасындағы шот бойынша жалпы сома;
экспорттық декларация бойынша тауардың нөмірі;
Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы бойынша тауардың коды;
экспорттық декларациядағы жүк орындары мен тауар сипаттамасы;
нетто салмағы;
брутто салмағы;
алдыңғы құжат;
тауар бағасы;
сыртқы сауда шартының нөмірі мен күні;
шот-фактура (инвойс) нөмірі мен күні;
халықаралық тауар-көліктік жүкқұжат нөмірі мен күні;
ХЖТ кітапшасының нөмірі (болған жағдайда);
қосымша өлшем бірлігінің коды;
қосымша өлшем бірлігіндегі тауардың мөлшері;
жеткізу шарттары (жеткізу базисіне сәйкес географиялық пункттің жеткізу базисі және атауы) (болған жағдайда);
тауардың статистикалық құны;
тауардың кедендік құны (болған жағдайда);
тауар шығарылған күн.