"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі" мемлекеттік мекемесінің балансынан "Қазконтент" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 446 қаулысына қосымша |
"Қазконтент" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілетін республикалық мүлік
Р/с | Мүліктің атауы | Өлшем бірлігі | Саны |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | www.assembly.kz Қазақстан халқы Ассамблеясының сайты | дана | 1 |
2. | www.ruh.kz қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі бағдарлама бойынша бірыңғай мамандандырылған веб-сайты | дана | 1 |
3. | www.webpress.kz баспа бұқаралық ақпарат құралдарының ұлттық агрегаторының порталы | дана | 1 |