Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесін және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
"Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесін және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесін және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесінде және оларға қойылатын талаптарда:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6. |
Дәрігер |
Ғылыми дәрежесінің және атағының, медицина саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен халықаралық маңызы бар ізденістерінің, халықаралық сертификаттарының болуы, сондай-ақ мамандандыруға сәйкес: |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37 және 38-жолдармен толықтырылсын:
"
25 |
Бизнес-аналитик | ВАВОК халықаралық стандартына сәйкес бағдарламаларды әзірлеуге қатысу тәжірибесінің болуы |
26 |
Жүйелік архитектор | "Java; C/C++; Python; С#; JavaScript; Ruby; РНР; Swift; Objective С бағдарламалау тілдеріндегі жүйелер, бағдарламалар және қосымшалар архитекторы" мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы |
27 | Бағдарламалық қамтылым әзірлеушісі |
"Java; C/C++; Python; С#; JavaScript; Ruby; РНР; Swift; Objective С бағдарламалау тілдерін меңгерген әзірлеуші/тестілеуші"; |
28 | Ақпараттық технологиялар (АТ) саласындағы жоба менеджері | РМР немесе РМВоК сертификациясы бар АТ саласында жұмыс тәжірибесінің болуы |
29 | Робот техникасы маманы | Robotics (роботтарды бағдарламалау және модельдеу) бағдарламасы бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы |
30 |
Дизайнер | Инфографика, виртуалды әлем дизайнері ретінде жұмыс тәжірибесінің болуы |
31 | Ақпараттық қауіпсіздік қызметкері |
ISO/IEC 27000; |
32 | Ақпараттық қауіпсіздік аудиторы |
ISO/IEC 27000; |
33 | Ақпараттық қауіпсіздіктің техникалық маманы |
CISSP (Certified Information Systems Security Professional); |
34 | Оқытушы, ғылыми қызметкер | Жоғарғы білімі мен әлемдік рейтингке кіретін жоғарғы оқу орны дипломының болуы |
35 |
Биоинформатика, молекулярлық биотехнология және биоинженерия (генетика, цитология, жануарлар мен өсімдіктер селекциясы) саласындағы маман |
Микрочипті генотиптеудің және NGS генетикалық деректерімен жұмыс істей білу; |
36 | Агроөнеркәсіптік кешеннің модельдеу жүйелерін мониторингтеу және цифрландыру саласындағы маман |
Заманауи геоақпараттық жүйелерді және әртүрлі дереккөздерден алынатын ауқымды деректерді білу. |
37 | "Агроөнеркәсіптік кешендегі ақылды техника" автоматтандыру және басқару саласындағы маман |
Мыналар: |
38 | Ауыл шаруашылығы машинасын жасау, GPS көмегімен техниканы басқару саласындағы маман |
Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды жобалау кезінде 3D модельдеуді және сандық бағдарламалық басқаруды пайдалана білу; |
".
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |