"Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесін және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 458 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесін және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

"Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесін және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

      "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесін және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесінде және оларға қойылатын талаптарда:

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6.

Дәрігер
 
 
Денсаулық сақтау саласындағы маман

Ғылыми дәрежесінің және атағының, медицина саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен халықаралық маңызы бар ізденістерінің, халықаралық сертификаттарының болуы, сондай-ақ мамандандыруға сәйкес:
анестезиология-реаниматология;
онкология;
онкогематология;
оториноларингология;
трансплантология;
фармакология және клиникалық фармакология салаласындағы диагностика мен емдеудің озық әдістерін меңгеруі.
Фармакогеномика саласындағы ғылыми дәрежесінің және атағының, медицина саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен халықаралық маңызы бар ізденістерінің, халықаралық сертификаттарының болуы, сондай-ақ фармакогенетика саласындағы фармакогеномиканың озық әдістерін меңгеруі;
Ғылыми дәрежесінің және атағының, медицина саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен халықаралық маңызы бар ізденістерінің, халықаралық сертификаттарының болуы, сондай-ақ мамандандыруға сәйкес биоинформатика саласында биомедициналық деректерді талдаудың озық әдістерін меңгеруі.
 

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37 және 38-жолдармен толықтырылсын:

      "

25

Бизнес-аналитик
 

ВАВОК халықаралық стандартына сәйкес бағдарламаларды әзірлеуге қатысу тәжірибесінің болуы

26

Жүйелік архитектор
 

"Java; C/C++; Python; С#; JavaScript; Ruby; РНР; Swift; Objective С бағдарламалау тілдеріндегі жүйелер, бағдарламалар және қосымшалар архитекторы" мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы

27

Бағдарламалық қамтылым әзірлеушісі

"Java; C/C++; Python; С#; JavaScript; Ruby; РНР; Swift; Objective С бағдарламалау тілдерін меңгерген әзірлеуші/тестілеуші";
"Artificial Intelligence, lot-решений, Blockchain, Additive technologies, BIM және басқа да технологияларды қолдана отырып, өнімдерді әзірлейтін жоғары білікті әзірлеуші" мамандықтары бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы

28

Ақпараттық технологиялар (АТ) саласындағы жоба менеджері

РМР немесе РМВоК сертификациясы бар АТ саласында жұмыс тәжірибесінің болуы

29

Робот техникасы маманы

Robotics (роботтарды бағдарламалау және модельдеу) бағдарламасы бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы

30

Дизайнер
 

Инфографика, виртуалды әлем дизайнері ретінде жұмыс тәжірибесінің болуы

31
 

Ақпараттық қауіпсіздік қызметкері

ISO/IEC 27000;
CISM (Certified Information Systems Manager); CRISC (Certified in Risk and Information Systems Control) бағдарламалары бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы

32

Ақпараттық қауіпсіздік аудиторы

ISO/IEC 27000;
CISA (Certified Information Systems Auditor) бағдарламалары бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы
 

33

Ақпараттық қауіпсіздіктің техникалық маманы

CISSP (Certified Information Systems Security Professional);
SSCP (Systems Security Certified Practitioner); Security+;
CND (Certified Network Defender);
CEH (Certified Ethical Hacker);
Әлемнің жетекші IT-компанияларының (Microsoft, Oracle, IBM, Cisco, Juniper) қауіпсіздік сертификаттары бағдарламалары бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы

34

Оқытушы, ғылыми қызметкер

Жоғарғы білімі мен әлемдік рейтингке кіретін жоғарғы оқу орны дипломының болуы

35

Биоинформатика, молекулярлық биотехнология және биоинженерия (генетика, цитология, жануарлар мен өсімдіктер селекциясы) саласындағы маман
 

Микрочипті генотиптеудің және NGS генетикалық деректерімен жұмыс істей білу;
ғылыми-зерттеу жұмысына қатысу (GWAS, тәуекелдерді бағалау, генетикалық деректер бойынша туыстық дәрежесін айқындау алгоритмдерін әзірлеу және т.б.);
бағдарламалаудың бір немесе бірнеше тілін (R, Python, C++, Java, Perl) меңгеру;
молекулярлық-генетикалық зерттеулер жүргізу (ПЦР-диагностика, толық геномдық талдаулар (NGS, Microarray), Сэнгер бойынша секвенирлеу, фрагменттік талдау және т.б.);
геномдық диагностика саласындағы білім, мультифакторлық және тұқым қуалайтын аурулар қаупін айқындау үшін генетикалық мутацияларды айқындау бойынша зертханалық генетикалық тестілердің нәтижелерін түсіндіре білу;
гендік инженерия, трансгеноз және биотехнология әдістерін меңгеру;
BLUP (Sire Model, Animal Model және т.б.) әдісі бойынша жануарлардың тұқымдық құндылығын бағалаудың, селекциялық индекстерді құрылымдаудың аралас модельдері теңдеулерін әзірлеу тәжірибесі

36

Агроөнеркәсіптік кешеннің модельдеу жүйелерін мониторингтеу және цифрландыру саласындағы маман

Заманауи геоақпараттық жүйелерді және әртүрлі дереккөздерден алынатын ауқымды деректерді білу.
Объектінің орналасқан орны, географиялық және экологиялық ерекшеліктері, рельеф пішіндері, топырақ, өсімдіктер, гидрология туралы деректерді жинау және талдау бойынша дағдылардың болуы.
Қашықтықтан басқарылатын автоматтандырылған ауыл шаруашылығы құрылымдарын құра білу

37

"Агроөнеркәсіптік кешендегі ақылды техника" автоматтандыру және басқару саласындағы маман

Мыналар:
табиғи ресурстарды, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімінің айналымын мониторингтеуді, жануарлар және өсімдіктер дүниесін қорғауды, өсіруді және пайдалануды автоматтандыру;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, табиғи ресурстарды пайдалану және қорғау саласындағы есепке алуды мониторингтеу бойынша дағдыларының болуы

38

Ауыл шаруашылығы машинасын жасау, GPS көмегімен техниканы басқару саласындағы маман

Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды жобалау кезінде 3D модельдеуді және сандық бағдарламалық басқаруды пайдалана білу;
робототехниканы қолдану;
ауыл шаруашылығы жұмыстарын орындау үшін GPS басқарумен ауыл шаруашылығы машиналарын жасау

      ".

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады