Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлігі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 169 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлігінің құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Ержанов | - |
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, |
Сыдықов | - |
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық саясат департаментінің бастығы, тең төрағаның орынбасары |
Қожахметов |
| Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ғылыми-технологиялық даму департаментінің озық технологияларды талдау және технологиялық сүйемелдеу басқармасының бас сарапшысы, жауапты хатшы; |
көрсетілген құрамнан Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев, Нұрбек Сейітқамзаұлы Құнанбаев және Ержан Төлеуханұлы Айтақов шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |