Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердiң әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлiгi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы N 169 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған:

      1) Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердiң әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң құрамы;

      2) Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердiң әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясының қазақстандық бөлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 қыркүйектегi N 952 қаулысы;

      2) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 18 қыркүйектегi N 952 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 14 маусымдағы N 642 қаулысы;

      3) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 18 қыркүйектегi N 952 қаулысына өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 22 маусымдағы N 614 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., N 26, 320-құжат).

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 наурыздағы
N 169 қаулысымен
бекiтiлген

Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымына мүше
мемлекеттердiң әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi
мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң құрамы

      Ескерту. Комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.04 N 739, 2007.04.02 N 251, 2008.04.04 N 319, 2010.12.13 N 1348; 15.10.2015 № 827; 14.09.2018 № 566; 06.08.2021 № 531 қаулыларымен.

Сәрсембаев
Әділбек Зейноллаұлы

-

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі, тең төраға

Айтақов
Ержан Төлеуханұлы

-

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық саясат департаменті бастығының орынбасары, тең төрағаның орынбасары

Сантасов
Айбек Жанарұлы

-

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаменті экономика, қорғаныстық ғылыми зерттеулер және әскери-өнеркәсіпік стандарттау басқармасының бас сарапшысы, жауапты хатшы;

     

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 наурыздағы
N 169 қаулысымен
бекiтiлген

Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымына мүше
мемлекеттердiң әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi
мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлiгi туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымының (бұдан әрi - ҰҚШҰ) Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесiнiң 2005 жылғы 23 маусымдағы шешiмiне және көрсетiлген шешiммен бекiтiлген Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымының әскери-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясы туралы ережеге (бұдан әрi - ҰҚШҰ ӘЭЫМК) сәйкес әзiрленген.

      2. Ереже Қазақстан Республикасының барлық ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттермен көп жақты ынтымақтастықты одан әрi тереңдету және жетiлдiру және әскери мақсаттағы өнiмдердi әзiрлеу мен өндiру саласындағы ықпалдастықты дамыту, сондай-ақ әскери және азаматтық мақсаттағы өнiмдердi өндiру кезiнде қосарлы мақсаттағы (қолданыстағы) технологияларды пайдалану жөнiндегi күш-жiгерiн бiрiктiру әрi үйлестiру мақсатында әзiрлендi.

      3. ҰҚШҰ-ның Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясының (бұдан әрi - Комиссия) қазақстандық бөлiгi ҰҚШҰ ӘЭЫМК-де қазақстандық тараптың атынан өкiлдiк ететiн консультациялық-кеңесшi орган болып табылады және өз қызметiнде ҰҚШҰ жарғысын, ҰҚШҰ шеңберiнде қабылданған халықаралық шарттарды және шешiмдердi, осы Ереженi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

2. Комиссияның функциялары

      4. Комиссия мынадай бағыттар бойынша көп жақты әскери-экономикалық ынтымақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған ұсынымдарды қарайды және әзiрлейдi:

      1) әскери-экономикалық ынтымақтастықтың ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;

      2) әскери мақсаттағы өнiмдер, жинақтаушы бұйымдар және қосалқы бөлшектер өндiрiсiн мамандандыруды және кооперациялауды сақтау;

      3) әскери мақсаттағы өнiмдердi, сондай-ақ оны дайындау үшiн технологиялық жабдықты дайындаудың, стандарттаудың, бiрегейлендiрудiң және қабылдаудың сапасын арттыру мәселелерiн шешуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердiң ұлттық бөлiктерiмен өзара iс-қимыл жасасу;

      4) әскери және қосарлы мақсаттағы өнiмдердi әкелу (әкету) және олардың транзитi кезiнде кеден режимдерi мен рәсiмдерiн оңайлату туралы ұсыныстарды дайындау;

      5) әскери мақсаттағы өнiмдердi әзiрлеу және жаңғырту бойынша бiрлескен ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүргiзу тәртiбi жөнiнде ұсыныстар дайындау;

      6) әскери мақсаттағы өнiмдердi әзiрлеу және өндiру барысында пайдаланылатын және/немесе алынған зияткерлiк қызмет нәтижелерiн қорғау тетiгiн әзiрлеу;

      7) әскери өндiрiс конверсиясы саласындағы ынтымақтастық мәселелерiн қарау;

      8) қосарлы мақсаттағы тауарлар мен технологиялар айналымының тетiктерiн жетiлдiру, азаматтық мақсаттағы өнiмдердi дайындау үшiн әскери мақсаттағы өнiмдер өндiрiсi саласындағы мүмкiндiктердi зерделеу және жетiстiктердi пайдалану;

      9) әскери-экономикалық ынтымақтастық мәселелерiн реттеу саласында нормативтiк құқықтық базаны жақындатуға бағытталған ұсыныстарды әзiрлеу;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасын ескере отырып, әскери мақсаттағы өнiмдердi жасау, пайдалану, жаңғырту және кәдеге жарату саласындағы нормативтiк-техникалық құжаттама алмасу және оны бiрлесiп әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау;

      11) ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердiң өнеркәсiбi кәсiпорындарының әскери мақсаттағы өнiмдердi өндiру үшiн шикiзатты, материалдар мен жинақтаушы бұйымдарды кооперациялық жеткiзуi кезiнде даулы мәселелердi реттеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу.

      5. Комиссия әскери-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi көп жақты келiсiмдердi, сондай-ақ көп жақты келiсiмдердi iске асыру мақсатында жасалатын екi жақты келiсiмдердi дайындауға қатысады.

      6. Комиссия Қазақстан Республикасы мүдделi мемлекеттiк органдарының Комиссияның функцияларын iске асыруға қатысты мәселелерi бөлiгiндегi iс-қимылдарын келiсуге ықпал етедi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттардың iске асырылуын жүйелi талдауды жүзеге асырады.

      7. Комиссия ақпараттық жүйелердi және Комиссия қызметiнiң бағыттары бойынша дерекқор құру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады.

      8. Өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн Комиссия:

      1) әскери-экономикалық ынтымақтастыққа қатысты мәселелер кешенi бойынша ұсынымдар әзiрлеуге;

      2) Комиссия қызметiнiң ұйымдастырушылық және рәсiмдiк мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға;

      3) ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердiң қарауына енгiзiлетiн және Комиссияға жүктелген функцияларды жүзеге асыруға байланысты мәселелер жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мен қалыптастыруға қатысуға;

      4) қажет болған жағдайда өз қызметiнiң бағыттары бойынша ұсыныстар әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары мен ұйымдарының өкiлдерiнен тұрақты немесе уақытша негiзде жұмыс тобын құруға, сондай-ақ конференциялар мен кеңестер шақыруға құқылы.

      Комиссияның жұмыс топтарының қызметi Комиссияның тең төрағасы айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.

3. Комиссияның құрамы

      9. Комиссияға тең төраға, тең төрағаның орынбасары, жауапты хатшы кiредi.

      Комиссияның құрамы мен ол туралы ереженi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      10. Тең төраға, тең төрағаның орынбасары және жауапты хатшы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдарының өкiлдерi ҰҚШҰ ӘЭЫМК-ның отырыстарына қатысады.

4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру

      11. Комиссияның тең төрағасы:

      1) Комиссияның жұмыс жоспары iс-шараларының орындалуын үйлестiрудi жүзеге асырады;

      2) ҰҚШҰ ӘЭЫМК кезектi отырысының алдында халықаралық әскери-экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау, күн тәртiбiнiң жобаларын келiсу және қазақстандық ұстанымды әзiрлеу мақсатында Комиссияның кеңесiн өткiзедi;

      3) ҰҚШҰ ӘЭЫМК Хатшылығымен, қорғаныс өнеркәсiбi кешенiнiң экономика мәселелерiн жүргiзетiн ҰҚШҰ-га мүше мемлекеттердiң атқарушы билiк органдарымен және Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

      4) ҰҚШҰ ӘЭЫМК органдарында Комиссияның атынан өкiлдiк етедi, халықаралық ұйымдар өткiзетiн iс-шараларға қатысады;

      5) Қазақстан Республикасының Үкiметiне ҰҚШҰ ӘЭЫМК отырысының қорытындылары бойынша есептiк ақпаратты енгiзедi;

      6) жыл сайын желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне Комиссияның қызметi туралы жылдық есептiк ақпарат және оның қызметiн жандандыру жөнiнде ұсыныстар бередi.

      12. Тең төраға жоқ болған уақытта оның функцияларын тең төрағаның орынбасары орындайды.

      13. Комиссия жыл сайын жұмыс жоспарын бекiтедi. Жұмыс жоспарына Комиссияның және оның жұмыс топтарының қарауына жататын мәселелер енгiзiледi.

      14. Комиссияның жауапты хатшысы қызметтi ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етудi, ҰҚШҰ-ның жарғылық органдарында және Қазақстан Республикасының Үкiметiнде қарауға арналған Комиссия мен ҰҚШҰ ӘЭЫМК құжаттарының ресiмделуi мен уақтылы өтуiн жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады