Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 29, 327-құжат):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі штат санының лимиті оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемені ескере отырып, 575 бірлік болып бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің адам санын ескере отырып штат санының лимиті осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) қызмет бабында пайдалану үшін.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 585 қаулысы қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекеменің адам санын ескере отырып штат санының лимиті
Атауы | Штат санының лимиті |
1 | 2 |
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесі оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемені ескере отырып, оның ішінде: | 575 |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі: | 318 |