Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері" туралы 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі туралы" 2004 жылғы 7 қазандағы № 1042 қбпү қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 585 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 29, 327-құжат):

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі штат санының лимиті оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемені ескере отырып, 575 бірлік болып бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің адам санын ескере отырып штат санының лимиті осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) қызмет бабында пайдалану үшін.

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 585 қаулысы
қосымша
 
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 993 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекеменің адам санын ескере отырып штат санының лимиті

Атауы

Штат санының лимиті

1

2

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесі оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемені ескере отырып, оның ішінде:

575

Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі:

318

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады