Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатын бөлу және пайдалану қағидалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 211 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатын пайдалану қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 32-1, 32-2, 32-3, 32-4-тармақтармен толықтырылсын:
"32-1. Егер квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды іске асыру барысында іс-шараларды, техникалық-технологиялық шешімдерді толықтыруға және (немесе) өзгертуге, тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерін төмендетуге, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайтуға алып келетін бюджеттiк инвестициялардың белгiленген қаржы-экономикалық параметрлерiн өзгерту қажеттiгi туындаса, ХҚҰ-мен келісу бойынша Ұлттық қор мен республикалық бюджеттен көзделген қаражат шегінде бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін түзету осы Қағидалардың 32-2 және
32-3-тармақтарында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
32-2. Бірінші кезең:
1) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін түзету бойынша инвестициялық ұсынысты әзірлеуі және оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға мынадай құжаттар топтамасымен ұсынуы:
Бюджеттік инвестициялар жөніндегі қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салыстырма кесте қоса беріле отырып, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстардың ұлғаюына әкелетін бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінің іс-шараларына,
техникалық-технологиялық шешімдеріне болжанатын толықтырулар және (немесе) өзгерістер, жағдаяттары мен себептері көрсетілген өтінім-хат;
бұрын оң экономикалық қорытынды алынған бюджеттік инвестицияларды бекiту туралы жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бұйрығының көшірмесі;
бұрын ұсынылған бюджеттік инвестицияларға берілген мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органның экономикалық қорытындысының көшірмесі;
сараптамалар қорытындылары мен бекітілген бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінің көшірмелері;
мемлекеттік сатып алуды жүргізудің нәтижесінде үнемделген соманы (үнемдеу болған жағдайда) көрсете отырып, бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін, оның ішінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуден бастап құрылыс қызметін болжайтын жобалар бойынша іс-шараларды іске асыру шеңберінде жасалған шарттар туралы ақпарат;
іске асыру басталғаннан бастап әрбір жыл үшін бюджеттен бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесі іс-шараларын қаржыландыру бойынша ақпарат (бұл ақпаратта әрбір жылдың жоспарлы және нақты мәндері туралы мәлімет, игерілмеу болған жағдайда, оның себептері көрсетіле отырып беріледі);
қымбаттауға әкелетін себептер (мердігерлердің жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін шартта көрсетілген бағаны (сметаны) өсіру қажеттігі туралы уақтылы ескерткендігін растайтын хаттарының көшірмелерін қоса бере отырып) туралы мәліметтер;
олардың кінәсінен қымбаттау орын алған ұйымдар не жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтер, сондай-ақ осындай ұйымға не жеке тұлғаға қатысты қабылданған шаралар;
тиісті жергілікті атқарушы органның салалық қорытындысы, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобалардың құнын ұлғайтудың негізділігі мен анықтығын растайтын қорытынды;
"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, егер жоба бойынша қаржыландыру басталған болса, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуы тұрғысынан, сондай-ақ бұзушылықтардың болмауы туралы, бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін іске асыру шеңберінде бөлінген барлық бюджет қаражатын қамтитын ескіру мерзімі құжаттар ұсынылған күннен бастап 6 (алты) айдан аспайтын мерзімді құрайтын, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның актісі;
бекітілген бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінде көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу не қол жеткізбеу туралы, оның ішінде қол жеткізбеу себептерін көрсете отырып, бөлінген бюджет қаражатын толық игерген кездегі ақпарат;
құжаттарды ұсынған күннен бастап 1 (бір) ай бұрын түсірілген объектінің нақты жай-күйі туралы толық көрініс беретін фото немесе бейнетүсірілім материалдары;
2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттар топтамасын қарауы және бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін түзету бойынша инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды дайындауы;
3) бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін түзету бойынша инвестициялық ұсынысқа оң экономикалық қорытынды дайындаған жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның осы экономикалық қорытындыны бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін түзетудің орындылығын айқындау жөніндегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті бюджет комиссиясының (бұдан әрі – тиісті бюджет комиссиясы) қарауына енгізуі;
4) тиісті бюджет комиссиясының оң шешімін алған кезде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесіне тиісті түзетулерді кейіннен "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және Бюджеттік инвестициялар жөніндегі қағидаларға сәйкес ведомстводан тыс кешенді (егер жобада обьектілердің құрылысы болжанса), экономикалық және салалық сараптамаларды жүргізе отырып енгізеді. Түзетуге жататын бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінің параметрлері ХҚҰ-мен және тиісті орталық мемлекеттік органмен келісіледі.
32-3. Екінші кезең:
1) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік инвестициялардың түзетілген қаржы-экономикалық негіздемесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік инвестицияларға экономикалық қорытынды дайындау үшін ұсынуы;
2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің тиісті орталық мемлекеттік органға мемлекеттік органның бірінші басшысы – жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің не оны алмастыратын адамның не квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі әрбір жоба бойынша жеке уәкілетті тұлға, мемлекеттік органның бірінші басшысы – жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолы қойылған мынадай құжаттар топтамасын ұсынуы:
Бюджеттік инвестициялар жөніндегі қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салыстырма кесте қоса беріле отырып, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстардың ұлғаюына әкелетін бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінің іс-шараларына, техникалық-технологиялық шешімдеріне болжанатын толықтырулар және (немесе) өзгерістер, жағдаяттары мен себептері көрсетілген өтінім-хат;
бұрын оң экономикалық қорытынды алынған бюджеттік инвестицияларды бекiту туралы жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бұйрығының көшірмесі;
бұрын ұсынылған бюджеттік инвестицияларға берілген мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органның экономикалық қорытындысының көшірмесі;
сараптамалар қорытындылары мен бекітілген бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінің көшірмелері;
бюджеттік инвестициялардың түзетiлген қаржы-экономикалық негіздемесі;
мемлекеттік сатып алуды жүргізудің нәтижесінде үнемделген соманы (үнемдеу болған жағдайда) көрсете отырып, бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін, оның ішінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуден бастап құрылыс қызметін болжайтын жобалар бойынша іс-шараларды іске асыру шеңберінде жасалған шарттар туралы ақпарат;
іске асыру басталғаннан бастап әрбір жыл үшін бюджеттен бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесі іс-шараларын қаржыландыру бойынша ақпарат (бұл ақпаратта әрбір жылдың жоспарлы және нақты мәндері туралы мәліметтер, игерілмеу болған жағдайда, оның себептері көрсетіле отырып беріледі);
қымбаттауға әкелетін себептер (мердігерлердің жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін шартта көрсетілген бағаны (сметаны) өсіру қажеттігі туралы уақтылы ескерткендігін растайтын хаттарының көшірмелерін қоса бере отырып) туралы мәліметтер;
олардың кінәсінен қымбаттау орын алған ұйымдар не жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтер, сондай-ақ осындай ұйымға не жеке тұлғаға қатысты қабылданған шаралар;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның түзетілген қаржы-экономикалық негіздеме бойынша бюджеттік инвестицияларға экономикалық қорытындысы;
тиісті жергілікті атқарушы органның салалық қорытындысы, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобалардың құнын ұлғайтудың негізділігі мен анықтығын растайтын қорытынды;
бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінде көрсетілген іс-шараларды іске асыруды аяқтау үшін қажет болатын болжамды қосымша бюджет шығыстарының негіздемесі;
"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, егер жоба бойынша қаржыландыру басталған болса, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуы тұрғысынан, сондай-ақ бұзушылықтардың болмауы туралы, бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін іске асыру шеңберінде бөлінген барлық бюджет қаражатын қамтитын ескіру мерзімі құжаттар ұсынылған күннен бастап 6 (алты) айдан аспайтын мерзімді құрайтын, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның актісі;
тиісті бюджет комиссиясының бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін түзетудің орындылығы туралы шешімінің көшірмесі;
бекітілген бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінде көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу не қол жеткізбеу туралы, оның ішінде қол жеткізбеу себептерін көрсете отырып, бөлінген бюджет қаражатын толық игерген кездегі ақпарат;
құжаттарды ұсынған күннен бастап 1 (бір) ай бұрын түсірілген объектінің нақты жай-күйі туралы толық көрініс беретін фото немесе бейнетүсірілім материалдары;
3) тиісті орталық мемлекеттік органның осы тармақтың
2) тармақшасында көзделген құжаттар топтамасын қарауы және оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға РБК-ға шығару үшін енгізуі;
4) РБК-ның бюджеттік инвестициялардың түзетілген қаржы-экономикалық негіздемесі бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаны қаржыландырудың орындылығы туралы оң шешімін алған жағдайда жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік инвестициялардың түзетілген қаржы-экономикалық негіздемесін бекітуі.
32-4. Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесі түзетілген кезде, қажет болған жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен және ХҚҰ-мен бірлесіп, үшжақты келісімге тартылатын қарыз қаражатының пропорциясын түзету және республикалық және жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыру бөлігінде өзгерістер енгізеді.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |