Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатын бөлу және пайдалану қағидалары туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 211 қаулысы.


      "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатын 2017 жылға бөлу;

      2) Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатын пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 20 сәуірдегі
№ 211 қаулысымен
бекітілген

Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатын 2017 жылға бөлу

      Ескерту. Қаражаттарды бөлу жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2017 № 752 қаулысымен.

Р/с

Жобаның атауы

Қаржыландыру көлемі, мың теңге

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі

Халықара
лық қаржы ұйымы

1

2

3

4

5

1. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға

1.

"Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру" жобасының 2-фазасы (ИДЖЖ-2)

610010

АШМ

ДБ

2. Бағдарламалық жобаларды іске асыруға

1.

Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру

446529

Еңбекмині

ДБ

2.

Қазақстанда шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру

29668

ҰЭМ

ДБ

3.

Өнімді инновацияларды ынталандыру

1497872

БҒМ

ДБ

3. Техникалық көмек іс-шараларын іске асыруға

1.

Шағын бизнесті қолдау бағдарламасының шеңберінде "Бизнестегі әйелдер" кіші бағдарламасын іске асыру

1976143

ҰЭМ

ЕҚДБ

2.

Қазақстан Республикасында ЕҚДБ-ның шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі бағдарламасын іске асыру

1592436

ҰЭМ

ЕҚДБ

4. Үшжақты келісімдердің шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды іске асыру үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға арналған нысаналы даму трансферттері

Қостанай облысы

1614227



1.
 

Қостанай қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйесін жаңғырту

575912
 

ИДМ
 

ЕҚДБ
 

2.

Қостанай қаласының жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту

571209

ИДМ

ЕҚДБ

467106

ЭМ

ЕҚДБ

Жамбыл облысы

175000



3.

Тараз қаласының сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту

175000

ИДМ

ЕҚДБ

Ақтөбе облысы

520049



4.

Ақтөбе қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйесін жаңғырту

520049

ИДМ

ЕҚДБ

Қызылорда облысы

545402



5.

Қызылорда қаласында сумен жабдықтау және су бұру жүйесін салу және реконструкциялау

545402

ИДМ

ЕҚДБ

Шығыс Қазақстан облысы

926692



6.

Семей қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйесін жаңғырту

350028

ИДМ

ЕҚДБ

7.

Өскемен қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйесін жаңғырту

576664

ИДМ

ЕҚДБ

5. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды іске асыру үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға

1.

Ақтөбе, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының су шаруашылығы және гидромелиоративтік жүйелерін реконструкциялау

538687

АШМ

ЕҚДБ

2.

Ирригация мен дренажды қалпына келтіру

30000

АШМ

ИДБ

Жиыны

10739215




      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:


      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;

      ДБ – Дүниежүзілік банк;

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

      ЕҚДБ – Еуропа қайта құру және даму банкі;

      ИДБ – Ислам даму банкі;

      ИДМ – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 20 сәуірдегі
№ 211 қаулысымен
бекітілген

Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатын пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әріптестік туралы негіздемелік келісімдер – Қазақстан Республикасының Үкіметі жасаған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдарының арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдер;

      2) бағдарламалық жоба – институционалдық дамуға бағытталған, сондай-ақ республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру шеңберінде бюджеттік қолдау ретінде сыртқы қарыздар қаражаты есебінен іске асырылатын іс-шаралар жиынтығы;

      3) бюджеттік инвестициялық жоба – жаңа объектілерді құруға (салуға) не қолда бар объектілерді реконструкциялауға, сондай-ақ белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей бюджет қаражаты есебінен іске асыратын ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған және аяқталған сипаттағы іс-шаралар жиынтығы;

      4) бюджеттік инвестициялық жоба бойынша экономикалық қорытынды – бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне экономикалық сараптаманың қорытындысы негізінде дайындалған мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық орындылығы, оның ел экономикасына ықпалы мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкес келуі тұрғысынан қорытындысы;

      5) грант – донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына беретін өтеусіз қаржылық немесе техникалық көмегі;

      6) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобалары – әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қарыз беру есебінен іске асыру жоспарланған жобалар;

      7) мандат-хат – әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде келісілген шарттармен жобаны іске асыру үшін кредиттік және (немесе) гранттық қаржыландыруды ұсыну мүмкіндігі туралы халықаралық қаржы ұйымының ниет білдіру хаты;

      8) Үйлестіру кеңесі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 632 қаулысына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесі;

      9) үкіметтік қарыз жобалары – әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарыз беру есебінен іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестициялық және бағдарламалық жобалар;

      10) үшжақты келісімдер – негіздемелік келісімдер шеңберінде нысаналы даму трансферттері мен жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландырылатын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне берілетін қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдармен және халықаралық қаржы ұйымдарымен республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшілері жасасатын келісімдер;

      11) халықаралық қаржы ұйымы (бұдан әрі – ХҚҰ) – Қазақстан Республикасының Үкіметіне сыртқы қарыз және/немесе грант түрінде, заңды тұлғаларға қарыз және (немесе) кредит, кредиттік желілер, грант, техникалық көмек түрінде қаржылық немесе техникалық көмек көрсетуді жүзеге асыратын халықаралық қаржы ұйымы.

      3. Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген нысаналы трансферт қаражатын пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдарының арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру шеңберінде Қазақстанды дамыту жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасында көзделген жобаларды іске асыру үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне қаражат бөлу жолымен жүзеге асырылады.

      4. Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт қаражаты 073 "Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету" деген бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша (бұдан әрі – бөлінетін бюджеттік бағдарлама) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделеді.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі – бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісі) болып табылады.

      5. Бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша қаржыландыру мынадай:

      1) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі – БИЖ ТЭН) әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге;

      2) ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламалары шеңберінде үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобаларын дайындауға және сүйемелдеуге;

      3) бағдарламалық жобаларды іске асыруға;

      4) БИЖ іске асыруға;

      5) техникалық көмек көрсету іс-шараларын іске асыруға;

      6) үшжақты келісімдердің шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды іске асыру үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға арналған нысаналы даму трансферттері түрінде;

      6-1) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды іске асыру үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға;

      7) ХҚҰ-ны тарту арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті (бұдан әрі – МЖӘ), оның ішінде концессиялық жобаларды дайындауға арналған бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.11.2017 № 752 қаулысымен.

      6. ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 614 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Техникалық ынтымақтастық бағдарламасына қатысты техникалық ынтымақтастық шоты туралы келісім шеңберінде іске асырылатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің арасындағы Техникалық ынтымақтастық бағдарламасын; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 желтоқсандағы № 1285 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі техникалық ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде іске асырылатын Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 605 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Білім мен тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы қол қойылған меморандум шеңберінде іске асырылатын Азия Даму Банкімен бірігіп тәжірибе мен білім алмасу бағдарламасын қамтиды.

      7. Әзірленуін, сүйемелденуін және іске асырылуын бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен қаржыландыру және/немесе қоса қаржыландыру жоспарланған барлық жобалардың іске асыру орындылығын айқындау үшін олар Үйлестіру кеңесінің мақұлдауына шығаруға жатады.

      8. Жоба бойынша ХҚҰ-дан мандат-хаттың және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 84-ө өкіміне сәйкес құрылған жұмыс тобының оң қорытындысының болуы жобаны Үйлестіру кеңесінің мақұлдауына шығаруға негіз болып табылады.

      9. ХҚҰ толығымен немесе ішінара қаржыландыратын мемлекеттік, оның ішінде өңірлік және/немесе қалалық және (немесе) жеке секторлардың ұйымдары үшін тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және/немесе қызметтер көрсетуге арналған кез келген шарттар бойынша сатып алулар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше қағидалар белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

2-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бөлінетін нысаналы трансферт қаражатын пайдалану және бөлу тәртібі

      10. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт қаражатын бөлу үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері (бұдан әрі – ББӘ) бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісіне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттік өтінім жібереді.

      11. Бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісі осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт қаражаты есебінен іске асыру жоспарланатын жобалардың тізбесін қалыптастырады және оны кейіннен Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі – РБК) қарауына шығару үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      12. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатын ББӘ арасында тиісті қаржы жылына бөлу РБК ұсыныс негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітіледі.

      13. Үкіметтік сыртқы қарыз алынған жағдайда, Қазақстан Республикасы ХҚҰ-мен қарыз туралы келісім жасасады.

      Грант тартылған жағдайда, техникалық ынтымақтастық шоты туралы келісім жасалады.

      Квазимемлекеттік сектор субъектілері қарыз тартқан жағдайда, үшжақты келісімдер жасалады.

      Үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобаларын іске асыру үшін қажетті келісімдердің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де түрлерін жасасуға жол беріледі.

      14. Үшжақты келісімге және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген келісімдердің өзге де түрлеріне қол қойылғаннан кейін республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері 5 (бес) күн мерзімде қол қойылған келісімнің көшірмесін бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісіне жолдайды.

      15. Ақша қаражатын алғаннан кейін ББӘ БИЖ ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді, ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламалары шеңберінде үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобаларын дайындауды және сүйемелдеуді немесе әзірлеуді, техникалық көмек іс-шараларын іске асыруды және ХҚҰ-ны МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындауға тартуды қамтамасыз етеді.

      16. Бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша бөлінген бюджет қаражаты қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайларда, ББӘ бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылмаған бөлігін тиісті бюджетті соңғы нақтылағанға дейін қайтаруды қамтамасыз етеді.

      Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына кейіннен өзгерістер енгізумен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бөлінетін бюджеттік бағдарламаны бөлу туралы қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде бөлінетін бюджеттік бағдарламаны қайта қалпына келтіру арқылы пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған бюджет қаражатын қайтару жүзеге асырылады.

3-тарау. Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыруға арналған қаражатты пайдалану және бөлу тәртібі

      17. БИЖ ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру үшін ХҚҰ-дан мандат-хаттың болуы міндетті болып табылады.

      ХҚҰ-дан мандат-хат пен мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытындының болуы БИЖ ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру шығыстарын жоспарлау үшін негіз болып табылады.

      18. БИЖ ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыруға ББӘ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісіне бюджеттік өтінімдер береді.

      19. Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытындының, ББӘ қаржыландыруға арналған бюджеттік өтінімінің және техникалық тапсырманың негізінде бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісі бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражаты есебінен іске асыру жоспарланған жобалардың тізбесін қалыптастырады және оларды осы Қағидалардың 11-тармағында айқындалған тәртіппен РБК қарауына шығарады.

4-тарау. ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламалары шеңберінде үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобаларын дайындау мен сүйемелдеуді қаржыландыруға арналған қаражатты пайдалану тәртібі

      20. ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламалары шеңберінде жоспарланған үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобаларын дайындау және сүйемелдеу – бұл техникалық-экономикалық зерттеуді әзірлеу; ХҚҰ айқындайтын тәртіппен тендерлік рәсімдер жүргізу бойынша консультациялық көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар.

      21. Ынтымақтастық бағдарламалары есебінен іске асыру жоспарланатын үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобаларын дайындау мен сүйемелдеуді қаржыландыру үшін ХҚҰ-ның мандат-хаты, мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытынды және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бағдарламалық құжатқа экономикалық қорытындысы негіз болып табылады.

      22. ХҚҰ мен мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламаларының шеңберінде дайындалуы мен сүйемелденуі қаржыландырылатын үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобаларын Үйлестіру кеңесі мақұлдайды және олар ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламаларына сәйкес іске асырылады.

      23. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт қаражатын бөлу үшін бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісі дайындалуы мен сүйемелденуі Үйлестіру кеңесінде мақұлданған ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламаларының шеңберінде қаржыландырылатын жобалардың тізбесін қалыптастырады және оларды осы Қағидалардың 11-тармағында айқындалған тәртіппен РБК қарауына жібереді.

      24. Жоба бойынша көрсетілетін қызметтердің негізділігін есептеу ХҚҰ рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      25. ББӘ ХҚҰ-мен ынтымақтастық туралы келісімдерде көзделген тәртіппен ХҚҰ-ның банктік шотына аудару жолымен ақша қаражатын ХҚҰ-ға береді.

      Банктік шотқа аударылатын барлық қаражат аударымдары ХҚҰ-ның ББӘ төлем тапсырмасын ұсынуы бойынша жүргізіледі.

      ХҚҰ-мен ынтымақтастық туралы келісімінің ережелеріне сәйкес ХҚҰ шоттың басқарушысы және оған билік етуші болады.

5-тарау. БИЖ, бағдарламалық жобаларды және техникалық көмек көрсету іс-шараларын іске асыруға арналған бағыттар бойынша қаражатты пайдалану және бөлу тәртібі

      26. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ББӘ үкіметтік қарыз жобаларын және техникалық көмек көрсету іс-шараларын қоса қаржыландыруға арналған бюджеттік өтінімдерін бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне ұсынады.

      27. Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бөлінетін бюджеттік бағдарлама шеңберінде қоса қаржыландыруға жататын жобалардың тізбесін қалыптастырады және оны осы Қағидалардың 11-тармағында айқындалған тәртіппен РБК қарауына жібереді.

6-тарау. Үшжақты келісімдер шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды іске асыру үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға нысаналы даму трансферттері түрінде бөлінетін қаражатты пайдалану және бөлу тәртібі

      28. Үшжақты келісімдер шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды (бұдан әрі – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобалар) қоса қаржыландыру үшжақты келісімге қол қойылғаннан кейін жүзеге асырылады.

      29. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларында (бұдан әрі – Бюджеттік инвестициялар жөніндегі қағидаларда) белгіленген тәртіппен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобалар бойынша қажетті құжаттаманы әзірлейді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға жібереді.

      30. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Бюджеттік инвестициялар жөніндегі қағидаларға сәйкес бюджеттік инвестициялар бөлінісінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларын қарайды және экономикалық қорытынды дайындайды.

      31. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі:

      1) объектілер бөлінісінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобалар тізбесі бар бюджеттік өтінімді және олар бойынша шығыстар сомасын;

      2) жергілікті мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарды;

      3) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын жергілікті бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелерін;

      4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органның жергілікті мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарға экономикалық қорытындыларын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытындыларын;

      5) тиісті жергілікті атқарушы органның салалық қорытындысын;

      6) ТЭН және ТЭН-ге кешенді ведомстволықтан тыс сараптаманың қорытындысын (бар болған жағдайда);

      7) жобалау-сметалық құжаттаманы және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстволықтан тыс кешенді сараптаманың қорытындысын (бар болған жағдайда) тиісті орталық мемлекеттік органға ұсынады.

      32. Тиісті ББӘ осы Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығын қоса, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды қоса қаржыландыруға арналған бюджеттік өтінімді бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісіне жолдайды.

      32-1. Егер квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды іске асыру барысында іс-шараларды, техникалық-технологиялық шешімдерді толықтыруға және (немесе) өзгертуге, тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерін төмендетуге, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайтуға алып келетін бюджеттiк инвестициялардың белгiленген қаржы-экономикалық параметрлерiн өзгерту қажеттiгi туындаса, ХҚҰ-мен келісу бойынша Ұлттық қор мен республикалық бюджеттен көзделген қаражат шегінде бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін түзету осы Қағидалардың 32-2 және 32-3-тармақтарында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

      Ескерту. Қағида 32-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 25.09.2018 № 591 қаулысымен.

      32-2. Бірінші кезең:

      1) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін түзету бойынша инвестициялық ұсынысты әзірлеуі және оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға мынадай құжаттар топтамасымен ұсынуы:

      Бюджеттік инвестициялар жөніндегі қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салыстырма кесте қоса беріле отырып, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстардың ұлғаюына әкелетін бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінің іс-шараларына, техникалық-технологиялық шешімдеріне болжанатын толықтырулар және (немесе) өзгерістер, жағдаяттары мен себептері көрсетілген өтінім-хат;

      бұрын оң экономикалық қорытынды алынған бюджеттік инвестицияларды бекiту туралы жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бұйрығының көшірмесі;

      бұрын ұсынылған бюджеттік инвестицияларға берілген мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органның экономикалық қорытындысының көшірмесі;

      сараптамалар қорытындылары мен бекітілген бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінің көшірмелері;

      мемлекеттік сатып алуды жүргізудің нәтижесінде үнемделген соманы (үнемдеу болған жағдайда) көрсете отырып, бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін, оның ішінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуден бастап құрылыс қызметін болжайтын жобалар бойынша іс-шараларды іске асыру шеңберінде жасалған шарттар туралы ақпарат;

      іске асыру басталғаннан бастап әрбір жыл үшін бюджеттен бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесі іс-шараларын қаржыландыру бойынша ақпарат (бұл ақпаратта әрбір жылдың жоспарлы және нақты мәндері туралы мәлімет, игерілмеу болған жағдайда, оның себептері көрсетіле отырып беріледі);

      қымбаттауға әкелетін себептер (мердігерлердің жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін шартта көрсетілген бағаны (сметаны) өсіру қажеттігі туралы уақтылы ескерткендігін растайтын хаттарының көшірмелерін қоса бере отырып) туралы мәліметтер;

      олардың кінәсінен қымбаттау орын алған ұйымдар не жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтер, сондай-ақ осындай ұйымға не жеке тұлғаға қатысты қабылданған шаралар;

      тиісті жергілікті атқарушы органның салалық қорытындысы, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобалардың құнын ұлғайтудың негізділігі мен анықтығын растайтын қорытынды;

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, егер жоба бойынша қаржыландыру басталған болса, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуы тұрғысынан, сондай-ақ бұзушылықтардың болмауы туралы, бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін іске асыру шеңберінде бөлінген барлық бюджет қаражатын қамтитын ескіру мерзімі құжаттар ұсынылған күннен бастап 6 (алты) айдан аспайтын мерзімді құрайтын, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның актісі;

      бекітілген бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінде көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу не қол жеткізбеу туралы, оның ішінде қол жеткізбеу себептерін көрсете отырып, бөлінген бюджет қаражатын толық игерген кездегі ақпарат;

      құжаттарды ұсынған күннен бастап 1 (бір) ай бұрын түсірілген объектінің нақты жай-күйі туралы толық көрініс беретін фото немесе бейнетүсірілім материалдары;

      2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттар топтамасын қарауы және бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін түзету бойынша инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды дайындауы;

      3) бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін түзету бойынша инвестициялық ұсынысқа оң экономикалық қорытынды дайындаған жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның осы экономикалық қорытындыны бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін түзетудің орындылығын айқындау жөніндегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті бюджет комиссиясының (бұдан әрі – тиісті бюджет комиссиясы) қарауына енгізуі;

      4) тиісті бюджет комиссиясының оң шешімін алған кезде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесіне тиісті түзетулерді кейіннен "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және Бюджеттік инвестициялар жөніндегі қағидаларға сәйкес ведомстводан тыс кешенді (егер жобада обьектілердің құрылысы болжанса), экономикалық және салалық сараптамаларды жүргізе отырып енгізеді. Түзетуге жататын бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінің параметрлері ХҚҰ-мен және тиісті орталық мемлекеттік органмен келісіледі.

      Ескерту. Қағида 32-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 25.09.2018 № 591 қаулысымен.

      32-3. Екінші кезең:

      1) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік инвестициялардың түзетілген қаржы-экономикалық негіздемесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік инвестицияларға экономикалық қорытынды дайындау үшін ұсынуы;

      2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің тиісті орталық мемлекеттік органға мемлекеттік органның бірінші басшысы – жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің не оны алмастыратын адамның не квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі әрбір жоба бойынша жеке уәкілетті тұлға, мемлекеттік органның бірінші басшысы – жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолы қойылған мынадай құжаттар топтамасын ұсынуы:

      Бюджеттік инвестициялар жөніндегі қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салыстырма кесте қоса беріле отырып, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстардың ұлғаюына әкелетін бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінің іс-шараларына, техникалық-технологиялық шешімдеріне болжанатын толықтырулар және (немесе) өзгерістер, жағдаяттары мен себептері көрсетілген өтінім-хат;

      бұрын оң экономикалық қорытынды алынған бюджеттік инвестицияларды бекiту туралы жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бұйрығының көшірмесі;

      бұрын ұсынылған бюджеттік инвестицияларға берілген мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органның экономикалық қорытындысының көшірмесі;

      сараптамалар қорытындылары мен бекітілген бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінің көшірмелері;

      бюджеттік инвестициялардың түзетiлген қаржы-экономикалық негіздемесі;

      мемлекеттік сатып алуды жүргізудің нәтижесінде үнемделген соманы (үнемдеу болған жағдайда) көрсете отырып, бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін, оның ішінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуден бастап құрылыс қызметін болжайтын жобалар бойынша іс-шараларды іске асыру шеңберінде жасалған шарттар туралы ақпарат;

      іске асыру басталғаннан бастап әрбір жыл үшін бюджеттен бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесі іс-шараларын қаржыландыру бойынша ақпарат (бұл ақпаратта әрбір жылдың жоспарлы және нақты мәндері туралы мәліметтер, игерілмеу болған жағдайда, оның себептері көрсетіле отырып беріледі);

      қымбаттауға әкелетін себептер (мердігерлердің жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін шартта көрсетілген бағаны (сметаны) өсіру қажеттігі туралы уақтылы ескерткендігін растайтын хаттарының көшірмелерін қоса бере отырып) туралы мәліметтер;

      олардың кінәсінен қымбаттау орын алған ұйымдар не жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтер, сондай-ақ осындай ұйымға не жеке тұлғаға қатысты қабылданған шаралар;

      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның түзетілген қаржы-экономикалық негіздеме бойынша бюджеттік инвестицияларға экономикалық қорытындысы;

      тиісті жергілікті атқарушы органның салалық қорытындысы, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобалардың құнын ұлғайтудың негізділігі мен анықтығын растайтын қорытынды;

      бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінде көрсетілген іс-шараларды іске асыруды аяқтау үшін қажет болатын болжамды қосымша бюджет шығыстарының негіздемесі;

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, егер жоба бойынша қаржыландыру басталған болса, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуы тұрғысынан, сондай-ақ бұзушылықтардың болмауы туралы, бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін іске асыру шеңберінде бөлінген барлық бюджет қаражатын қамтитын ескіру мерзімі құжаттар ұсынылған күннен бастап 6 (алты) айдан аспайтын мерзімді құрайтын, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның актісі;

      тиісті бюджет комиссиясының бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін түзетудің орындылығы туралы шешімінің көшірмесі;

      бекітілген бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінде көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу не қол жеткізбеу туралы, оның ішінде қол жеткізбеу себептерін көрсете отырып, бөлінген бюджет қаражатын толық игерген кездегі ақпарат;

      құжаттарды ұсынған күннен бастап 1 (бір) ай бұрын түсірілген объектінің нақты жай-күйі туралы толық көрініс беретін фото немесе бейнетүсірілім материалдары;

      3) тиісті орталық мемлекеттік органның осы тармақтың

      2) тармақшасында көзделген құжаттар топтамасын қарауы және оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға РБК-ға шығару үшін енгізуі;

      4) РБК-ның бюджеттік инвестициялардың түзетілген қаржы-экономикалық негіздемесі бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаны қаржыландырудың орындылығы туралы оң шешімін алған жағдайда жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік инвестициялардың түзетілген қаржы-экономикалық негіздемесін бекітуі.

      Ескерту. Қағида 32-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 25.09.2018 № 591 қаулысымен.

      32-4. Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесі түзетілген кезде, қажет болған жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен және ХҚҰ-мен бірлесіп, үшжақты келісімге тартылатын қарыз қаражатының пропорциясын түзету және республикалық және жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыру бөлігінде өзгерістер енгізеді.

      Ескерту. Қағида 32-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 25.09.2018 № 591 қаулысымен.

      33. Бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобалар тізбесін қалыптастырады және осы Қағидалардың 11-тармағында айқындалған тәртіппен РБК қарауына шығарады.

6-1-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды іске асыру үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға бөлінетін қаражатты пайдалану және бөлу тәртібі

      Ескерту. Қағидалар 6-1-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 17.11.2017 № 752 қаулысымен.

      33-1. Тиісті ББӘ Бюджеттік инвестициялар жөніндегі қағидаларда белгіленген тәртіппен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобалар бойынша қажетті құжаттаманы әзірлейді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.

      33-2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Бюджеттік инвестициялар жөніндегі қағидаларға сәйкес бюджеттік инвестициялар бөлінісінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі ББӘ жобаларын қарайды және экономикалық қорытынды дайындайды.

      33-3. Тиісті ББӘ бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісіне:

      1) объектілер бөлінісінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобалар тізбесі бар бюджеттік өтінімді және олар бойынша шығыстар сомасын;

      2) мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарды;

      3) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелерін;

      4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарға экономикалық қорытындыларын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытындыларын;

      5) тиісті орталық мемлекеттік органның салалық қорытындысын;

      6) ТЭН және ТЭН-ге кешенді ведомстволықтан тыс сараптаманың қорытындысын (бар болған жағдайда);

      7) жобалау-сметалық құжаттаманы және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстволықтан тыс кешенді сараптаманың қорытындысын (бар болған жағдайда) ұсынады.

      33-4. Бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобалар тізбесін қалыптастырады және осы Қағидалардың 11-тармағында айқындалған тәртіппен РБК қарауына шығарады.

7-тарау. ХҚҰ тарту арқылы МЖӘ, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындауға арналған қаражатты пайдалану және бөлу тәртібі

      34. ХҚҰ тарту арқылы МЖӘ, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындау МЖЭ, оның ішінде концессиялық ұсыныстарды немесе жобаның тұжырымдамаларын, конкурстық құжаттамаларды, МЖӘ шарттарының жобаларын немесе концессия шарттарының жобаларын не олардың жекелеген бөліктерін әзірлеуді, тиісті конкурстық өтінімде ұсынылған концессиялық өтінімдерді тәуелсіз бағалауды, конкурсқа қатысушымен келіссөз процесінде консультациялық қызметтер көрсетуді қамтитын концессиялық жобаларды дайындау бойынша көрсетілетін қызметтерді білдіреді.

      35. ХҚҰ-дан мандат-хат пен мемлекеттік инвестициялық жобаның (концессиялық жобаны әзірлеу кезінде) инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытынды МЖӘ жобаларын, соның ішінде концессиялық жобаларды дайындауды қаржыландыру үшін негіз болып табылады.

      36. ХҚҰ-ның МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындауды жүзеге асыруы кезіндегі міндетті шарты, МЖӘ жобаларын, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган айқындаған концессиялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаны тарту болып табылады.

      37. Республикалық МЖӘ жобаларды, оның ішінде концессиялық жобалары дайындауды қаржыландыру ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражатын ББӘ арасында бөлу есебінен жүзеге асырылады.

      38. Жергілікті МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындауды қаржыландыру бөлінетін бюджеттік бағдарлама шеңберінде ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен жүргізіледі.

      39. МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындау үш кезеңде жүзеге асырылады:

      1) МЖӘ жобасының тұжырымдамаларын немесе концессиялық ұсыныстарын әзірлеу және іріктеу;

      2) МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың қажетті сараптамаларын жүргізу;

      3) жекешелік әріптестікті немесе концессионерді таңдау бойынша конкурстық рәсімдер және МЖӘ шартын немесе концессия шартын жасасу.

      40. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жергілікті МЖӘ жобалары, оның ішінде дайындауды қажет ететін концессиялық жобалар бойынша ұсыныстар әзірлейді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға жібереді.

      41. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті МЖӘ жобалары, оның ішінде дайындауды қажет ететін концессиялық жобалар бойынша ұсыныстарды қарайды және тиісті орталық мемлекеттік органға жібереді.

      42. ББӘ жергілікті МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындауды қаржыландыруға арналған жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өтінімдерін ескере отырып, бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісіне жолдайды.

      43. Республикалық МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобалар бойынша ББӘ МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындауды қаржыландыруға арналған бюджеттік өтінімді бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісіне жолдайды.

      44. Жергілікті және республикалық МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындауды қаржыландыруға арналған бюджеттік өтінім осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес жасалады және мынадай негізгі мәліметтерді қамтиды:

      1) МЖӘ жобасының немесе концессиялық жобаның атауы;

      2) бюджет қаражатын алушы туралы ақпарат;

      3) көрсетілетін қызмет түрлері және олардың құны;

      4) мемлекеттік инвестициялық жобаның (концессиялық жобаны дайындау кезінде) инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытындының нөмірі мен күні.

      МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру болған жағдайда, ХҚҰ тарапынан қоса қаржыландырудың көлемін және қоса қаржыландыруға жататын қызмет түрлерін көрсету қажет.

      Бюджеттік өтінімге:

      1) мынадай негізгі мәліметтер:

      көрсетілетін қызметтерді тартудың мақсаты мен міндеттері;

      қызметтер көрсетудің мерзімдері;

      қызметтер көрсетудің тікелей нәтижелерінің көрсеткіштері (индикаторлары) көрсетілуге тиіс қызметтер көрсету жөніндегі техникалық тапсырманың жобасы;

      2) көрсетілетін қызметтердің мәлімделген жалпы құнының негіздемесі қоса беріледі.

      Көрсетілетін қызметтердің негізділігін есептеу ХҚҰ беретін бағаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      45. Бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісі МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындау бойынша жобалар тізбесін қалыптастырады және осы Қағидалардың 11-тармағында айқындалған тәртіппен оны РБК қарауына шығарады.

8-тарау. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептілік беру тәртібі

      46. ББӘ бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісіне іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы есепті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін ұсынады.

      Есепке орталық мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оның бірінші басшысының орынбасары қол қояды.

      Бюджеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы есеп:

      1) бекітілген жоспарға/кестеге сәйкес іс-шаралардың нақты орындалғаны туралы (нәтижелерге қол жеткізілу сатылары);

      2) нәтижелерге қол жеткізілмеген жағдайда, қол жеткізілмеу себептері туралы;

      3) қаржыландыру көздерінің бөлінісінде бекітілген жоспарға/кестеге сәйкес бөлінген қаражаттың есепті кезең ішінде игерілуі туралы;

      4) қаржыландыру көздерінің бөлінісінде жоба іске асырыла бастағаннан бері бөлінген қаражаттың игерілуі туралы ақпаратты қамтуы тиіс;

      5) жоба бойынша қаражатты игеру жоспарынан/кестесінен кешіккен жағдайда, олардың себептері, сондай-ақ ұсынылатын шешу жолдары көрсетіледі.

  Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының
  орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт қаражатын пайдалану қағидаларына
  қосымша
 
  Нысан

МЖӘ, соның ішінде концессиялық жобаларды дайындау бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыруға арналған бюджеттік өтінім

1.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының немесе концессиялық жобаның атауы


2.

Бюджет қаражатын алушы


3.

Көрсетілетін қызметтердің түрлері мен олардың құны


4.

Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытындының нөмірі мен күні (концессиялық жобаны әзірлеу кезде)


5.

Халықаралық қаржы ұйымы тарапынан жобаны қоса қаржыландырудың болуы:
құны;
қаржыландыруға жататын көрсетілетін қызметтердің түрлері.


6.

Мемлекеттік органдағы байланысқа шығатын адамдар



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады