"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 қазандағы № 613 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 19, 183-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидалары бекітілсін.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) іріктеу комиссиясы - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі - Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар) әскери бөлімдерінде (мемлекеттік мекемелерінде) құрылатын, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін азаматтарды іріктеу жөніндегі комиссия;";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жоғары қолбасшылығының Президенттік резерві (бұдан әрі - Президенттік резерв) - Қарулы Күштер жоғары қолбасшылығының лауазымдарына ұсыну үшін осы Қағидаларда белгіленген ерекше іріктеу тәртібінен өткен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері (бұдан әрі - Қарулы Күштер) әскери қызметшілерінің тізімі.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Қағидаларға сәйкес Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда келісімшарт бойынша ерікті тәртіппен немесе әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткереді.";

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылатын әскери бөлімнің немесе бөлімшенің      тұрақты орналасу пунктін өзгерткен, сондай-ақ әскери бөлімнің тұрақты орналасу пунктіне қарамастан, тең әскери лауазымға тағайындалған кезде әскери қызметшіні ауыстыру оның келісімінсіз оған уәкілетті органның бірінші басшысы осындай құқық берген командирдің (бастықтың) шешімімен жүргізіледі.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Арнаулы атақтары, сыныптық шендері немесе біліктілік сыныптары бар құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің ауысу тәртібінде Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскери қызметке кіруі қызметкерлер Заңның 38-бабында айқындалған талаптарға сәйкес келген кезде Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша жүргізіледі.";

      81-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "81. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған жағдайларда мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде атқаратын әскери лауазымынан босатылмай және ақшалай үлесі сақтала отырып, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының қарамағына іссапарға жіберілуі мүмкін.";

      103 және 104-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "103. Мамандығы бойынша даярлығы жоғары әрі жұмыс тәжірибесі мол және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында мемлекеттік басшылық лауазымдарын атқаратын, Қазақстан Республикасының өкілді органдарына сайланған (тағайындалған), олар үшін Қарулы "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскерге шақырудан жұмылдыру бойынша броньдау көзделген запастағы офицерлерге запас бойынша кезекті әскери атақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі белгілеген тәртіппен әскери жиындардан өтуіне қарамастан берілуі мүмкін.

      104. Мамандығы бойынша даярлығы жоғары әрі жұмыс тәжірибесі мол және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында мемлекеттік басшылық лауазымдарын атқаратын, Қазақстан Республикасының өкілді органдарына сайланған (тағайындалған), олар үшін Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскерге шақырудан жұмылдыру бойынша броньдау көзделген адамдарды қоспағанда, . запастағы офицерлерге "запастағы полковник" кезекті әскери атағы соғыс жағдайы енгізілген кезде осы Қағидаларға сәйкес беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 30-1-тараумен толықтырылсын:

      "30-1-тарау. Президенттік резерв

      152-1. Президенттік резервті Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кадр бөлімшесі қалыптастырады және Жоғары аттестаттау комиссиясы қарайды.

      152-2. Президенттік резервті бекітуді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы жүзеге асырады.

      152-3. Президенттік резервті қалыптастыру Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін іріктеудің, оған қабылдау және шығару материалдарын дайындаудың ерекше тәртібін айқындайды.

      Президенттік резервті қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне жүктеледі.

      Президенттік резерв Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымын қоспағанда, Қарулы Күштердің бос жоғары қолбасшылық лауазымдарына орналасуға кандидаттарға қажеттіліктерді ескере отырып, жыл сайын қалыптастырылады.

      Президенттік резерв:

      1) болжанатын лауазымға орналастыру үшін көзделген, әскери қызмет мерзімі, кәсіби даярлық деңгейі бойынша талаптарды қамтитын біліктілік талаптарына сәйкес келетін;

      2) материалдар ұсынылған сәтте тәртіптік жазалары жоқ Қарулы Күштердің әскери қызметшілер қатарынан қалыптастырылады.

      Біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Президенттік резервке мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға барған (жіберілген) Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін ұсынуы мүмкін.

      152-4. Президенттік резервке қабылдау үшін кандидаттарды іріктеу Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің жеке және іскерлік қасиеттерін, олардың қызметінің нәтижелерін зерделеу және бағалау және Жоғары аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде жүргізіледі.

      Жыл сайын 1 қазанға дейін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне мынадай материалдарды:

      1) әскери қызметшінің іскерлік және жеке қасиеттері көрсетілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің ұсынымын;

      2) белгіленген нысандағы фотосуреті бар әскери қызмет өткеру туралы мәліметтерді (қызметтік тізімді);

      3) әскери қызметшінің арнайы тексеруден өткені туралы мәліметтерді қоса бере отырып, Президенттік резервке қабылдау үшін ұсынылған Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің тізімдерін жолдайды.

      152-5. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қарулы Күштер әскери қызметшілерін Президенттік резервке қабылдауға ұсынымдарды қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) Президенттік резервке қабылдансын;

      2) Президенттік резервке қабылдаудан бас тартылсын.

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кадр бөлімшесі Президенттік резервтің бекітілген тізімінен үзіндіні алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қарулы Күштер әскери қызметшілерін олардың Президенттік резервке қабылданғаны немесе оған қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабардар етеді.

      Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің Президенттік резервте болу мерзімі үш жылдан аспауға тиіс. Президенттік резервке қабылданған, бірақ онда болған кезеңде жоғары тұрған бос лауазымдарға тағайындалмаған әскери қызметшілер жалпы негіздерде қайта қабылдануы мүмкін.

      152-6. Қарулы Күштер әскери қызметшісін Президенттік резервтен шығару:

      1) қасақана құқық бұзғаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жауаптылыққа тартылған;

      2) қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылған, лауазымы немесе әскери атағы төмендетілген;

      3) Президенттік резервтен шығару туралы баяндат берген;

      4) әскери қызметтен шығарылған жағдайларда жүргізіледі.

      152-7. Осы Қағидалардың 152-6-тармағының 2) тармақшасы негізінде Президенттік резервтен шығарылған Қарулы Күштердің әскери қызметшілері осы Қағидаларға сәйкес оны шығару үшін негіз болған мән-жайлар жойылғаннан кейін бір жылдан ерте емес Президенттік резервке қабылдануы мүмкін.".

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 25 мая 2006 года № 124 "Об утверждении Правил прохождения воинской службы в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 октября 2018 года № 613

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 25 мая 2006 года № 124 "Об утверждении Правил прохождения воинской службы в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях Республики Казахстан"

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 25 мая 2006 года № 124 "Об утверждении Правил прохождения воинской службы в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях Республики Казахстан"

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 25 мая 2006 года № 124 "Об утверждении Правил прохождения воинской службы в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 19, ст. 183) следующие изменения и дополнения:

      в наименование внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункте 1 внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в Правилах прохождения воинской службы в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях Республики Казахстан, утвержденных вышеназванным Указом:

      подпункт 1) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "1) отборочная комиссия - комиссия, создаваемая в воинских частях (государственных учреждениях) Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан (далее - Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования) по отбору граждан, поступающих на воинскую службу по контракту;";

      пункт 2 дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:

      "1-1) Президентский резерв высшего командования Вооруженных Сил Республики Казахстан (далее - Президентский резерв) - список военнослужащих Вооруженных Сил Республики Казахстан (далее - Вооруженные Силы), прошедших особый порядок отбора, установленный настоящими Правилами, для выдвижения на должности высшего командования Вооруженных Сил;";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Граждане Республики Казахстан проходят воинскую службу в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях по контракту в добровольном порядке или по призыву в соответствии с настоящими Правилами с учетом особенностей, установленных законодательством Республики Казахстан.";

      пункт 69 изложить в следующей редакции:

      "69. Перемещение военнослужащего при изменении пункта постоянной дислокации воинской части или подразделения, осуществляемом в соответствии с программами развития Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований, а также назначении на равную воинскую должность независимо от пункта постоянной дислокации воинской части производится без его согласия решением командира (начальника), которому предоставлено данное право первым руководителем уполномоченного органа.";

      пункт 71 изложить в следующей редакции:

      "71. Поступление на воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования в порядке перевода сотрудников правоохранительных и специальных государственных органов, имеющих специальные звания, классные чины или квалификационные классы, производится по согласованию с первыми руководителями Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований, правоохранительных и специальных государственных органов, при соответствии сотрудников требованиям, определенным статьей 38 Закона.";

      абзац первый пункта 81 изложить в следующей редакции:

      "81. Военнослужащие Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований в интересах обеспечения обороны и безопасности государства в случаях, определенных Президентом Республики Казахстан, могут быть откомандированы в распоряжение Руководителя Администрации Президента Республики Казахстан без освобождения от занимаемой воинской должности и с сохранением денежного довольствия.";

      пункты 103 и 104 изложить в следующей редакции:

      "103. Офицерам запаса с высокой подготовкой и большим опытом работы по специальности и занимающим руководящие государственные должности в государственных органах Республики Казахстан, избранным (назначенным) в представительные органы Республики Казахстан, для которых предусмотрено бронирование по мобилизации от призыва в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования, очередное воинское звание по запасу может быть присвоено вне зависимости от прохождения воинских сборов в порядке, установленном Министром обороны Республики Казахстан.

      104. Офицерам запаса, за исключением лиц, имеющих высокую подготовку и большой опыт работы по специальности и занимающих руководящие государственные должности в государственных органах Республики Казахстан, избранных (назначенных) в представительные органы Республики Казахстан, для которых предусмотрено бронирование по мобилизации от призыва в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования - очередное воинское звание "полковник запаса" присваивается в соответствии с настоящими Правилами при введении военного положения.";

      дополнить главой 30-1 следующего содержания:

      "Глава 30-1. Президентский резерв

      152-1. Президентский резерв формируется кадровым подразделением Министерства обороны Республики Казахстан и рассматривается Высшей аттестационной комиссией.

      152-2. Утверждение Президентского резерва осуществляется Руководителем Администрации Президента Республики Казахстан по представлению Министра обороны Республики Казахстан.

      152-3. Формирование Президентского резерва определяет особый порядок отбора военнослужащих Вооруженных Сил, подготовки материалов, зачисления и исключения из него.

      Организация работы по формированию Президентского резерва возлагается на Министерство обороны Республики Казахстан.

      Президентский резерв формируется ежегодно с учетом потребности в кандидатах на занятие вакантных должностей высшего командования Вооруженных Сил, за исключением должности Министра обороны Республики Казахстан.

      Президентский резерв формируется из числа военнослужащих Вооруженных Сил:

      1) соответствующих квалификационным требованиям, включающим требования по сроку воинской службы, уровню профессиональной подготовки, предусмотренным к замещению по предполагаемой должности;

      2) не имеющих дисциплинарных взысканий на момент представления материалов.

      При соответствии квалификационным требованиям Министром обороны Республики Казахстан в Президентский резерв могут быть рекомендованы военнослужащие Вооруженных Сил, прикомандированные (откомандированные) к государственным органам и международным организациям.

      152-4. Отбор кандидатов для зачисления в Президентский резерв производится на основе изучения и оценки личных и деловых качеств военнослужащих Вооруженных Сил, результатов их служебной деятельности и решения Высшей аттестационной комиссии.

      Ежегодно до 1 октября Министерство обороны Республики Казахстан направляет в Администрацию Президента Республики Казахстан списки военнослужащих Вооруженных Сил, рекомендованных для зачисления в Президентский резерв, с приложением следующих материалов:

      1) представление Министра обороны Республики Казахстан с указанием деловых и личных качеств военнослужащего;

      2) сведения о прохождении воинской службы (послужной список) с фотографией установленной формы;

      3) сведения о прохождении военнослужащим специальной проверки.

      152-5. По результатам рассмотрения представлений к зачислению в Президентский резерв военнослужащих Вооруженных Сил Руководителем Администрации Президента Республики Казахстан принимается одно из следующих решений:

      1) зачислить в Президентский резерв;

      2) отказать в зачислении в Президентский резерв.

      Кадровое подразделение Министерства обороны Республики Казахстан в течение десяти рабочих дней со дня получения выписки из утвержденного списка Президентского резерва уведомляет военнослужащих Вооруженных Сил о зачислении их в Президентский резерв или отказе в зачислении.

      Срок пребывания военнослужащих Вооруженных Сил в Президентском резерве не должен превышать трех лет. Военнослужащие, зачисленные в Президентский резерв, но не назначенные в период пребывания в нем на вышестоящие вакантные должности, могут быть вновь зачислены на общих основаниях.

      152-6. Исключение военнослужащего Вооруженных Сил из Президентского резерва производится в случаях:

      1) привлечения в судебном порядке к административной ответственности за умышленное правонарушение;

      2) наложения дисциплинарного взыскания в виде предупреждения о неполном служебном соответствии, снижения в должности или воинском званий;

      3) подачи рапорта об исключении из Президентского резерва;

      4) увольнения с воинской службы.

      152-7. Военнослужащие Вооруженных Сил, исключенные из Президентского резерва на основании подпункта 2) пункта 152-6 настоящих Правил, могут быть зачислены в Президентский резерв не ранее чем через один год после того, как устранены обстоятельства, послужившие основанием для его исключения, согласно настоящих Правил.".

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Президент
Республики Казахстан
Н.Назарбаев