Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2018 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 68-69-70, 421-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2018 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірлері 11, 12-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 15-2, 15-3-жолдармен толықтырылсын:
"
15-2 | Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі | Әділетмині, ЖС (келісім бойынша) | Сәуір | Маусым | Желтоқсан | Н.В. Пан, А.Қ. Қыдырбаева |
15-3 | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Әділетмині, ЖС (келісім бойынша) | Сәуір | Маусым | Желтоқсан | Н.В. Пан, А.Қ. Қыдырбаева |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |