2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына, "2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "ҚДБ-Лизинг" акционерлік қоғамы арқылы жолаушылар вагондары паркін жаңартуды қаржыландыру үшін "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамына кейіннен кредит бере отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамымен кредиттік шарт жасасуды;
2) кредит берудің негізгі және қосымша шарттарының орындалуын бақылауды;
3) бюджеттік кредиттің нысаналы және тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оған қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингтеуді қамтамасыз етсін.
3. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы (келісім бойынша) тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктеріне бюджеттік кредиттің игерілуі туралы ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 692 қаулысымен бекітілген |
"ҚДБ-Лизинг" акционерлік қоғамы арқылы жолаушылар вагондары паркін жаңартуды қаржыландыру үшін "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамына кейіннен кредит бере отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары
1. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қарыз алушы) кредит беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
1) кредит мөлшері 219 "ҚДБ-Лизинг" АҚ арқылы жолаушылар вагондары паркін жаңартуын қаржыландыру үшін "Қазақстан Даму Банкі" АҚ-ға кейіннен кредит бере отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша "2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген 12 537 182 000 (он екі миллиард бес жүз отыз жеті миллион бір жүз сексен екі мың) теңгені құрайды;
2) кредит қарыз алушыға мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында 20 (жиырма) жыл мерзімге жылдық 0,05 %-ға тең сыйақы мөлшерлемесі бойынша теңгемен беріледі;
3) республикалық бюджеттен кредит бөлу қарыз алушының шотына кредиттің бүкіл сомасын біржолғы аудару жолымен жүзеге асырылады;
4) игеру кезеңі қарыз алушының шотына кредит аударылған күннен бастап 2 (екі) жылды құрайды;
5) кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жылына 1 (бір) рет жүзеге асырылады (есептелген сыйақының алғашқы төлемі қарыз алушының шотына кредит қаражаты аударылған күннен бастап 1 (бір) жыл өткен соң жүргізіледі);
6) кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы 6 (алты) жылды құрайтын жеңілдік кезеңі өткеннен кейін 2024 жылдан бастап тең үлестермен жүзеге асырады;
7) бюджеттік кредит берудің мақсаты қарыз алушының "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының жолаушылар вагондары паркін жаңартуды қаржыландыру үшін 20 (жиырма) жыл мерзімге жылдық 0,1 % сыйақы мөлшерлемесімен "ҚДБ-Лизинг" акционерлік қоғамына кейіннен кредит беру үшін жылдық 0,08 % сыйақы мөлшерлемесімен "Қазақстан даму банкі" акционерлік қоғамына кейіннен кредит беру болып табылады.
2. Кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету бойынша қосымша шарттар Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.