"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 692 қаулысы.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына, "2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "ҚДБ-Лизинг" акционерлік қоғамы арқылы жолаушылар вагондары паркін жаңартуды қаржыландыру үшін "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамына кейіннен кредит бере отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамымен кредиттік шарт жасасуды;

      2) кредит берудің негізгі және қосымша шарттарының орындалуын бақылауды;

      3) бюджеттік кредиттің нысаналы және тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оған қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингтеуді қамтамасыз етсін.

      3. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы (келісім бойынша) тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктеріне бюджеттік кредиттің игерілуі туралы ақпарат берсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 692 қаулысымен
бекітілген

"ҚДБ-Лизинг" акционерлік қоғамы арқылы жолаушылар вагондары паркін жаңартуды қаржыландыру үшін "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамына кейіннен кредит бере отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары

      1. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қарыз алушы) кредит беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:

      1) кредит мөлшері 219 "ҚДБ-Лизинг" АҚ арқылы жолаушылар вагондары паркін жаңартуын қаржыландыру үшін "Қазақстан Даму Банкі" АҚ-ға кейіннен кредит бере отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша "2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген 12 537 182 000 (он екі миллиард бес жүз отыз жеті миллион бір жүз сексен екі мың) теңгені құрайды;

      2) кредит қарыз алушыға мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында 20 (жиырма) жыл мерзімге жылдық 0,05 %-ға тең сыйақы мөлшерлемесі бойынша теңгемен беріледі;

      3) республикалық бюджеттен кредит бөлу қарыз алушының шотына кредиттің бүкіл сомасын біржолғы аудару жолымен жүзеге асырылады;

      4) игеру кезеңі қарыз алушының шотына кредит аударылған күннен бастап 2 (екі) жылды құрайды;

      5) кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жылына 1 (бір) рет жүзеге асырылады (есептелген сыйақының алғашқы төлемі қарыз алушының шотына кредит қаражаты аударылған күннен бастап 1 (бір) жыл өткен соң жүргізіледі);

      6) кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы 6 (алты) жылды құрайтын жеңілдік кезеңі өткеннен кейін 2024 жылдан бастап тең үлестермен жүзеге асырады;

      7) бюджеттік кредит берудің мақсаты қарыз алушының "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының жолаушылар вагондары паркін жаңартуды қаржыландыру үшін 20 (жиырма) жыл мерзімге жылдық 0,1 % сыйақы мөлшерлемесімен "ҚДБ-Лизинг" акционерлік қоғамына кейіннен кредит беру үшін жылдық 0,08 % сыйақы мөлшерлемесімен "Қазақстан даму банкі" акционерлік қоғамына кейіннен кредит беру болып табылады.

      2. Кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету бойынша қосымша шарттар Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.

Об утверждении основных условий бюджетного кредитования акционерного общества "Национальный управляющий холдинг "Байтерек"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2018 года № 692.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 180 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, Законом Республики Казахстан от 30 ноября 2017 года "О республиканском бюджете на 2018 - 2020 годы" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые основные условия бюджетного кредитования акционерного общества "Национальный управляющий холдинг "Байтерек" с последующим кредитованием акционерного общества "Банк Развития Казахстана" для финансирования обновления парка пассажирских вагонов через акционерное общество "БРК-Лизинг".

      2. Министерствам финансов, по инвестициям и развитию Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) заключение кредитного договора с акционерным обществом "Национальный управляющий холдинг "Байтерек";

      2) контроль за выполнением основных и дополнительных условий кредитования;

      3) контроль и мониторинг целевого и эффективного использования, своевременного погашения и обслуживания бюджетного кредита.

      3. Акционерному обществу "Национальный управляющий холдинг "Байтерек" (по согласованию) ежеквартально, не позднее 10-го числа месяца, следующего за отчетным периодом, представлять информацию об освоении бюджетного кредита в министерства финансов, по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б.Сагинтаев

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 29 октября 2018 года № 692

Основные условия бюджетного кредитования акционерного общества "Национальный управляющий холдинг "Байтерек" с последующим кредитованием акционерного общества "Банк Развития Казахстана" для финансирования обновления парка пассажирских вагонов через акционерное общество "БРК-Лизинг"

      1. Для предоставления кредита акционерному обществу "Национальный управляющий холдинг "Байтерек" (далее – заемщик) устанавливаются следующие основные условия:

      1) размер кредита составляет 12537182000 (двенадцать миллиардов пятьсот тридцать семь миллионов сто восемьдесят две тысячи) тенге, предусмотренный Законом Республики Казахстан от 30 ноября 2017 года "О республиканском бюджете на 2018 – 2020 годы" по бюджетной программе 219 "Кредитование АО "Национальный управляющий холдинг "Байтерек" с последующим кредитованием АО "Банк Развития Казахстана" для финансирования обновления парка пассажирских вагонов через АО "БРК-Лизинг";

      2) кредит предоставляется заемщику в тенге на условиях срочности, платности и возвратности сроком на 20 (двадцать) лет по ставке вознаграждения, равной 0,05 % годовых;

      3) выделение кредита из республиканского бюджета осуществляется путем единовременного перечисления всей суммы кредита на счет заемщика;

      4) период освоения составляет 2 (два) года со дня перечисления кредита на счет заемщика;

      5) выплата начисленного вознаграждения по кредиту осуществляется 1 (один) раз в год (первая выплата начисленного вознаграждения производится по истечении 1 (одного) года со дня перечисления средств кредита на счет заемщика);

      6) погашение основного долга по кредиту осуществляется заемщиком равными долями с 2024 года по истечении льготного периода, который составляет 6 (шесть) лет;

      7) целью предоставления бюджетного кредита является последующее кредитование заемщиком акционерного общества "Банк Развития Казахстана" со ставкой вознаграждения 0,08 % годовых для последующего кредитования акционерного общества "БРК-Лизинг" со ставкой вознаграждения 0,1 % годовых со сроком на 20 (двадцать) лет для финансирования обновления парка пассажирских вагонов акционерного общества "Пассажирские перевозки".

      2. Дополнительные условия по предоставлению, погашению и обслуживанию кредитов устанавливаются в кредитных договорах в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.